Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жазуыңыз қандай?

Жазуыңыз қандай?

Жазуыңыз қандай?

Жазба мен мінез-құлық байланысын графология ғылымы зерттейді. Ол адамның қол жазуына қарап, оның ақылын, жігерін, өзін-өзі бағалауын, эмоционалдылығын және тағы басқа қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. 

Қол жазуының көлемі адамның көпшіл екенін көрсетеді. Айталық, ірі қол жазуының иелері түрлі адамдармен тез тіл табыса алады, сәйкесінше достары да көп болады. Ал майда жазулар адам мінезінің тұйықтығын көрсетеді.

Қырлы әріптер өзімшіл адамдарға тән, ал домалақ әріптермен жазудың иесі мейірімді де қайырымды келеді екен.

Басып жазу – жігерліктің, шыдамдылықтың белгісі. Салмақ түсірмей жазу жігерсіз, ынжық адамдарға тән қасиет.

Көркем жазу адамды міндетті, ұқыпты, бірақ біреуге бағынышты адам ретінде суреттейді. Түзу жазу адамның мінез байсалдылығын көрсетеді екен.

Көсілте жазылған жазу белсенді, білімқұмар, көңілді мінезді адамдарда болады. Түсініксіз қол жазулары адамның отты, аңқау екенін және де күйгелек келетіні жайлы айтады.

Біріктіріп жазу (сөздегі барлық әріптер өзара байланысқан) логикалық ойлау қабілетінің жақсы екенін көрсетеді. Егер әріптер бірікпеген болса, ішкі түйсігінің дамығандығын айтады.

Жазу кезінде сол жақта қалатын бос жер адамның материалдық құндылықтарға деген көзқарасын көрсетеді. Тар жол қалдырса, жинақтылықты, ал кең жол – жомарттықты айтады. Егер жоғарыда айтылған бос жер төмендеген сайын кеңейе бастаса, бұл ысырапшылдықтың белгісі. Ал тарылатын болса, сараң, ашкөз адам екенін білдіреді.

Оптимист адамдардың жазба қатарлары басынан аяқ жағына қарай көтеріле түседі, ал пессимистікі – төмен түседі. Өз кезегінде тік қатар байсалды, парасатты, өз мүмкіндіктерін шынайы бағалайтын адамдарға тән. Ал қисық, толқын тәрізді қатарлар қулық нышанын білдіреді деседі.

Сонымен қатар, адам қолтаңбасы да көптеген нәрселер жайлы айтып бере алады. Қолтаңбаға қарап, адамның өзінен де жасырып жүрген мінездерін білуге болады-мыс. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: factroom.ru

5163 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 15:09
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 15:10

Айтпаймын, мінезімді біліп қоясыздар :D

+0
18 ақпан 2013, 15:14

білмейм, қолға қарап тұрған ешнәрсе жоқ сияқты...

+0
18 ақпан 2013, 17:34

жазуың нашар болғасын айтуға ұялып отырған шығарсың :lol:

+0
18 ақпан 2013, 15:22

Ал егер асықпай жазатын болса ше? :P

+0
18 ақпан 2013, 15:31

шимақ-шимақ жазу ше? :lol: :lol: :lol:

+0
18 ақпан 2013, 15:36

бастырып жазатынмын, қазір өйтпеймін :|

+0
18 ақпан 2013, 15:36

Ма ма көп нәрсе байқауға болады екен көрмесем сынап

+0
18 ақпан 2013, 15:37

басып жазам, әрбірден басқанда 2 бет жазудан кейін саусақтарымның еті өліп қатқан қыртыс пайда болады.

+0
18 ақпан 2013, 15:42

Men jazganda katty bastyryp jazamin ,sodan keingi 2-3 betke izi kalip koiady

+0
18 ақпан 2013, 15:54

Бір кездері графологтарға барып, қызық үшін қандай екенімді білгім келетін. Ол кезде мектепте оқимын. Қазір қажеті де жоқ сияқты, өзімді жазусыз да танып келемін :)

+0
18 ақпан 2013, 16:29

Anau jogarydagydai menin jazuym shygarma dep turgan! Sonda kaisysyna jatam eken a :roll: ))

+0
18 ақпан 2013, 17:34

қолымды адам түсінбейтін тек өзім түсінетінмін қазіргі күндері түсінікті болып келе жатыр бірақ асыққан кезімде бұрынғы әдетіме басып жазып кетем

+0
18 ақпан 2013, 17:37

менің жазуым 50 жыл стажы бар доктордың жазуы :D

+0
18 ақпан 2013, 17:53

Жазуды мектепте апайымыз карап,мiнездеме беретiн. Жазуым майда,бiрак адемi деп айтады барi(мактанганым емес,шындык). :)

+0
18 ақпан 2013, 20:16

Ал қаламның соңына қарап, адамның не жазып жатқанын оқи алу мүмкін бе? :?

+0
18 ақпан 2013, 22:56

Ал печатный почерк ше?

+0
18 ақпан 2013, 23:10

ірі, басып жазу, қисық сосын адемі емес бірақ өте түсінікті жазам сонда мен қандаймын бәрі қарама-қайшы келеді ғо мынандайларға сене бермеймін бәрі адамның өзіне байланысты 100 % осы дұрыс болар

+0
18 ақпан 2013, 23:18

Жазбагалы коп болды деп па))))) :lol:

+0
18 ақпан 2013, 23:28

менікі көңіл-күйге байланысты түрліше боп өзгеріп отырады. Ал, сонда......................

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...