Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жаным, сен менің анам сияқтысың!

Жаным, сен менің анам сияқтысың!

Жаным, сен менің анам сияқтысың!

Жігіттерге қыздар тарапынан жаға қоймайтын қылықтарды айта кетсек. Бұлар жігіттерге кейде ұнауы да мүмкін. Тек анасындай тым қамқор болып, жасанды қылық жасайтын қыздардың бары да жасырын емес. 

Бәрін қазбалап сұрау

Жігіттердің көбі асты-үстіне түсіп, жағдайын жасағанды ұнатады. Үнемі әлденені есіне түсіріп, ұмытпауын ескертіп жүретін қыздарды керек ететін жігіттер де жоқ емес. Бірақ анасының аузынан күн сайын естіп жүрген оларға кейбір қыздар тарапынан айтылатын ескертпелер аса ұнай бермейді. Қыздар өздерінің мұндай сөздерді қалай көп айтатындығын кейде аңғармайды да. Енді бір сәт ойланып көріңіздерші. Сіздер де мына сөздерді (не осыған ұқсас сөздерді) жиі айтасыздар ғой:

  • "Жан, сен қайда болдың?"
  • "Хабарламаға бір сағаттан соң жауап жаздың ғой. Не болды сонша?"
  • "Бүгін қаншада ояндың?"
  • "Таксиге қанша теңге бердің?"
  • "Өткенде менімен таныстырған жолдасыңның қызы бар ма?"
  • "Анау қыз сенен көз алмайды ғой. Танысың ба?"
  • "Мына бөтен нөмір қоңырау шалыпты ғой саған. Кім ол? Не дейді?"

Шектен шыға еркелету не алдау

Көптеген қыздардың пікірінше, жігіттерді алдап өмір сүру керек. Қыздар, олар аңқау емес.

  • "Менің жаным ұрыспайды"
  •  "Жан, сен мықтысың ғой"
  • "Өзі сондай ақылды"
  • "Сенің миың көп қой"
  • "Менің жанымның күші көп"
  • "Ертегі айтып берейін бе?"

Дәл осылай баладай еркелету көп жігіттің жанына жаға қоймас.  

Тінту не тыйым салу

Үйге барса, анасы, үйден шықса, сіз... Қалтасын тінтіп, телефонын шұқылап, жеке почтасына барлау жасап мазасын жиі алатындар да аз емес. Одан қала берсе, әкесі мен анасындай балан үйрегін көрсете тұрып тыйым салады келіп. 

  • "Енді бұлай жасаушы болма!"
  • "Осыдан кейін тағы қайталайтын болсаң, менімен қоштаса бер!"
  • "Шылым шеге бермеші!"
  • "Менен басқа қыздың нөмірі тұрмайтын болсын тізімде"
  • "Почтаңның құпия санын айтшы"
  • "Неге еркінсіп жүрсің?"

Жиі ескертпелер жасау

Дегенмен, мұндай ескертпелер кей жігіттердің жанына майдай жағады екен. 

  • "Басыңды жусаң, қалпақ киіп шық. Суықтап қаларсың"
  • "Қолшатырыңды ала шық, жаңбыр құйып тұр"
  • "Жеткен соң маған хабар бер. Уайымдап қаламын" 
  • "Неге сонша ұзақ хабарсыз кеттің? Бір нәрсеге ұрынып қалды ма деп қорықтым ғой"
  • "Жаным, кілтті ала шығуды ұмытпа!"
  • "Дәрілеріңді уақытылы ішіп жүр"
  • "Тамағыңды жеп ал, суып қалады"

Мұндайды ұнатпайтын жігіттер де жоқ емес. Егер сіздің ескертпеңіз оған қай жағынан болса да пайда беріп жатса, онда ол мүлде басқа әңгіме. Бірақ онсыз да түсінікті әрі естен шықпайтын нәрселерді қайта-қайта ескертіп айта бергенді сізді жігітіңіз іштей болса да жақтырмауы әбден мүмкін. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mail.ru

6442 24
Рейтинг: +7

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 13:37
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 12:11

"Өзі сондай ақылды" дегеніңде алдап тұрғаныңды білсе де, іштей бір марқайып қалады ғой :D

+0
18 ақпан 2013, 12:18

Мәз болдың ғо, Мәкәлөк. Тәжірибеңде қолданып жүрген сияқтысың ғо :)

+0
18 ақпан 2013, 12:21

Түш, Кураш :)

+0
18 ақпан 2013, 12:24

туу, мен осындаймын ғой

+0
18 ақпан 2013, 12:25

Ок! Ештеңе демей-ақ қояйын. Тиіскім келіп отыр саған... Тиіскенді жақсы көретінімді білесің ғой :D

+0
18 ақпан 2013, 12:26

бұзыыыық ;)

+0
18 ақпан 2013, 12:26

Хе хе біраз алдаутыруларды айтам енді бірақ мен көп алдамайм.))

+0
18 ақпан 2013, 12:27

Бәрінен де фотосы ұнады :)

+0
18 ақпан 2013, 12:33

Не айтсаң да, шынайы айтылған сөз жүрекке жетеді деп ойлаймын.

+0
18 ақпан 2013, 12:45

"Енді бұлай жасаушы болма!"
"Осыдан кейін тағы қайталайтын болсаң, менімен қоштаса бер!"
"Шылым шеге бермеші!"
"Менен басқа қыздың нөмірі тұрмайтын болсын тізімде"
"Почтаңның құпия санын айтшы"
"Неге еркінсіп жүрсің?" :evil: :evil: :evil: :evil: :evil: :D

+0
18 ақпан 2013, 13:16

:lol: :lol: :lol: :lol: :twisted:

+0
18 ақпан 2013, 15:43

Маған "біреудің" әрекеті ұнайды. Тым ұсақталмайды. Бірақ қызғанып қалса, сұрағынан-ақ байқалады :D

+0
18 ақпан 2013, 18:53

Бәрі дұрыс жазылған.... Қосылам ))) :geek:

+0
18 ақпан 2013, 19:20

мен осылай сұрақтарды көп қойамын жігітіме :D :D :D :D

+0
18 ақпан 2013, 19:28

Жансая кордінба дурыс пекен сондай сурактарды коп койган????

+0
18 ақпан 2013, 19:29

Маган?

+0
18 ақпан 2013, 19:32

Маған ондай сұрақтарды қойма деп жынданушы едіңіз :roll: :roll: :roll: сонда дұрыс болғаныма

+0
18 ақпан 2013, 19:55

Иа окыдынба жаным ондай сурактардын дурыс емес екенін 8-)

+0
18 ақпан 2013, 19:57

:roll: керісіншеее дұрысқой

+0
18 ақпан 2013, 20:01

Жогарыны жаксылап окып коргін керісінше дурыс емес деген гой жан

+0
18 ақпан 2013, 21:55

Дұрыс, не дұрыс еместігін оқырман өзі анықтай жатар. Мұнда тек қыздар кейде жігіттің мамасы секілді болып кететіндігі жөнінде айтылған ғой :) қандай сөздері соларға ұқсап кететіндігі :)

+0
18 ақпан 2013, 22:39

Соңғы жазылған ескертпелерді кейде айтып қаламын, ол соған мәз болады. :) .

+0
21 тамыз 2013, 02:05

:lol: :lol: :lol: , түүүууу, Ақеркеш, жазбайтының жоғ-ау :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...