Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сүйгеніңізбен айрылысып кетсеңіз...

Сүйгеніңізбен айрылысып кетсеңіз...

Сүйгеніңізбен айрылысып кетсеңіз...

Айрылысу – ғашықтар қаламайтын қорытынды. Дегенмен, махаббатта айрылысу көп ғашықтардың басынан өтетіні тағы белгілі. Болмашы нәрселер үшін айрылыса салу – бұл махаббаттың әлсіздігі, сүйіспеншіліктің таяздығы ғана. Мейлі, қалай деген күнде де, айрылысу екі жаққа да жеңіл бола қоймасы анық.

Алайда айрылысуға шынымен бел буған ғашықтар көп жағдайда екінші махаббат өмірін бастап жатады. Ондай жағдайда алғашқы махаббаттың әсерін ендігі сүйгеніңіздің өміріне бірге ала келу үлкен қасірет. Ол сіздің өткен күндермен барлық қарым-қатынасыңызды үзгеніңізді қалайды. Ал шынымен де ұмыта алмасаңыз, оның қасына қайта барыңыз. Мені қабылдай қояр ма екен деп күдіктенбеңіз. Ол қабылдамаған күнде де, сіз оған орай бере алдыңыз. Сол үшін өкінбейсіз. Ал одан айрылып екінші өмір бастауға бекіндіңіз бе, алда болар қасіреттен сақтану үшін өткен күндерге қайта айналып соқпағаныңыз абзал. Ал өткен сәтсіз махаббат сезіміңіздің жүректегі қалдығын, өміріңізге тигізер әсерін қалай жеңуге болатынын психологиялық жақтан талдап көріңіз.

  • Одан кек алуды ешқашан ойлай көрмеңіз. Махаббатыңыз саған алдымен опасыздық жасаса да, үнемі одан кек алу ойында жүрсеңіз, бұл тек сіздің ұсақшылдығыңызды ғана дәлелдеп береді. Ал оның ештеңесі де өзгермейді. Түбінде шаршайтын, азаптанатын, қайғыратын тек өзіңіз ғана екенін ойлағаныңыз жөн. Өткен күндерді қадірлеңіз. Өшпенділік дейтін жегі құртты өткен ләззатты күндеріңізге айырбастамаңыз. Одан қарымта қайтару мақсатында, кек алу ниетінде екінші біреуге сөз сала көрмеңіз. Бұлай ету өзіңізге тәуелді азап теңізіне екінші біреуді сүйреп әкелумен бірдей ғана.
  • Одан біржола кетіңіз. Мүлде хабарласпаңыз. Мейлі, телефонда да, интернет желісінде де оны мүлде жауып тастаңыз. Достарыңызбен кездескенде, арадағы өткен күндерді айта бермеңіз. Ол жайлы тіс жармаңыз. Себебі, сіздің достарыңыз – бұрынғы махаббатыңыздың да жақын досы болуы әбден мүмкін ғой.
  • Сылтау іздемеңіз. Онымен қайта кездесуге, тілдесуге ешқашан сылтау таппаңыз. Барлық нәрселеріңізді оның қасына қалдырмай алып кетіңіз. Сезімнің ақылға ерік бермейтін сәттері көп. Сондай сәттердің бірінде оның қасында қалған затыңызды сылтауратып, қайта кездесуге талпынудан сақтаныңыз.
  • Не үшін қоштасқаныңызға талдау жасай біліңіз де, сол арқылы өзіңізді жігерлендіріңіз. Ешқашан оған немесе оның достарына өкініп жүрген кейіп танытпаңыз.
  • Өткен күндердің азабында қалқып жүре бермеңіз. Жалғыз қалып, ол үшін деп ішімдікті ауызға ала көрмеңіз. Көбінде достарыңызбен көңілді күндерде бірге болуға тырысыңыз.
  • Оған қатысы бар деген заттарды ешқашан жаныңызда сақтамаңыз. Сурет, телефон нөмірі, сыйлықтар бәрі-бәрін де көзіңізден таса етіңіз.
  • Өзіңізді кінәлай бермеңіз. Өзіңізді кешіруге тырысыңыз. Басыңыздан өткізген істер мен айтқан сөздеріңізді еске алып өкінбеңіз. Сезім иесінің өткен күндерді өзгертуге дәрмені жетпейді. Дегенмен, сол қателіктерді қайталамауға тырысыңыз.
  • Оны кешіріңіз. Ол оны кешіріп, қайта жарасыңыз дегендік емес. Оның өткізген қателігін көңіліңізге түйіп алмаңыз. Кішіпейіл, кешірімді болыңыз.

Мұның бәрі де мезеттік қасірет. Екінші рет шын махаббатыңызды жолықтырсаңыз, өткен күндер тек жымиып қана еске алар елестерге айналады. Сол үшін де оның көңіліңіздегі орнын өшіргенге дейін, жүрегіңіздегі қасірет жарасы жазылғанға дейін осылай жасағаныңыз абзал. Ақыл емес, психологиялық кеңес деп білгеніңіз жөн.

Автор: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

2774 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 05 сәуір 2013, 18:22
Пікірлер
+0
05 сәуір 2013, 14:47

Сүйіктілер айырылыспасыншы!

+0
05 сәуір 2013, 15:18

дұрыс кеңестер! тексерілген десе де болады, бұрын осындай жағдайды өткеріп көргем...

+0
05 сәуір 2013, 17:53

құдайау осындай сөздерді қайдан табасын??жарайсын!!! магынасы моооллл екен

+0
06 сәуір 2013, 17:39

өз басымнан өткен жағдай, сезімдерің әлі болса да, оған оны көрсетпе!кездесіп қалғанда, жай ғана таныс адамды көргендей кейіп таныт.өткенге өкінбе, шын махаббатың болса - қайтып келер. келмесе - ол адам саған тәжірибелік мақсатта жіберілген. БӘРІ АЛДА! ТЕК САБЫРЛЫҚПЕН КҮТ :D

+0
07 сәуір 2013, 16:35

колымнан келмейтин сиакты...

+0
08 сәуір 2013, 14:01

Айырылысу онай емес ! Хабар ошарсыз кеттік деп айта алмаймын хабарласып жағдайымды біліп тұрады! Онын оз отбасы бар! Бұл кеңестің пайдасы өте зор...

+0
08 сәуір 2013, 17:34

Жоғарыда айтылған кеңестер маған айтылған кеңестер екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...