Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Айырылысайық екеуміз...

Айырылысайық екеуміз...

Айырылысайық екеуміз...

Жігіттердің табиғаты сол - жаңа таныстықтарды не іштері пысып, не қызды шын ұнатып бастайды. Еріккендіктен күрделі қарым-қатынас орнатуға тырысатын жігіттердің әлдеқайда аз екендігі айтпаса да түсінікті. Бірақ, қалай болғанда да, кейбір қарым-қатынастар өз соңына жетіп, ақырына таянуы мүмкін. 

Жігітіңіз сізге: "Жаным, екеуміз айырылысайық", - деп, арадағы жақындықты одан әрі дамытуды қаламайтындығын білдірсе, ең алдымен, бұның жеңіл оймен айтылған сөз еместігін түсінген абзал. Әдетте, мұндай сөздер ұзақ ой-толғаныстан кейін айтылады. Мұндай шешімге келуі үшін жігіт арадағы қарым-қатынасты жан-жақты зерттеп, одақтың болашағына талдау жасап, айқындайды. Сондықтан, қыздар секілді жігітті де райынан дәл сол сәтте  қайтаруға тырысу нәтижесі күмәнді. 

Осындай күйге тап болған қыздар мұндай ситуациядан өзін абыроймен алып шығуы үшін не істегені жөн? Жігіттер қауымы болып, осы туралы аз-кем сөз козғап, қыздарға кеңес берсек деп едік. 

 

Әлбетте, сүйген адамыңыздан мұндай сөз есту өте ауыр болары сөзсіз. Сөйтсе де, қайғыға салынып, көз жасыңызды көл қылу мағынасыз нәрсе. Қанша жерден уайымдап, қанша жерден көпшігіңізді көз жасыңызбен суласаңыз да бұдан өзіңізге ешқандай пайда болмайды. Керісінше, дертіңізге дерт жамап, ауырған жүрегіңізді одан сайын ауырта түсесіз. Сондықтан, өз сезіміңізді басқара біліңіз. Ең болмағанда, сөйтуге тырысыңыз. 



Оны ауыр сөздермен балағаттаудың қажеті жоқ. Мысалы: "Сұмырай, оңбаған, сенің осындай топас екендігіңді бұрыннан-ақ біліп едім! Жігіт емес екенсің! Нағыз қатын екенсің!" деген секілді. Әрине бұныңызбен жігіттің емес,  өзіңіздің абыройыңызды айрандай төгесіз. 

Оған қоқан-лоққы көрсетуге тырыспаңыз. "Сенің қандай қатын екендігіңді барлық қыздарға айтамын! Қыздардың бәрі сенің барлық лас тірліктеріңді біліп жүретін болады!", - деген секілді қорқытулар. Оның шешіміне осындай жолмен тосқауыл қою мүмкін емес екендігі белгілі ғой. Тосқауылды былай қойған күннің өзінде, бұл мінезіңізбен кім-кімге де сүйкімді көрінбесіңіз анық. 

Кез келген нәрсенің соңы - басқа нәрсенің бастамасы екендігін ұмыта көрмеңіз. Өмір осымен бітпейді. Тіпті, жүрегіңіз оны кешіре алмаса да, барлық ерік-жігеріңізді жиып оны жіберіңіз, ұстамаңыз. Осы уақытқа дейінгі сыйлаған бақытты күндері үшін оған алғыс айтсаңыз, тіпті қатып кетеді. 

Осының бәрін ерік-жігеріңіз жетіп айта алған болсаңыз, ары қарай тізгінді өз қолыңызға алып: "Екеуміз жақсы дос болып қалайық", - деп шын ниетіңізді білдіріңіз. Әлбетте, бұл әрекетіңіз оны біраз абдыратады. Дегенмен, бұдан кейін жігітіңіз сізді ерекше жылумен, құрметпен есіне алатын болады

Онымен жақсы дос болғыңыз келетіндігін білдірген соң, ара-тұра хабарласып тұруды ұсыныңыз. Өмірде түрлі нәрсе болады ғой. Басыңыз қиын жағдайға тап болғанда, сізге ең бірінші көмек көрсетіп, жігерлендіретін осы адам болатындығын ұмытпаңыз.

P.S. Шындығына келгенде, жігіттер өз ішін қазбалауға бейім болады. Және көп ретте өз шешімдеріне өкініп те жатады. Сондықтан, сүйгеніңізбен жолыңыз екіге бөлінгеннен кейін, өзіңізді барлық жағынан барынша дамытуға тырысыңыз. Мінезіңізді де, жүріс тұрысыңызды да, сыртқы келбетіңізді де. Кім біледі, бірнеше айдан кейін екеуіңіз жолығып қалып, тағдырыңыз қайта тоғысуы да мүмкін. Дегенмен, оны қайтаруды мақсат қылмай, жаңа өмір бастауға талпынғаныңыз жөн. 

