Бай мен кедей

Бай мен кедей

Неге адамдар кедей болады? Неге мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар таңертең ерте тұрып, жұмысқа барады, күні бойы терлеп жұмыс істейді, бірақ сол күйі кедей болып қала береді?

Мүмкін осы сұрақтың жауабы бай мен кедейдің арасындағы айырмашылықтарда шығар...

  • Байлар ақша мен уақытты үнемдейді.
  • Кедейлер тапқанының барлығын жұмсайды. Ал байлар жинайды.
  • Кедейлер шай-пұл беруге мәрт болса, байлар бұған келгенде ұстамдырақ.
  • Кедей белгіленген бағаға сатып алады, ал байлар кез келген жерде жеңілдік талап етеді.
  • Байларда ешқашан артық ақша болмайды, ал кедейлерде ол әрқашан бар.
  • Бай өзіне  күтпеген жерден бір нәрсе сатып алуға ерік бере алмайды.
  • Ауқаттылардың басты ережесі «біз арзан зат сатып алатындай, сонша бай емеспіз».
  • Бай ақшамен өмір сүреді, ал кедей өзін арабтың шейхіндей көрсетеді.
  • Кедей қолынан келгенін істеп ақша табады, бай барлық нәрседен ақша табудың жолын іздейді.
  • Кедей кедейге көмектессе, бай байға көмектеседі.
  • Бай табыс әкелетін жерге ақша салса, кедей шығындалатын жерге ақша салады.
  • Байға бір теңге берсең,  миллион табады, кедейге миллион берсең, құртады.
  • Бай өзінің шығындарына есеп береді, ал кедей өз ақшасының қайда кеткенін білмейді.
  • Кедей ақша жайлы сөйлеп,ойланса, бай ол жайлы үндемейді.
  • Кедейге ақша – өмірдің мақсаты болса, бай адам үшін – мүмкіндік.
  • Байлар ақшаны билесе, ақша кедейлерді билейді.
  • Кедей кредитпен өмір сүреді.
  • Бай нақты іспен және сандармен ойланады.
  • Кедей әрқашан қажетсінеді.
  • Кедей барлық нәрседен кедей.
  • Кедейге байлық берсең, оның әлсіз жерлерінің барлығы байқалады.
  • Бай адам бәрінен айырылса да, өзгермейді.
  • Кедей байды жақтырмайды, бай болса, кедейге назар аудармайды.
  • Бай кедейге құлақ салса, кедей байды естімейді де.
  • Кедейде өзінен басқасының барлығы кінәлі болса, бай кінәні өзінен іздейді.
  • Кез келген кедейде бай жасырылған.
  • Кедейді байдан асығыстық пен сабырсыздық ажыратады.
  • Байдың бәрі нағыз бай емес.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: cronica.com.ar 

Ж. FM