Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ақылды болсаң, неге кедейсің?

Ақылды болсаң, неге кедейсің?

Ақылды болсаң, неге кедейсің?

Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.  

Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуіндей-ақ, осы мәселені тек әзіл ретінде қабылдағанымыз аздық етеді. Кедейлікте өмір сүргендердің көбі тағдырдың тарантасымен жүруді ең дұрыс шешім деп қабылдайтын көрінеді. Олардың ойынша, қанша қарекет қылғаныңызбен, қолдан келер дәрмен жоқ. Айта көрмеңіз! Егер адам өз өміріндегі оқиғаларға үшінші жақтан көрермен ретінде қараса, әрине дәл осы жағдай болмақ. Тіпті күрес жолына белсенді түрде шықсаңыз да, қиындық пен сәтсіздіктерге кезіккен сайын кері кету ойы да үдей түспек. Сонымен, мықты делінгендер ғана бұл сынақта үстем бола алады. Бай болуға деген қандай да бір әрекетке барсаңыз, біреу тоныңызды алып қалмайтынын да ұғу керек-ау, қалай қарайсыз?

Біреулер баюды қаңылтыр темірге тиын жинаудан бастайды. Бұл әдіс жоғарыда келтірілген шопанның ісі. Тағы да бір айтатынымыз, әрекетке бару алдындағы жағдайда кедей қиындықтарды ғана ойлап, қорқынышын үдетеді. Мұның қате екенін «Ой деректене түседі» («Мысли материализируются») деген аксиома дәлелдеп берсін.

Ал, «көп сөз – көмір», ақыл айту оңай-ау, одан да бақуаттылардың дүниетанымын тізейік.

  • «Бір ғана кеңесті естен шығармаңыздаршы: Қазір жұмыс жасайтын емес, өзіңіз жұмыс жасағыңыз келетін қызметке сай киіну керек». Дональд Трамп
  • «Егер қиын жұмыс болса, мен оны тек жалқау адамға тапсырамын. Ол бәрібір де бұл жұмыстың оңай шешімін тауып алады». Уолтер Крайслер
  • «Тырыса беру керек, төзіммен тырысу керек. Бұл дарыннан да жақсы қасиет. Жолы болмаған дарындар жетерлік. Бұл білімділіктен де жақсы қасиет. Бұл әлемде білімді кедейлер көп». Рей Крок
  • «Жоғарыда тұрғандар ол жерге аспаннан түскен жоқ!» М.Уошлинг
  • «Туысқандардан бір ғана көмек бар, ол саған кедергі келтірмеу. Олар сені өзгелер сияқты оқып, жұмыс жасағаныңды қалайды. Қандай да бір бастауыңды, нәтижеңді жоққа шығарып, мойындай алмайды». Белгісіз автор.
  • «Әрбір адамда қол, аяқ және аптасында 168 сағаты бар. Жолы болмайтын адамдар 168 сағатын жоғалтады, ал сәтті адамдар 168 миллион ақша таба алады». Нельсон Мандела
  • «Кімде-кім өндірісін жаңадан бастап, енді ғана іске кіріссе, оған жігіттігі үшін медаль беру керек». Владимир Путин
  • «Сәтсіздік – бұл ісіңді қайтадан, бірақ жақсылап жасауға мүмкіндік». Генри Форд
  • «Жігіт дұрыс өмірінде дұрыс бағыт табуы керек, ал қыз дұрыс бағыт таңдаған жігіт табуы керек». Белгісіз автор
  • «Қателігіңді мойындамай жатсаң, бұл сенің екінші қателігің». Қытай нақылы
  • «Өмір тек мықтыларды ғана сынап, тізерлетеді. Себебі олар қайта тұра алады. Ал әлсіздер онсыз да тізерлеп отыр». Белгісіз автор
  • «Ақша – бақыттан гөрі, материалдық бостандық әкеледі». Роман Абрамович
  • «Қол жетпейтін мақсат болмайды. Тек сылтаулар мен жалқаулық әзірге жеңіп келеді». Белгісіз автор
  • «Өз ісінің нәтижесін бірден көргісі келетіндер етікші болсын». Альбет Эйнштейн
  • «Күні бойы жұмыс істейтін адамның ақша табуға уақыты да жоқ». Джон Рокфеллер
  • «Сіз интернетте болмасаңыз, бизнесте те болмағаныңыз». Билл Гейтс

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: feat-tn.com

1279 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 21 ақпан 2013, 00:35
Пікірлер
+0
21 ақпан 2013, 08:44

"Туысқандардан бір ғана көмек бар, ол саған кедергі келтірмеу" деген сөзге ойланып қалдым... :roll:

+0
21 ақпан 2013, 10:49

«Егер қиын жұмыс болса, мен оны тек жалқау адамға тапсырамын. Ол бәрібір де бұл жұмыстың оңай шешімін тауып алады». Уолтер Крайслер тауып айтқан ;)

+0
21 ақпан 2013, 11:13

Бұл жүйе барлық әлемдік компанияда қолданылады :idea:

+0
21 ақпан 2013, 11:14

әрқайсысы тауып айтқан екен

+0
21 ақпан 2013, 11:22

Маған бірінші сөз ұнады есте ұстайтын екен

+0
21 ақпан 2013, 12:12

«Туысқандардан бір ғана көмек бар, ол саған кедергі келтірмеу. Олар сені өзгелер сияқты оқып, жұмыс жасағаныңды қалайды. Қандай да бір бастауыңды, нәтижеңді жоққа шығарып, мойындай алмайды». Белгісіз автор.
«Өмір тек мықтыларды ғана сынап, тізерлетеді. Себебі олар қайта тұра алады. Ал әлсіздер онсыз да тізерлеп отыр». Белгісіз автор. КЕЕ-РЕЕЕ-МЕЕЕЕТ!

+0
21 ақпан 2013, 12:29

«Сіз интернетте болмасаңыз, бизнесте те болмағаныңыз» Билл Гейтс. Интернетте көп отыратыныңды осымен ақтап алуға болады екен :D

+0
21 ақпан 2013, 15:30

:D :lol:

+0
21 ақпан 2013, 12:36

«Қол жетпейтін мақсат болмайды. Тек сылтаулар мен жалқаулық әзірге жеңіп келеді». Белгісіз автор. Мықты айтылған. Осындайларды оқып отырып, еріксіз мойындайсың..)

+0
22 ақпан 2013, 02:19

бәрі де керемет. Путинді көрем деп ойламаған едім

+0
23 ақпан 2013, 21:29

«Өз ісінің нәтижесін бірден көргісі келетіндер етікші болсын»
Дұрыс.......Альбет Эйнштейнмен тоолық келісем........

+0
24 ақпан 2013, 13:26

«Егер қиын жұмыс болса, мен оны тек жалқау адамға тапсырамын. Ол бәрібір де бұл жұмыстың оңай шешімін тауып алады». Уолтер Крайслер --- ОСЫ СӨЗДІҢ АВТОРЫ БИЛЛ ГИТС ЕДІ ҒОЙ? :?:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...