сурет: visualphotos.com

6262 17
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 14 наурыз 2012, 15:00
Пікірлер
+0
14 наурыз 2012, 12:07

иә, суынған жүректі жылытам деу қателік, сондықтан, бізге, қыздар қауымына кішкене шыдамды болу керек

+0
14 наурыз 2012, 12:33

1. әбден жылап алу керек
2. Жан құрбына бәрін айтып жеңілдену керек
3. оның тел нөмірін, агенттегі почтасын өшіріп, суреттері мен сыйлықтарын тастау керек.
4. жаңа нәрсемен айналысу керек, өзіңді дамытып дегендей
5. Бірнеше жылдан кейін оны кездестіргенде күлімсіреп, өзіңнің бақытты екеніңді көрсету керек.
Шынында, осы пункттардың арасында шатасып қалу оңай. Кейбір сыйлықтарды лақтыруға қолың бармайд. Хаттарды да сақтап, арасында оқисың. Теорияда бәрі оңай. Ал өмірде сүйген жүректі пункттар бойынша бағыттай алмайсың... Сонда да! Тырысу керек. Кім болмаса да бақытқа лайықты. Біреумен болмаса, басқасымен. Мен де, сен де бақытқа бір күні жетерміз. Әзірше өзіңді дамытып, өз орныңды тап. Өзіңді сүйе білсен, басқаларға да тартымды боласын.

+0
14 наурыз 2012, 13:17

Шындығына келгенде, жігіттер өз ішін қазбалауға бейім болады. жөн айтып отырғаны. көбі жігіттерді эмоцияға берілмейді деп ойлайды. ол қате

+0
14 наурыз 2012, 13:34

Қыздар еркектерге қарағанда слабый болып келеді! Сосын го жылайды олар! іңгә іңгә іңгә!

+0
14 наурыз 2012, 13:38

ықы ыққы

+0
14 наурыз 2012, 18:01

іңгә іңгә іңгә деп жаңа туған сәби жылайды.

+0
14 наурыз 2012, 14:31

Айту оңай, орындау қиын, кетемін деген адамды ешкім ұстамайды.

+0
14 наурыз 2012, 14:33

ұнату оңай, ғашық болу қиын деген сөздер есіме түсіп кеттау))

+0
14 наурыз 2012, 14:45

Өмірде солай...

+0
14 наурыз 2012, 15:43

бәрінен де дұрысы - айырылыспау )

+0
14 наурыз 2012, 17:14

Zhazylgan zharanyn auzyn tagy tyrnadyndar au (((

+0
14 наурыз 2012, 18:00

Өз басымнан өткен. Тастап кетіп, 1 жылдан кейін өкініп қайтіп келген. Қыр-соңымнан әлі қалмай келеді. 7 жыл болды.
Жоғарыда көрсетілген пунктерден де асып түскен сияқтымын, сол кезде. Орындау қиын дейді, бірақ қырсық мінез бен кекшілдіктің жұғыны болса бойыңда, қол жеткізуге болады. Айтсада керемет актриса да бола білу керек. Іштей жыласаң да, оған білдірмей жымиып тұрып, "бақытты болуыңа шын жүректен тілектеспін!" деп қана қоймай, оған қоса алғыс айтуды да ұмытпаған жөн.

+0
14 наурыз 2012, 23:21

кез келшен нарсен1н соны - баска нарсен1н бастамасы!!! жаксы айтылган соз!!! шыныда солай

+0
15 наурыз 2012, 00:10

Егер ол адам сенен бас тартса, солай болуға тиіс....орысша айтсам, судьба исключает лишних! Еш басыңды қатырма, бәрі де керемет болады!!!!
Ондай сөз естіп көрмеппін, сіздер де естімеңіздер ешқашан! Тек бақытты болыңыздар!

+0
15 наурыз 2012, 00:21

Осындай сөзді де есту керек па деймін, мәңгілік өмірлік сабақ болады.

+0
11 сәуір 2012, 12:52

Не бойтесь кого-то потерять. Вы не потеряете того, кто нужен вам по жизни. Теряются те, кто послан вам для опыта. Остаются те, кто послан вам судьбой!....

+0
13 наурыз 2015, 03:53

ал мен әлі ұмыта алмаймын ия сіздің айтқандарынызды істегем оған риза екенімді айттым,бірақ дос болайықта келіспедім себебі кейін оны басқа қызбен көре алмаймын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...