30 секундтық сынақ

30 секундтық сынақ

Сынақ дегенге қолыңызға қалам мен қағаз алудың қажеті шамалы. Жазбаны соңына дейін оқысаңыз, соның өзі жеткілікті. Егер жауабын білмесеңіз, келесі сұраққа өте беруіңізге болады.

Сұрақтар:

  • Әлемдегі бес мемлекет басшыларының аты?
  • Жақынғы бес жылдағы есіңізде қалған Нобель сыйлығы лауреаттары?
  • Әлем аруы атағын еншілеген бес сұлу?
  • Пулитцер ақпарат сыйлығын алған үздік бес журналист?
  • Оскарды еншілерген бес фильм, бес үздік әйел актер мен ер актер?

Сауалдарға жауап беру үшін Google-датып жіберуіңіз мүмкін. Оның қажеті жоқ. Бұл әйгілі жандардың есімі есімізде тұра бермеуі мүмкін. Марапаттау аяқталады, сыйлықтар мен жүлделер ескіреді. Ат-атақ, куәліктер бұрынғысындай құнды болмайды, ұмытылады.

Енді тағы бір сынаққа назар аударыңыз. Бұл жолы қалай жауап беретініңізге қараңыз:

  • Мектеп жылдарында сіздің білім алуыңызға ең үлкен шабыт беріп, жәрдемші болған үш мұғалім?
  • Қиыншылыққа жолыққанда сізге қол ұшын берген үш досың?
  • Өмір жолында сізге өте керекті болған істерді үйретіп, тәрбие-өнеге көрсеткен бес адам?

Бұл сұрақтар сізге оңай сезілетін шығар, солай ма?

Қандай шабыт алдыңыз?

Есіңізде болсын, өмір жолында шынайы әсер ететіндер ең көп даңқ-мәртебеге, ең көп бақыт-байлыққа немесе ең көп сыйлықтарға ие болған әйгілі адамдар емес, қайта өзіңізге шынайы көңіл бөлетін осы адамдар болмақ.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: ask.qyer.com

M. Auelkhan