Сен бір жұмбақ адамсың...

Сен бір жұмбақ адамсың...

Адамның ең үлкен қасіреті – кешегі жоғалтқаны емес, қайта өткендегі қасіреттен айыға алмауы;

Адамның ең үлкен ақымақтығы – алдындағы қатерлі орды байқай алмауы емес, сол орға екінші рет қайта түсуі;

Адамның ең құлазыған кезі – күткен адамның одан әрмен күттіруі емес, сол адамның өзінен алыстап кетуі;

Адамның ең іш пыстырарлық кезі – бірдеңе істей алмай қалуы емес, не істерін білмеуі;

Адамның ең қатігездігі – біреуді арандату емес, оған көмескіде ор қазуы;

Адамның ең масқаралығы – басқалардың несібесіне ортақ болуы емес, өзіне тиесілі несібеден айырылуы;

Адамның ең пасықтығы – тән сату емес, ар-ожданын сатуы;

Адамның ең азапты шағы – сүйген адамына қол жеткізе алмауы емес, сол сүйген адамының бақытқа кенеле алмауы;

Адамның ең бақытты шағы – бір шоқ гүлге ие болуы емес, мәңгі гүлге орануы;

Адамның ең көңілді шағы – басқалардың саған шаттық бағыштауы емес, қайта сенің басқаларға көңілділік сыйлауың;

Адамның ең зеректігі – басқалардың байқай алмағанын байқау емес, байқағысы келмегенін байқауы;

Адамның ең бай кезі – алтынға ие болған кезі емес, алтынға да сатып ала алмайтын дүниелерге қолы жеткен шағы;

Адамның ең ардақты кезі – оның істеген жақсылығын басқалардың ескеріп жүруі емес, өзінің басқаларға істеген жақсылығын ұмытып қалуы;

Адамның ең ұлылығы – бұл дүниені жаратуы емес, бұл дүниені жарататын адамды жаратуы.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: qing.weibo.com

M. Auelkhan