Су-ли-фа ойынында жеңудің жолдары

Су-ли-фа ойынында жеңудің жолдары

Танымал су-ли-фа ойыны сәттілікке негізделген деп ойлайсыз ба? Жоқ, ол да шахмат сияқты ойлау қабілетін талап ететін, ақылын қосып, ұсақ заттарға зейінмен қарай алатын адамдарға арналған стратегиялық ойын.

Қазірде жастар көптеген даулы мәселелердің шешімін тағдырға қалдырып, су-ли-фа ойыны арқылы бақ сынасады. Осындай кездері ұтқыңыз келсе, біздің кеңестерімізді есте сақтап жүріңіз.

Ойынның шарттары өте оңай, барлық ойыншылар бір кезде құдық, қағаз, қайшының бірін "лақтыруы" керек. Қағаз құдықтың бетін жабады, қайшы қағазды кеседі, қайшы құдыққа батады. Бірдей болса, қайта ойнатылады.

Ал мынау ойында ұту сырлары:

  1. Ер кісілер жиі жағдайда бірінші құдық лақтырады. Жігітке қарсы ойнасаңыз, бірінші қағаз лақтырып көріңіз.
  2. Тәжірибелі ойыншылар сізді аңқау деп бірінші қағаз лақтыруы мүмкін. Ондайларға қарсы қайшы қолданыңыз.
  3. Екі рет қатарынан құдық лақтырған адамның үшінші рет құдық лақтыру мүмкіндігі өте аз. Көп жағдайда бұндай ойыншы үшінші рет қайшы лақтырады. Оған қарсы құдық қолданыңыз.
  4. Тәжірибесі аз ойыншылар алдыңғы ойында оларды жеңген белгіні қолдануы мүмкін. Есіңізде сақтап, өзіңіздің пайдаңызға жаратыңыз.
  5. Ойыншының  саусақтарына мұқият қараңыз. Қандай саусақтар босаңсып, қайсылары ширатылып тұрғанына байланысты қорытындылар жасауға болады. Құдық тастаймын деген адамның барлық саусақтары, қайшы лақтырғысы келгеннің екі саусағы ширатылып, ал қағаз дайындап отырғанның еш саусағы ширатылып тұрмайды.
  6. Қағаз - ойында ең аз қолданылатын белгі. Сондықтан ойыншылар оны көп жағдайда күтпейді. Осыны пайдаланып, қағаз лақтырыңыз.  Қағаздың түсу мүмкіндігі - 29,6 пайыз, құдық - 35,4 пайыз, ал қайшы - 35 пайыз екен.
  7. Сізге қарсы ойнайтын адамның басқалармен ойынын қараңыз. Мүмкін оның өзіндік ойын стратегиясы бар шығар.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: interesant.net 

С. А