Жағымсыз дауыс

Жағымсыз дауыс

Жапонияда мынадай бір оқиға болған екен. Кішкентай қыздың дауысынан сыныптағы құрбылары мезі болып, қашатын. Бірақ, ол бұған бола тым қайғырып, жабырқамайтын. Қайта өзін көрсететін, әйгілейтін қандай да бір орайдың келуін күтіп жүретін.

Ақыры бір күні белгілі бір қоғамдық қор ұйымдастырған ән кешіне қатысу орайына ие болды. Бұл сауықкешке Жапон елінің атақты әжуа суретшісі Тыңзы Буришоң да қатысады. Суретші кішкентай қыз қатысқан спектакльді тамашалағаннан кейін жасөспірімнің елден ерек дауысы оны өзіне баурап алады. Дәл сол мезгілде суретші экран бетіне жол тартқалы тұрған «Құлтемір мысық» мультфильмінің бас кейіпкеріне дәл осындай дыбыстағы актер жетпей-ақ тұрған болатын. Суретші мына қызға жолыққанда жерден алтын тапқандай қуанады. Кішкентай қыз айтқанындай-ақ көптің күткен үмітін ақтайды. Оның елден ерек дауысы мультфильммен бірге бүкіл әлемді шарлап кетті. Ол барша жұрт білетін, әрі балалар таласа-тармаса еліктейтін талантты дыбыс актеріне айналды. Қыздың «жағымсыз дауысы» бүкіл әлемді өзіне жалт қаратты. Ол үміткерлік рухының күшін де көрсетті. Кісінің маңдайына мәңгі жазылып тұрар «мін» болмайды. Тек үміт қана оны жетелеп шыңдарға шығарады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: japaninc.com 

M. Auelkhan