Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / 100 дана ғашықтық хаты

100 дана ғашықтық хаты

100 дана ғашықтық хаты

Бір жігіт сұлу қызға құлай ғашық болып, шын жүрегімен ғашықтық хатын жаза бастапты. Көп өтпей, бойжеткеннің жауап хаты да келіпті. Алайда, конвертті ашқанда онда ештеңе жазылмағанын көрген жігіт екінші хатын да жіберіпті. Бұл жолы да аппақ қағаз қолына тиіпті. «Ол ештеңе жазбағанымен, маған хат жолдады ғой. Мені ұнатпаса, бүйтпес еді» деген сеніммен хат жолдауын тоқтатпапты. Қыз да жігіттің әр хатына баяғыдай іші бос конвертті жолдай беріпті. Осылайша, арада бір жыл өтеді.

Ақыры жігіттің жолдаған хаты 99 данаға жетіпті. Шын мәнісінде, ол өзінің неше хат жолдағанын білмейтін еді. Бір жыл бойы бос конверт жолдаған қыздан да бұрынғыдай конверт келіпті. «Бұл да бос конверт болар» деп ойлаған жігіт ашып көрместен, суырмасына сала салады. Сол бойы үмітін біржола үзеді де, өзге бақыт іздеуге көшіпті. Арада тағы бір жыл өткен соң, ол өзге арумен бас құрап, шаңырақ көтереді. Ұзақ өтпей, үйін тазалап жүрген келіншек суырмадағы бос конверттерді көреді. Бәрін мұқият бір-бірлеп ашқан келіншектің қолына ең соңғы конверттің ішіндегі хат түседі. «Сүйіктім, тойға киер көйлегімді әзірлеп қойдым. Әу баста-ақ сенен жүз хат алуға бел байлап едім. Құдайға шүкір, тілегім қабыл болып, 99-хатты қолыма алдым. Енді 100-хат келген күні сенімен некелесуге уәде беремін» деп жазылған еді.

Өле ғашық болып сүйген махаббатына қол жеткізе алмаған жігіт қатты өкініпті. Сонда бұл жігіттің табансыздығы ма, әлде бойжеткеннің әсіре романтикаға берілгенінің кесірі ме?!.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

8208 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 28 мамыр 2013, 12:57
Пікірлер
+0
28 мамыр 2013, 12:30

Біз, қыздар, сондай қияли халықпыз :)

+0
28 мамыр 2013, 12:46

Қырқына шыдап, қырық біріне шыдамаған деген осы шығар)

+0
28 мамыр 2013, 12:50

оебуу

+0
28 мамыр 2013, 13:56

бойжеткеннің әсіре романтикаға берілгенінің кесірі ғой

+0
28 мамыр 2013, 14:03

жігіт пен қыз да нето екен :lol: :lol: :lol:

+0
29 мамыр 2013, 08:45

Қыз бен жігіт екі планеталық адамдар екендігі тағыда дәлелденді! Ешқашан түсінбейт бір-бірін.

+0
05 маусым 2013, 23:54

жігіт ашып көре салса несі кетеді ой Тоба ай а

+0
14 маусым 2013, 18:33

екеуін де кінәлай алмаймын...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...