Бізге қандай қыз керек?

Бізге қандай қыз керек?

Қызға алғаш көз салғанда басымызға түрлі ой келеді. Сол қызды біраз зерттеп, талдап тастаймыз. Ал біздің көңілімізден шығуы үшін қыз қандай болуы керек? Осы сұраққа жауап іздеп отырып, массагеттік жігіттер біраз талаптарын жазып шықты. Олай болса, оқып көріңіздер. 

1. Қыздар жігітке жағып, сыйлы болам десе, болмайтын нәрсеге сөз таластыратын ұрысқақ болмауы керек.  Кез келген мәселені қызға тән нәзік мінезбен, еркелікпен шешіп кете беруге болады. Қыз еркелеп, сызылып тұрса, "сынамыз да қаламыз".

2. Білгішсініп, ақылсынып, көп пікір айта бергенін ұнатпаймыз.  

3. Өз пікірін, өз ойын шеберлікпен жеткізсе, қатты риза боламыз.

4. Әрқашан бірдеңемен айналысып, бос жүрмесе, жігіттердің көзімен қарағандағы ең сүйкімді, ең әдемі, ең көркем қыз сол.

5. Бірінші орынға жігітінің айтқан сөзін қойып, жұмыс жасаймын, үйтем-бүйтем деген әңгімелерін қойып, толық бойұсынғанын жақсы көреміз. Енді оны кім жаман көрсін… 

6. "Үндемесем басына береді" деген ойларынан айнып, өз миссиясына бел шешіп кіріскенін дұрыс көреміз.

8. Қыз баланың негізгі миссиясы – шаңырақтың берекесін келтіріп, ұрпақты салиқалы етіп тәрбиелеу.

9. Бұл жігітке құл болу деген сөз емес. Оның қызметін жасау деген мағына. Осылай істегенде ғана үй іші махаббатқа толып, отбасы бақытты болмақ. Әйел де елге сүйкімді болып, өз миссиясын абыроймен атқарып шықса, ерлік деген – осы!

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mail.ru