Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қанаттанудың қарапайым қарекеттері

Қанаттанудың қарапайым қарекеттері

Қанаттанудың қарапайым қарекеттері

Жұмысыңыз шаршатты ма? Шырғалаңнан ада болғыңыз келе ме? Ұсынылған осы бір кеңестер сіз үшін кәдеге жарар дедік. Қанаттанудың шабыттанудың алтын ережелері де осылар болмақ...

1. Маңызы жоқ дүниелерге сырт айналғаныңыз дұрыс. Елемеу – ең қиын әдістің бірі. Бірақ бұл әдісті үйренген әрбір адам бақытқа бір табан жақын дей беріңіз. Көп жағдайды жадыда ұстау, оған маңыз беріп қарау сізге зиянын келтіруі әбден мүмкін. Маңызсыз дүниелерді елемеу сіздің артық энергияңызды жемейді, пайдалы жұмыс жасап, ой қорыта білуге мүмкіндік тудырады.

2. Сізге пайдасы жоқ дүниені нақты саралап алыңыз. Кейінде одан құтылудың амалын іздеңіз. Бос уайым мен өкініш, екі ұшты ойға беку секілді ойлардан аулақ болғаныңыз жөн. 

3. Жиі күліңіз. Комедиялық кинофильмдерді көріп, әзілге жақын дүниелерді оқудың пайдасы зор. Қатаң әрі салмақты болып өмірді өткеру қате. Күлкі – стресстен құтылудың, мәселені оңтайландырудың ең пайдалы әдісі.

4. Өмірде жеткен жетістіктеріңізді саралап алғаныңыз жөн. Біз қандай да бір жетістікке жеткенде оған деген жолдың қандай ауыр әрі маңызды екенін ұмытып кетеміз. Өткен жетістіктеріңізден үлгі алыңыз.

5. Денеңізді шынықтырыңыз. Қанаттанудың, жаңа дем алудың ең бір сәтті жолы осы. Жұмыс орныңыздан шығып, аз-кем жүгіріп, серуен құрыңыз. Ағзаңыз сонда ғана қызметін жөнді атқармақ.

6. Өзіңізге барынша жақын ортада болғаныңыз дұрыс. Мейлі, қандай жағдайда болсаңыз да отырған, тұрған, жүрген жеріңізде тек өзіңізге ыңғайлы, ұнайтындай етіп алыңыз.

7. Сәттілікке жол ашқан адамдардың өмір жолын оқып-біліңіз. Шабыттаныңыз, оларға деген қызығушылығыңызды оятыңыз.

8. Біз кейде бір жұмысты соңына дейін бітірмейінше орнымызды ауыстырмаймыз. Мүмкін басқа да жұмыстарды қатар атқарып көру керек шығар? Бір әрекетті жасай бергеннен адамның қанаты талып, шабыты жоққа аналады. Дәл осылай мәселенің шешімін тезірек табуға болады.

9. Жұмыстың бітіп жатқанын, оны өзіңіз өзгенің көмегінсіз жасағаныңызды медет тұтыңыз. Өткенге оралып, өзіңіз жасаған нәтижелерді көріп, білуіңіз маңызды. Бұдан да қанаттана аласыз.

10. Өзіңіздің жасап жатқан жұмысыңыз туралы айтыңыз. Отбасында да, жұмыста да. Істі тындырымды етіп атқарып жатқаныңызды, пайдалы іспен айналысып жатқаныңызды айтып, олардың да әрекеті туралы сұраңыз. Бұл жауапкершілікті қажет ететін іс. Себебі жақын адамдарыңызға айтқан соң бұл істі сіз одан жа жақсырақ етіп жасауға шабыттанасыз.

11. "Энергетикалық вампирлерден" сақтаныңыз. Сіздің жұмысыңызға, нәтижеңізге қырын қараушылар, сенбеушілер, күдік ойлары басым адамдардан алыста болғаныңыз дұрыс-ақ. Скептиктер мен пессимистер ойыңыздың күлін көкке ұшыруы да мүмкін.

12. Нақтыланған мақсат құрғаныңыз абзал. Мақсаттарыңызды жазып алсаңыз да бұл іс пайдасыз емес. Бір істі жалғастыру үшін шабытыңызды қайта оятып әуре болғанша автоматты түрде қағазға қарап білсеңіз санаңыз бұған дайын болмақ. 

13. Қандай да бір істі бітірген соң өзіңізге сыйлық жасаңыз. Рахаттана біліңіз.

14. Жеңілгеніңізді де мойындай біліңіз. Сәтсіздік те сәттілік секілді – ісіміздің нәтижесі ғана. Басқа дәнеңе де емес. Қанаттанудың ең қатігез жауы – қателіктен қорқу. Сіз істі бастамағаныңыздан қорыққаныңыз дұрысырақ.

15. «Жоқ» дей біліңіз! Бос ойын-күлкіге, қызығушылықтарға, депрессияға жоқ дей біліңіз. Істі бастамай тұрып, оның сізге қаншалықты пайдасы барын ойлаңыз.

16. Көңілді адамдарды іздеңіз. Позитив – көңілсіздік, жылаңқы болу, уайымдау, арыздану, сылтаурату деген секілді жаман қасиеттерді жеңе алады. Ал көңілді әрі тапқыр адамдар ғана жетістікке жетпек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

3051 13
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 10 наурыз 2013, 16:03
Пікірлер
+0
10 наурыз 2013, 16:29

рақмет! тура осыны оқуым керек болып тұр еді, саралап қарасам, көпшілігінен тым алыстап кетіппін, әсіресе, тез арада спортқа көңіл бөлу керек сияқты

+0
10 наурыз 2013, 17:15

ал жүгір тоғыз этаждан түсіп шығып :lol:

+0
10 наурыз 2013, 17:13

Көңілді адамдарды іздеңіз. Маған әрдайым әзілі жарасқан адамдар ұнайды. Өміріне шағым айта беретіндерден тыңдап отырып-ақ шаршап кетем.

+0
10 наурыз 2013, 17:28

Көп рахмет, :!: :!: :!: :!: :!: :!:

+0
10 наурыз 2013, 18:14

кәдімгідей қанаттанып кеттім ғой :lol: :lol: :lol:

+0
10 наурыз 2013, 18:14

Скептиктер мен пессимистер әлі де арамызда жүр :lol:

+0
10 наурыз 2013, 19:05

Күлкі –мәселені оңтайландырудың ең пайдалы әдісі. мыналардың ішінде менің қабылдай алатыным күлу екен)))) :lol:

+0
10 наурыз 2013, 20:48

маған керек кеңестер екен

+0
10 наурыз 2013, 22:14

Далага шыгып айкайлап тұру керек,рахаттанып қаласың,әсіресе қыздар :D

+0
11 наурыз 2013, 09:13

Жоқ дей алмайм көбіне ((

+0
11 наурыз 2013, 10:36

Дұрыс кеңестер)

+0
12 наурыз 2013, 09:40

2 күн дегенде оқып біттім. Күшті жазылған, кеудем толып кетті позитивке)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...