Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Дос боп қалайық...

Дос боп қалайық...

Дос боп қалайық...

Қандай кербез, ақылды жігіт болмасын, өмірінде бір рет болса да, қыздан осындай сөзді естіген шығар. Әдетте, қарым-қатынасты үзетін біз, қыздар, сондағы жігіттердің жауабына кейде таң қаламыз. Одан суып қана қоймай, "Осындай ақымақпен қалай ғана кездестім?!" - деп шақша басымыз шарадай болады. Қызы тастап кеткен кезде, жігіттер өздерін жақсы ұстай білсе, ақырында расында керемет достар болып қалар едік қой! Артық сөздердің, көзден пора-пора боп аққан жастың, пайдасыз ұрыс-керістің керегі қанша? Неліктен жігіттер жүрегінде сезімі жоқ қызды жібергісі келмейді? 

Бірнеше жыл бойы жақсы қызбен кездесіп жүрсіз дейік. Әдемі сөздер, күлкі, ойын, махаббат, сезім, құшақ... Алайда тәтті сезімнің бәрі түгесіліп, бір уақыттарда қыз сізден суығанын сезеді. Ыстық іңкәрлік, ойын-күлкіге де әбден тояды. Осындай кезде айырылысуға бірінші қадамды көп жағдайда қыздар істейді. Осының түрткісі мен болдым деп уайымдаған қыз сезімінің суығанын сізге дірілдеп әрең айтады. (Ол да сізді сүйді ғой кезінде, сүймеді емес.) Жасқа толған мөлдір көздер, ұрыс-керіс, "Мен сені сүйемін!", "Мені тастамашы!", "Сен кетсең, мен өлемін!" деген сөздер, бәрі-бәрі осыдан кейін басталады.

Құрметті жігіттер, мына кеңестерге құлақ түрсеңіздер, қызыңыз екеуіңіздің дос боп қалуларыңыз мүмкін, тіпті оны қайтарып алуыңыз да ғажап емес. Ал ең бастысы - өзіңізді жақсы сезініп, өмірге деген құштарлығыңызды және ер азаматқа тән ар-намысыңызды сақтап қаласыз!

Сонымен, егер сізді қызыңыз тастап кетсе:

 

 

"Бар жоғал, өзім де сені жек көремін, сені ешқашан сүйген емеспін, жай қызық үшін болдым сенімен" деп айтушы болмаңыз! Бұл барып тұрған топастық! Осылай десеңіз, қызды өзіңіз тастап кеткендей болып қаласыз. "Бұндай сөздерден кейін, онымен расында бірге бола алмаймын" деп ойлайтын қызды өзіңізден одан сайын алшақтата түсесіз. Соған қоса, оның жанының жарасын жазасыз! "Мынау нағыз жындының өзі екен, айырылысқаным қандай жақсы болған?!" деп ойлауына мүмкіндік бермеңіз! 

 

 

Бұндай сөздер естігеннен кейін, сабырлық танытыңыз. Ойланыңыз, қиындықтан қашпаңыз. "Қоштасу кешін" ұйымдастырыңыз. Қызыңызбен дұрыстап сөйлесіп, бар сұрақтарды байыппен шешіп алыңыз. Бұл сіз үшін өміріңіздің соңы емес екенін көрсетіңіз. Расында дос болып қалуға ынтаңыз бар екендігін байқатып, онымен сабырлы отырып сөйлесуге тырысыңыз. Түсінеміз, бұл қиын. Бірақ бұл кездесу - қызыңызды ойландырары анық.  

 

Онымен байланысыңызды үзбеңіз. Телефон нөміріңізді ауыстырып тастап не тұтқаны көтермей қойып жүрмеңіз. Экс-қызыңыздың сізбен байланыса алуына мүмкіндік беріңіз. Күндердің бір күнінде сағынып, қоңырау соғары анық, тек төзіммен күте біліңіз. Сондай-ақ, кім біледі, мүмкін шынында болашақта жақсы дос болып қаларсыздар? Ал дос қыз сүйікті қызға қарағанда қиындығы аз, пайдасы көп жан.  

 

Әлеуметтік желілерде оны "достарыңыздың" қатарынан өшірмеңіз, ол сізді өшірмеді ғой? Бұл оған сіздің қандай керемет жігіт екеніңізді көрсетуіңіздің бірден-бір амалы. Жаңа сұлу қызыңызбен немесе неміс көлігімен түскен, жұмысыңыздағы жетістіктер мен жаңа бастамаларыңызды паш ететін суреттер оның қанын қайнатып, бармағын тістеткізетініне шүбәңіз болмасын. 

