Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жаңа өмір бастауға не кедергі?

Жаңа өмір бастауға не кедергі?

Жаңа өмір бастауға не кедергі?

Өмірді жаңартуға кедергі келтіретін жағдайлар.

Ескі уайым

Өткеннен таңба болып қалған сары уайымнан құтылу оңай іс емес. Біз үнемі жаңа бағытқа бұрылу үшін ескі уайыммен ұшырасып жатамыз. Бірақ та болған іске болаттай берік болып, жаңаша күн кешу үшін сары уайымнан құтылуға тырысу керек. Адам басындағы бос уайым оның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Өтіп кеткен нәрсе жайында уайым жегеннен өзгеретін дым да жоқ. Болуға тиіс нәрсе болды, бояуы сіңді. Біз ол жайында қанша уайымдасақ та, көшкен көш қайта қайтпайды. Біз тек уайымды жемейміз, уайым бізді жейді. Жаңа жолға түсіп алып, жаңа өмір бастау үшін ескі уайыммен қоштасыңыз.

Өкініш

Әлемде өткеніне өкінбейтін пенде жоқ шығар, сірә... Дәл ескі уайым сияқты өкініштің де жаңа өмірге жаға қоюы екіталай. Адамдар бүгінгі өмірінде бәріне ойланбастан бел буады да, соңынан соры қайнап өкініп жатады. Өкінішпен өткен өмірдің мәні бар ма? Доғарыңыз! Салыңыз су кетпесін. Әлі де сізді бір бақыт күтуде.

Үміт үзу

Адамның алдында өрге жетелеп отырар үміті мен арманы болмаса - өлгені. Болашақтан үміт үзсеңіз, жаңа өмірдің есігін ашуға бел бумай-ақ қойыңыз. Үкілеген үміттің өмірдегі маңызы зор. Бақыт құсы басыма қонар деп үміттеніңіз... Мен де бір шаттыққа лайықпын деп үміттеніңіз... Өмір әлі тоқтап қалған жоқ. Ал сіз әзірден-ақ үміттен жұрдайсыз. Жаңа өмірдің бақытты кейіпкері болғыңыз келсе, үмітім сөнбесе екен деп үміттеніңіз. 

Сенімсіздік

Бір жамандықтың артынан бір жақсылықтың қылтиып шығарына сенбейсіз бе? Бірақ түннен кейін күннің қайта шығарын мойындайсыз. Бұл өмір тек бақытсыздыққа толы деп, сіздің де бір бақытты күніңіздің келеріне сенбейсіз бе? Бірақ қара түспен қатар ақ түстің барына шүбә келтірмейсіз. Әрдайым жақсылыққа сену керек. Сенім бар жерде махаббат та, шаттық та, әділдік те болады.

Дайындаған: Әбілхан Ақерке 

Сурет: facebook.com

4938 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 наурыз 2013, 10:40
Пікірлер
+0
18 наурыз 2013, 11:33

мені күтіп жүрген бір бақыттың барына шын сенемін!!!

+0
18 наурыз 2013, 14:07

рахмет кенестеринизге, жаксы екен. кәдімгідей жаксы боп калдым :D армандай беремин,бакытымнын барынада сенемин

+0
18 наурыз 2013, 17:57

:)

+0
19 наурыз 2013, 13:54

Мені алға жетелейтін үмітім мен армандарым коп,сонын бәрін орындау керекпін!Сондықтан тек АЛҒА деп жүремін!!!!!!! :D :D :D :D :D :D :D

+0
19 наурыз 2013, 21:28

Қосымша: сізді не өкіндіреді , неден қорқасыз, кімді жек көресіз- соны қағаз бетіне түсіріңіз. Сол кезде оның мағынасы мен мәні жойылады.

+0
22 сәуір 2014, 15:46

Өте керемет. Расымен мен де бір бақыттың барына сенемін. Бірақ тым көп армандаймын. Қазір тек өмірдің қиындығына шыдап жүрмін, бұл да бітер.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...