Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?

Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?

Тағдыр дейміз ғой, ал біз тағдырымызды өзгерте аламыз ба? Мына әңгіме-мысалдан соң түсінерсіз?

Әкесі мен баласы ферма ашты. Жануарлар аз еді, бір-ақ жылқы болды. Кейінде ол да жоқ болды.

- Ойбуй, жаман болды ғой!-десті көршілер.

- Жаман ба, жақсы ма – кім біледі?-деді әкесі.

Аттың жоғалған ізі суып, ұмытыла бастаған. Бір күні ат қайтып келіпті. Соңынан бір топ еріп келген екен.

- О! Жақсы болды ғой!-десті көршілер.

- Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?-депті әкесі.

Бірде баласы бұл аттарға мініп көре бастайды. Кенет асау ат тулап, баланы жығып кетеді. Оның аяғы сынғаны белгілі болады.

- Ақыры жаман болды-ау!-десті көршілер.

- Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?-деді әкесі.

Тура бір аптадан соң әскери адамдар келді де, ауыл-аймақтың жас жігіттерін соғысқа әкетіп жатты. Баланы аяғы сынғанына байланысты қалдыруға тура келді.   

Енді айтыңызшы, жаман ба, жақсы ма?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: namys.kz

А. Құлтай