 

 

Айналайындар, ішпеңіздер, шекпеңіздер, 20 қабат үйден секіремін деп жүрмеңіздер. Ескі суреттер мен сыйлықтарды ақтарып, хабарламаларды қайта-қайта қарау ештеңені қайтармайды. Екі көзден аққан жас пен төмен түскен бас оның жүрегін жібіте қоймас! Өмір осымен әлбетте, аяқталмайды! "Неге бұлай болды?", "Мен қандай қателік жасадым?" деген сұрақтар да осы топтамадан. Қарым-қатынастарыңыз бітті, енді ол қыз туралы ойлай бермеңіз! 

 

 

Өзіңізді құрметтей біліңіз! "Енді маған өмір жоқ!" деген сияқты топастықты айтпаңыз. Өміріңізді өзгертіңіз, жаңа іспен айналысыңыз, жұмысыңызды жетілдіріңіз, әдемі киініңіз, қыдырыңыз, кітап оқыңыз - өзіңізді дамытып, өзіңізді сүйе біліңіз. Бұл 100% көмектеседі! Қыз соншалықты намысыңызға тиетін сөздер айтса да, шыдамды болыңыз. Өзіңізді керексіз қылған қыздың артынан жүгіріп жүрмеңіз! Түңілмеңіз, қанат қағып, өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырыңыз! Оны соншалықты қайтарғыңыз келе ме? Алға! Батыл болыңыз, оның қателескенін дәлелдеңіз. Қазіргі қалпыңызда ол сізге қайтып оралмайтынын түсініңіз. Сіздің өзгеруіңіз керек. Ол үшін емес, өзіңіз үшін!

 

Осы кеңестерді бұлжытпай орындасаңыз, өзіңізді жетілдіріп, сәттілікке жетесіз. Өзіңізге деген сенімділікті арттырып, келесіде ешбір қыздың сізді тастауына жол бермейсіз. Бастысы оның көз алдында нағыз ер болып қаласыз. Уақыт өте одан "Жаным, мен қателестім. Кездесейікші. Мен сені сүйемін" деген хабарлама алғанда өзіңізді қалай сезінерсіз?

Сурет: women.ru

8593 26
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 наурыз 2012, 09:00
Пікірлер
+0
13 наурыз 2012, 10:23

Сезім суыған соң қиын ғой... Ол кезде жігіттер, қызға қайта-қайта хабарласпаңдаршы. Қыз "түй, әбден зықымды шығарды ғой" деп, тұтқаны лақтыратын болады. Қыз мысалы "Мен сені енді сүймеймін. Дос боп қалайық" десе, себебін сұраңыз, мүмкін қателік сізден шығар... Себебін сұраған соң шынымен жақсы көретініңізді, шынайы сезіміңізді тағы бір мәрте сол кездесуде айтып көріңіз. Артық ештеңе айтпаңыз бірақ. Сол кездесуден соң, қызға мүлдем хабарласпай, ұшты-күйлі жоғалғаныңыз жөн. Бірақ дереу қызуқандылыққа салынып, ызаланып басқа бір қызбен жүріп кетпеңіз. Арада уақыт өтсін... Күтіңіз! Қыз егер сізді кішкене болса да сүйген болса, қадіріңізді түсінері анық... )

+0
13 наурыз 2012, 10:26

Топас деген сөзді жақсы көретін автор ма еді өзі! Мал деп қойсаңшы тағы да

+0
13 наурыз 2012, 10:31

Ең дұрысы сол, хабарласпай, уақыт беру. Уақыт бәрін орын-орнына қояды.

+0
13 наурыз 2012, 10:33

en bastysy alsizdik tanytpau!!!! uakyt emdeidi barin!!! sal sabyr etsen!!! bul, arine, kyzdarga da katysty

+0
13 наурыз 2012, 11:29

Мен кеше ғана тура осы тақырыпта өзім тұжырымдама жасап, енді пост жазу туралы ойымды Сәкенге айтып едім.:) Жаңа осы тақырыпты көргенде таңқалдым. Бәрін түсінікті етіп, күшті жазыпсыздар. Маған пост жазудың қажеті болмай қалды.:)) Ал менің бұл туралы ойым мынау:
"Дос болып қалайық"-деген сөз амалсыздықтан құтқаратын шара сияқты. Бұл бір-бірін ұнататын адамға бір жағдай кедергі болған жағдайда, қимастықтан айтылатын сөз. Оны жоғалтып алғысы келмейді. Сондай-ақ ұнатпаған адамыңа да көңілін қалдырмау үшін қолданылатын - "құтқарушы сөз" десе де болады.:)

+0
13 наурыз 2012, 11:38

Дұрыс айтасың. Егер шынымен ешқашан қосылмайтының белгілі болса тіптен араласпай кеткен жөн.

