Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Адамды адам ететін оқиғалар

Адамды адам ететін оқиғалар

Адамды адам ететін оқиғалар

Бұл оқиғалар әрбір бизнесмен емес, әрбір адамның қаперінде ұстайтын сабағы іспеттес.

Бұл өмірде қарапайымдылық пен қайырымдылықтан асқан қасиет жоқ шығар. Біз адамдармен қарым-қатынасты «айна» принципімен құрамыз. Ұнатса ұнатамыз, ұнатпаса ұнатпаймыз. Дәл осы жүйе бизнесте де бар. Бірақ бизнестегі адамдар өз қадам-қарекеттерін тек бизнеске қатыстырып түсінеді. Ал біз өмірде де мұндай қарым-қатынастың болуы керек екенін дәлелдегіміз келеді. Алпауыт компаниялардың өз тұтынушыларын қалай сыйлап, құрметтейтінін көріп, ішің жылиды, көңілің көтеріледі, алғыс айтқың келеді.

Керік наны

Бір уақыттарда Sainsbury’s компаниясына өзін Лили Робинсон деп таныстырған адамнан хат келіп түседі. Онда былай жазылған:

«Құрметті Sainsbury’s!

Сіздер неге «Жолбарыс нанын» жолбарыстікі дейсіздер? Оның орнына «Керік наны» десеңіздер көбірек келеді.

Құрметпен, Лили Робинсон

Жасым – 3,5 жыл»

Екі аптадан соң қыз жауап алады:

«Қымбатты Лили!

Хатқа рақмет және нанның атын ауыстыру туралы керемет ойыңа алғыс айтамыз – расында да бұл нан жолбарыс емес, керікке ұқсайды. Наубайшы осылай атап кеткен еді бұрын, оған жолбарыс сияқты болып көрінген шығар. Мүмкін, ол ақымақтау болған шығар.

Біз сенен хат алғанымызға қуаныштымыз, сол үшін саған 3 фунттық құны бар сый картасын береміз, жаңартылған «керік нанынан» сен де дәм татып көре ғой...

Супермаркетте кездескенше.

Құрметпен, Крис Кинг

Жасым – 27,5 жыл».

Сүйікті ойыншық

Біз әйелім және балаларыммен Флоридадағы Ritz-Carlton қонақ үйінде бірер күн болдық. Үйге қайтып келгесін кіші ұлымның Джоши есімді сүйікті ойыншығы сол қонақ үйде қалып кеткенін білдік. Ата-ана баласының ойыншыққа деген айрықша махаббатын біледі. Балама өтірік айту керек болды – «Джошиде бәрі де жақсы болады, - деп жаттық біз оған, - ол жәй ғана көбірек демалғысы келді».

Сол күні кеште қонақ үй менеджері Аарон телефон соғып ойыншықты тапқанын хабарлады. Сосын одан ойыншықты бассейнге қойып, демалып жатқан көрінісін суретке түсіріп, бізге беріп жіберуін өтіндім. Баланың оны сағынғанын да айттым. Аарон келісім беріп, телефон тұтқасын қойды.

Ал екі күн өткесін поштадан Джошидің өзімен бірге бассейнде түскен екі-үш суретін алдық. Джошидің гольф-мобиль айдап отырған сәті, достарымен көңіл көтеріп жатқан сәті көрсетілген суретті көргенде ішіміз жылыды. Мен осы қонақ үйге Флоридаға барған сайын қонып, демалып қайтатын болдым. Дәл осылай керемет қызмет жасауды мен өз қызметкерлеріме де үлгі ретінде айтып отырамын. Қызмет жасауда дәл осындай ғана ізгілік жолдармен үлкен табысқа жетуге болады.

Крис Хёрн – Mercantile Capital Corporation консалтинг компаниясының басшысы.

 

Таныстырылым

2005 жылы Колби Кертин есімді 10 жасар қызға қан тамыр жолдарының ісік ауруына ота жасалды. Көз жұмуға шақ қалған қыз Pixar студиясының «Жоғары» («Вверх») деген мультфильм ролигін көріп, бұдан кейін оның прокатқа шығуын күтуге бел буады.  

Бірақ дәл осы кезде Колби қатты ауырып, әлсіздене түседі. Ролигін ғана көріп мультфильмді түгел көріп шығуды армандаған ол кинотеатрға бара алмайтын еді.

Қайғы жамылып отырған отбасының достары Pixar компаниясына хат жазады. Студия өкілі дереу Калифорнияға ұшып келіп, әлі де сатылымға шықпаған фильмнің DVD дискісін ауырып жатқан қызға сыйлайды. Мультфильмді көрген соң, дәл 7 сағаттан соң қыз қайтыс болады...

Оның анасы Лиза қызының бірер күн болса да тірі болуына фильмді көруге деген құлшынысы әсер етті дейді. Фильмді көру барысында қыз көзін ашып жатуға қиынсынғанда шешесі оған кейбір тұстарын айтып беріп отырыпты. Ал анимациялық фильм біткен соң, анасы «Фильм ұнады ма?» деп сұраған кезінде ол басын изепті...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: shkolazhizni.ru

5068 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 сәуір 2013, 12:13
Пікірлер
+0
04 сәуір 2013, 13:50

балаларға деген ерекше махаббат сезіледі

+0
04 сәуір 2013, 14:02

Америка жаман бұзылған дейміз керісінше сияқты,біздің қазақтарға айтсаң өй таста жүрем ба сол дейді ғо

+0
04 сәуір 2013, 18:30

Крис Хёрннің айтқанына келісемін, себебі оның айтқанында бір грамм өтірік жоқ

+0
04 сәуір 2013, 18:42

Жатақанада жатқан студенттер (қарны ашып жүрген студенттер) Sainsbury’s компаниясына хат жазындар нандарын жыланға ұқсайды деп сосын сендер жанартылған жылан нанын жисііндер)))))))))))

+0
04 сәуір 2013, 21:47

:? ойлануға тұрарлық

+0
05 сәуір 2013, 00:35

ote aserli.....

+0
05 сәуір 2013, 21:30

журейик сол енди болмайтынга бас катырып)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...