Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыздар, қашан қоясыңдар еркеліктеріңді?

Қыздар, қашан қоясыңдар еркеліктеріңді?

Қыздар, қашан қоясыңдар еркеліктеріңді?

Алда 8 наурыз нәзік жандылардың мерекесі келе жатыр ғой. Қыздарды мерекелерімен құттықтаймыз. Бірақ, сіздерге айтатын біраз өкпеміз болып тұр. Соны жайып салып, бір жеңілдегелі отырмыз. 

1. Бізді ең алдымен ыңғайсыз жағдайға қалдыратын мына нәрсе. Осы қыздардың мерекесінде демалыс беріліп, барша адам үйінде осы мерекені тойлайды. Бірақ, отанды қорғап жүрген ер жігіттердің мейрамында демалыс берілмейді. Қайта жұмысқа шындап кірісіп, "терлейтін" кезіміз. Бұл сонда қалай болғаны? Конституция бойынша, барлық адамның құқығы тең емес пе еді?

2. Біз отырып алып, күні бойы сұхбат құрсақ та, мына нәрсені түсіне алмадық. 8 наурыз жақындап, қарасы көріне бастаған сәттен бастап, шарқ ұрып сіздерге сыйлық дайындап әуре боламыз. Көңілдеріңізді аулау үшін бар фантазиямызды сарқимыз. Онымен қоймай, жығылған үстіне жұдырық деп, біздердің мойнымызға үй шаруасын, ас дайындау секілді ұсақ-түйекті артып қоясыздар. Осы аналарымыз 8 наурызда, қайта бізге сыйлық жасап, қарнымызды тойдырып жүрді емес пе? Неге аналарыңыздан осындай нәрселерді үйреніп алмайсыздар? Бізге ол өте ұнар еді.

3. Бұл әлі айналайын. Отанды қорғап, күні-түні ұйқы көрмей шекара күзететін жігіттердің мерекесі 7 мамыр болса, қыздардікі 8 наурызда. Демек, қыздардың мерекесі әр жылда бірінші болып тойланып жүр. Ұмытпасақ, ата-бабамыз ерлерді бірінші орынға қойған секілді еді. Қалай еді, естеріңізде бар ма?

4. Айтпақшы, ең бастысын ұмытып барады екенбіз. 8 наурызға біздің қалай дайындалатынымызды сырттан бақылап көрдіңіздер ме? Еркеліктеріңізге бір сәт көз жұмып қарап, үйді де жинаймыз, тамақты да пісіреміз, ыдысты да жуамыз. Қалтамыздың шаңын шығарып, соңғы тиын -тебенге дейін сіздердің көңіліңіз үшін жұмсаймыз. Қымбат-қымбат сыйлықтар аламыз. Мысалы, сіздер идеал көретін Францияның жігіттері бұл мерекеде жай құттықтау сөз айтып құтылады. Осы қалай деген итальяндықтар жай ғана гүл сыйлап тынышталады. Соған қарамай, осынша тырысып сыйлық жасасақ та, 7 мамырда көп болса, барахолканың галстугын қанағат тұтып, мәз болып отыра береміз. Конституция қалай еді, ұмытып отырмыз..

5. Ол ол ма! Бізге "Меганың" галстугын ақшаларыңызды қиып сыйламасаңыздар да, біздің шын көңілмен істеген сыйлықтарымыздан мін тауып, бірдеңеге разы болмай қалатындарыңыз бар ғой. Біресе, анау ұнамайды, біресе, мынау ұнамайды. Сізге ұнаудың жолы қайсы? Ес білгелі қыздарды зерттеп жүрсек те, соның түпкі сырына бойлай алмай қойдық...

6. Мерекеге тек 1 күн демалыс берілсе де, біз үш күн қатарынан тойлап, сіздедің көңілдеріңізді аулауға мәжбүр боламыз. Мысалы 8 наурыз әлі келмесе де, қазірден бастап құттықтап жатырмыз. Сонда да сіздер бірдеңені ұнатпай қаласыздар. Талғамдарыңыздың тым биік болғанына біздің қандай қатысымыз бар?

7. Сосын сіздер барлық жігіттерден романтикалық сый күтіп, күткеніңіз орындалмай қалса, ренжисіздер. Егер романтика жігіттің табиғатында жоқ болса, ол романтиканы қайдан алып береді? Ол барахолкада сатылатын галстук емес қой. Әр жігіт табиғатында бар нәрсені сыйлайды. Соны түсініңіздерші, аяулы арулар.

P.S. Қыздар, 8 наурызда сіздерге Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйласақ, қалай қарайсыздар?

сурет: grandwallpapers.net

5665 15
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 06 наурыз 2012, 18:00
Пікірлер
+0
06 наурыз 2012, 18:52

Кеттім, "Мегаға" галстук алуға...деп айтады деп дәмелендіңіздер ме? ) біздің де айтар өкпеміз бар, күтіңіздер!))

+0
06 наурыз 2012, 18:59

8 наурыз - святое ғой! Тимеңдер!

+0
06 наурыз 2012, 19:05

Сол "Меганың" галстугын сыйласақ та тақпайсыңдар ғой )))

+0
06 наурыз 2012, 19:05

8-наурызда қыздарға не сыйлау керек екенін білемін... Орысша сөйлейтін, орысша жазатын қыздарға мектептегі бастауыш сыныптың "ана тілі" кітабын сыйлау керек... ал, орысша жазса не болыпты дейтіндерге "әдеп" сабағының бір күндігіне жолдама алып беру керек.... ал, есі-басы дұрыс, тілін құрметтейтіндерге жүрек өзі біледі не сыйлау керектігін....))))))

+0
07 наурыз 2012, 01:24

Тек қыздар сыйлайтын галстуктен басқа ештеңе таппадыңыздар ма? күлкілііі ғой....Конституция туралы жоғары жаққа жазсаңыздаршы?! А айтпақшы ата-бабамыздың кезінде 8 наурыз да, 7 мамыр да мейрам болмаған. Ол болмаса да, аналарын, қыздарын қатты қадірлейтін сияқты еді қазақ атам.....

+0
07 наурыз 2012, 04:26

Көп нәрсе махаббатқа байланысты ғой..

+0
07 наурыз 2012, 08:19

Күштііііі ғоййй Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйласа )))))))))))) Мен Заң жағына қатты қызығамын, сондықтан маған таптырмайтын сыйлық )))))))))))))))))))

+0
07 наурыз 2012, 09:35

Тууу, жандарыыым сол, біраз өкпелепсіңдер ғой! Жылына бір рет келетін 8-наурызда тұрған не бар!! Ал әйел заты өмір бойы сендердің жағдайларыңды жасап келе жатқан жоқ па? Оның үстіне бізде тек 8-наурыз болса, сендерде тіпті екі мереке 23-ақпан және 7-мамыр)))

+0
07 наурыз 2012, 11:07

қыздардың статусы балалардын статусынан үлкен сондықтан ))))))))

+0
07 наурыз 2012, 14:03

Қатындар мерексі деуші еді гой?

+0
07 наурыз 2012, 19:54

мен осы мейрамда уйде... "ауырып калатын" сияктымын))

+0
10 наурыз 2012, 00:11

казак ер1н калай курметтеп сыйласа, айел1н солай аялаган!!!

+0
11 наурыз 2012, 16:54

тек Біреуге келеді еркелегім!!!!!!!!!!!!

+0
12 наурыз 2012, 17:48

Еркелегім келеді. Еркелетер жан бар ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...