+0
13 наурыз 2012, 11:55

Мені тастап кетсе шыдамас едім!

+0
13 наурыз 2012, 11:46

Бір кездері жоғарыдағы нәрселердің барлығын жасаған екенмін:) Иәәә, осындай жайттар болған:))) Негізі, қызға біраз мұрша беріп мазасын алмасаң көп жағдайда өзі іздей бастайды.

+0
13 наурыз 2012, 11:57

Мазасын алмасаң дейсің бе? Онда ол мүлдем хабарласпай кетпей ме?

+0
13 наурыз 2012, 12:09

Араларында махаббат болса, қанша уақыт өткендігінің де, нендей қарым- қатынаста болып жүргендерінің де маңызы жоқ, - ол келеді! Ал келмесе ешқандай махаббат болмаған!

+0
13 наурыз 2012, 12:35

Ал егер қыз шынымен дос болып қалғысы келсе ше?

+0
13 наурыз 2012, 13:00

Қыз бен жігіт арасында достық болуы мүмкін. Бірақ, өте сирек.

+0
13 наурыз 2012, 14:43

Дос болып қалғысы келеді екен, бірақ, соның қажеті жоқ сияқты. Өміріңде көлбеңдеп жүргеннің несі жақсы. Дұрысы, қарасын батырғаны жақсы. ) десең

+0
13 наурыз 2012, 15:23

дос боп қалайық деген сөзді есту кім-кімге де ауыр-ау..

+0
13 наурыз 2012, 16:26

Дос болып қалайық - кім айтса да қиын сөз, дос болғанша араласпай кеткен дұрыс шығар. Мына постты оқып жақсы болып қалдым, біреуге бауыр басып қалу ең қиыны!

+0
13 наурыз 2012, 17:32

Жоқ болсаң қараңды көрсетпей бірақ кеткен дұрысқо! Негізі өмірде ешкімге бауыр басып, біреуді жақсы көріп қажет емес! ТАСЖҮРЕК болу керек!!!

+0
13 наурыз 2012, 18:07

келісемін

+0
13 наурыз 2012, 22:44

кыздын калауына карама карсы жасау керек, кырсык болу керек...бирак жогал десе озин жогалтып жибер))

+0
14 наурыз 2012, 00:08

Кыз бен жигиттин арасында достык болады...Мысалы,менин достарым бар.Оте жаксы достарым! Ал,бирак, бурын араларында махаббат болган кыз бен жигиттин дос болып калуы екиталай нарсе...Ай..киын-ау..Бир кездери бир-бирин суйген, бирге романтикалык кештерди откизген,суйискен адамдар калай дос болып журе алады? Ол кезде екеуинде жана серик болмайма? Олар буган калай карайды екен? Маселен,мен келиспес едим жигитимнин бурынгы кызымен дос болып араласканына...Бизде де журек бар гой не дегенмен..))))

+0
14 наурыз 2012, 09:54

Тасжүрек болмаңдар!

+0
14 наурыз 2012, 10:42

қыз бен жігіт арасында достық болмайды тек қана махаббат болуы мүмкін.

+0
14 наурыз 2012, 13:18

айтуға оңай бірақ керек кеңестер

+0
15 наурыз 2012, 14:07

Kyz ben jigit arasynda dostyk bolmaidy...tuptin tubinde bireui gashyk bolady goi....ishtei unatyp, sezimin aita almai, oz-ozin mujip otetinderi kanshama....

+0
15 наурыз 2012, 20:57

Шыныменде қыздың артынан қалмай "сені сүйемін, күйемін, өлемін" деген сөздердің қажеті жоқ сияқты. Оданда одан айрылысуларыңыздың себебін сұрап, оны өз жолымен жібергеніңіз немесе уақыт берген дұрыс сияқты. Мүмкін араларыңызда шыныменде ғашықтық сезімі болса кешірім сұрап қайтып келуіде ғажап емес. Ал, "дос боп қалайық" деген сөзбен келіспес едім. Между парнем и девушкой не бывает дружбы. Кто-то точно любит дейді ғой.

+0
18 наурыз 2012, 16:18

Дұрыс...

+0
25 наурыз 2012, 16:06

Қыздың өзі тастап кетсе, дос болып қалудың қажеті жоқ. Бірақ өзі қайтадан іздеп, вируалда емес көзбе-көз "кінәлімін" десе, онда жағдай басқаша болар. Жігітке намыс жіберейді құрғыр-ай... Оқи келе топас болыппын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...