Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жігітке айтылмайтын қыз сөзі

Жігітке айтылмайтын қыз сөзі

Жігітке айтылмайтын қыз сөзі

Бүгін, шиеленіскен тақырыптардың бірі жайлы сөз қозғалмақ. Нақтырақ айтар болсақ, ер адамдарға не айтпау керектігі жайлы. Сонымен, ер адамға ешқашан айтуға болмайтын сөздер мынадай:

1. Көпшілік алдында «Ботақаным/Қошақаным/» деу

Еркелетіп айтылған жылы сөздер әрине, ер адамға да ұнамды. Бірақ, көпшілік алдында ер адам өзін батыл да ер жүрек сезінгісі келеді. Егер жоғарыда айтылған сөздерді оның достары естісе, сіздің ғашыңыз мазақтың ортасында қалары сөзсіз, бұған тіпті күмән келтірудің де қажеті жоқ.

Оның орнына...

...Сіз оның есімін атап не болмаса «жан» немесе «сүйіктім» деуіңізге болады. Бірақ, сонда да назды сөздерді айтуды қоя тұрған абзал. Себебі, бұл оның жігіттік намысына айтарлықтай зиянын тигізеді.

2. «Сен уәде беріп едің ғой!»

Осыны айтпастан бұрын, осы сөзбен оған нені дәлелдемексіз: оның жауапкершіліксіз екенін бе (Оны істеуге шамасы келмей тұра, бір нәрсені уәде еткені), оның ұмытшақтығын ба (уәде етіп, ұмытып кеткені) немесе оның қолынан түк келмеуін бе (уәде етті, бірақ, жасай алмады)?

«Мақтану, өтірік айтып алдау немесе сөз беріп оны ұмытып кету барлық адамға тән нәрсе. Бірақ, ерлерге қарағанда әйелдердің мұндай қылығы оп-оңай кешіріленеді. Ал қыздар орындалмаған уәдені болмайтын жерде айтып қалғанды жанындай сүйеді. «Мен сенен оны 1 ай күттім ғой» дегендей.

Оның орнына...

... тағы да бір рет сұрай салыңыз. Мысалы, былай: «Сүйіктім, мен сенен үйге нан сатып ала салуды сұрап едім, сен қазір дүкенге барып келе алмайсың ба?». Егер бұйымтайыңыз нан сатып алудан маңыздырақ болса, оған тік айтыңыз, бірақ, ешқандай ұрыс-керіссіз: «Жаным, сен өз сөзінде тұратын адамсың, сол үшін мен сені өте қатты сыйлаймын. Бірақ, кейде өзің берген уәделерге жауапкершілікпен қарамайтының мені ренжітеді».

Егер ер адамның жоспары іске аспаса, сол үшін оны кінәлау орынсыз.  Ол да ақымақ емес және өзінің сәтсіздікке ұшырағанын  өзі де түсінеді. Ал сіздің наразылығыңыз, жігіттің өзін бейбақ деп санауына алып келуі әбден мүмкін.

3. «Түкке тұрмайтын нәрселермен айналысасың!»

«Ешқашан да ер адамның хоббиіне көңіл аудармаушы болмаңыз. Оның құмарын сөзіңізбен немесе мысқылыңызбен қорлаушы болмаңыз. Апта сайын балық аулау секілді түкке тұрмайтын нәрсе болса да. Дегенмен, хобби – бұл бөлек тақырып. Есіңізде болсын, жұбай таңдасаңыз, сіз оның хоббилерін де таңдағаныңыз. Және сол хоббилер кейінірек сіздің де хоббиіңізге айналуы мүмкін.

Оның хоббилерін қолдайтыныңызды, ең құрығанда, наразылық білдіртпейтініңізді көрсетіңіз. Егер сіз әрдайым футболға байлынысты жағымсыз ой-пікір айтатын болсаңыз, ол футбол көруді доғармайды. Бар болғаны бойындағы кінә сезімінен матч көруден алатын ләззаты азаяды.

Сонымен қатар, оған кінә таққаныңыз және оны қолдамайтыныңыз үшін ол сізге жаман қарай бастайды. Қысқасы, тыйым салу мен наразылық білдіру бұл жағдайда мүлдем нәтиже бермейді.

Мынадай сөздерден аулақ болыңыз:

«Сен қайтадан футбол көріп отырсың ба?», «Түкке тұрмайтын нәрсемен айналысуды қашан қоясың?», «Сен осыған қаншама уақыт пен ақшаны жұмсап жатырсың, одан да ...»

Оның орнына...

...Сіз оның теледидар көруден, компьютер ойындарын ойнаудан көңілін аударғыңыз келсе, оны бар болғаны әйел әдістерімен-ақ бұрып әкете аласыз – алғашында қатты алаңдатпай арқасынан сипап, бетінен сүйу. Басында ол қарсылық көрсетеді, ал кейінірек жұмсарып, ықпалыңызға ереді. Осылайша, сіз оның көңілін өзіңізге аудара аласыз.

Егер ер адам құмарының салдарынан, үй міндеттеріне және жұмысына қажетті уақыт бөле алмаса, сіз мәмілеге келуге тырысыңыз: сен алдымен мына және аналарды істеп барып, өз құмарыңмен айналыса бер.

Жігітке қысым көрсетпеңіз, міндеттерінің барын өзі түсінуі қажет. Ал егер ол бәрібір де ештеңе жасамаса, тілдесу қулықтарын қолдансаңыз да оның қылықтары мен көзқарасын өзгерте алмайсыз.

Мынадай сөздерді қолдануға тырысыңыз:

«Мен мұны сенсіз істей алмаймын», «Сен маған дәл қазір керексің», «Мұны тек сен ғана орындай аласың», «Өтінемін».

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bipfa.net

26250 8
Рейтинг: +6

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 24 наурыз 2013, 15:22
Пікірлер
+0
24 наурыз 2013, 13:19

«Сен осыған қаншама уақыт пен ақшаны жұмсап жатырсың, одан да ...»!!! :twisted:

+0
25 наурыз 2013, 08:23

:lol: алдамшы болатын болдық қо

+0
25 наурыз 2013, 15:32

Алдамасаң өмір сүру қиын. Біз жақта "адам алдарлығы бар жақсы екен" деп сипаттам береді жұғымды адамға.

+0
25 наурыз 2013, 22:51

буйтип сызылуга "НЕРВ" жетпейди гой бизде

+0
25 наурыз 2013, 23:28

Айтпа, саган калай караса сен де оган солай карайсын гой. Ал хобби жайлы жаксы айтыпты. Нені жаксы корсе соны истеуге хакысы бар. ;)

+0
26 наурыз 2013, 00:38

барине кослам ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...