Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Баланың бал-сұрақтарына жауап...

Баланың бал-сұрақтарына жауап...

Баланың бал-сұрақтарына жауап...

Бала өсе келе қылықты бола бастайды. Сол әрбір қылығын жас ата-ана қызық көріп, еркелетеді. Қазақта «ұл-қызыңның қызығын көр» деген жақсы сөз бар. Сол қызықтың ішінде баланың «Анау не?», «Мынау не?» деген таусылмайтын сұрақтары бар. Сол себепті, сұрақтардың нақты жауаптарын беруді жөн көрдік. Ал оны балаға айтасыз ба, айтпайсыз ба, ол жағын өзіңіз біліңіз...

Тіс пастасында жолақтар қалай жасалады?

Тіс пастасын жасайтын орындарда сықпаның ішіне бірнеше түсті паста салады. Оны сыға түссеңіз, түрлі түсті жолақты паста шыға келеді.

Балықтар су іше ме?

Иә, балықтар су ішеді. Бірақ шөлін қандыру үшін емес, демалу үшін. Балықтар суды жұтып, құрамындағы оттегіні қалдырып, оны желбезек арқылы қайта шығарады.

Жануарлар да ықылықтай ма?

Иә, диафрагмасы бар жануарлардың барлығы да ықылық атады. Мысық, ит, тіпті жыландар да ықылықтайды.

Адамдар неге қызарады?

Егер адам баласы эмоцияға берілсе немесе бір дүние қатты әсер етсе оның артериалдық қысымы жоғарылайды. Қан айналымы жүрген кезде адам бетіндегі қан тамырлар кеңейіп, қанның түсіне әсер етіп, яғни қызыл түсті болады.

Неге далада жел тұрады?

Қарапайым тілмен түсіндірейік. Күн жылуы ауаның температурасын көтереді. Ауа бұдан кейін жоғары көтеріледі. Ал ауаның суық қабаты төменге қарай тартылады. Жоғарыға көтерілген ыстық ауа суи бастаған кезде ол төмен қарай ағылып, ал төмендегі суық ауа жылып, жоғары көтеріледі. Осы айналым жел деп аталады.

Аспан неге көк?

Күннің сәулесі кемпірқосақтағы барлық түске бояна алады. Бірақ ауаның белгілі бір қабатына көтерілген соң сәуле сынады да, тек кей түстер ғана қалады. Осы құбылыс кезінде тек көк түс қана қалғандарынан қатты шағылысады. Сондықтан аспан адам көзіне көк болып көрінеді.

Жерді айналып шығу үшін қанша уақыт керек?

Жердің ортасынан бөліп тұрған экватордың ұзындығы 40 075 шақырымды құрайды. Егер жаяу жүргінші мүдірместен бір қалыпта жүріп отырса, жерді 8 ай 15 күнде айналып шығады.

Міне, мыңдаған «негелер» мен «қалайлардың» азын-аулағын еске түсірдік. Ал сіз білетін тағы қандай сұрақтар бар?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rmiargentina.com

12302 15
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 ақпан 2013, 14:49
Пікірлер
+0
15 ақпан 2013, 14:32

бала деген артық машақат қой :lol: :lol: :lol:

+0
15 ақпан 2013, 14:42

жыландар да ықылықтайды? :shock: Тағы қандай сұрақтар бар еді... ммммм

+0
15 ақпан 2013, 14:48

мыналарды өзім де білмеппін :)

+0
15 ақпан 2013, 15:03

бала бүл жауаптарға да түсінбейді ғой

+0
15 ақпан 2013, 15:07

ықылық атқан жылан))

+0
15 ақпан 2013, 15:41

Tym kiyndaugoi mynadai jauaptar!Ai tusinbeidi ityndy shygaradygoi odan ari :D

+0
15 ақпан 2013, 16:13

"Тауық неге бір аяғын көтеріп, демалып тұрады" деп сұраған ғой, сөйтсе біреу, "жындымысың екі аяғын көтерсе құлап қалмай ма" деп жауап беріпті.

+0
15 ақпан 2013, 20:26

мынандай сұрақтардың жауабы осындай болатынын білмеппін дал осылай жауап беретін шынымен-ақ түсінбейді ғо өзім түсіну үшін 3 қайтара оқуға тура келді. жалпы өте қызық екен

+0
15 ақпан 2013, 23:04

:lol: мынаны тошна түсінбейді. "Ол не зат?" деген деген сұрақтар көп боп кетеді

+0
15 ақпан 2013, 23:08

Даа, Ардақ балалармен жақсы жұмыс жасайды екенсің, точнее жасай алмайды екенсің :D

+0
15 ақпан 2013, 23:10

Аха, әзірге маған қыздармен жұмыс жасау жетеді :lol:

+0
15 ақпан 2013, 23:18

құдай осы күнге жеткізсін былдырлатып жауап беретін

+0
15 ақпан 2013, 23:19

Өмірдің мәні неде? деп сұрар едім бір данышпанды білсем)

+0
16 ақпан 2013, 09:57

ия сосын "диафрагма" дегенди тусиндирип кор

+0
17 ақпан 2013, 00:58

оттегі, диафрагма, эмоция, экваторды түсіндіру үшін тағы отырасың ғо сосын :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...