Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Күте тұруды үйреніңіз

Күте тұруды үйреніңіз

Күте тұруды үйреніңіз

Тұрмыстың несібесіне бір-ақ жолда ие боламын деп асықпаңыз. Кей кездері байыптылықпен күте тұруға тура келеді. Жартасқа барып айғай салсаңыз да, сәлден соң ғана жаңғырықты естисіз. Өмірдің сізге сыйы мен жауабы бар, алайда, барлығын қолма-қол бере қоймайды, айта қоймайды.

Өмірдің шындығын күту арқылы түсінесіз. Жастық шақтың да тамаша мезеті күтуден, аңсаудан кейін ғана бір-бірлеп жақындай түседі. Ләззәті да мәңгілік есіңізде қалады. Күйгелек болсаңыз, сол көркем сәтті көре алмай қалуыңыз мүмкін. Онда өмірдің де сіз армандағандай бейнеде өзгеруінен үміт етпеңіз.

Бір жолаушы жолда келе жатады. Үлкен өзенге жолығады. Өзен жағасында бір әжей судан өте алмай тарығып тұр екен. Әбден болдырып, сілесі қатып келе жатқан жолаушы бар күшін жұмсап, әрең дегенде әжені өзеннен өткізеді. Бірақ, өзеннен өткен соң әлгі қарт адам оған ләм-мим деместен кете барады. Жолаушы іштей өкініп қалады: «Бір ауыз рақмет айтуға да жарамады ғой мына кісі» деп. Жолаушының ілбіп келе жатқанына ет асым уақыт өтеді. Сол кезде артынан бір жас жігіт қуып жетеді. Жолаушыға: «Рақмет сізге, әжемді өзеннен өткізіп қойғаныңызға! Әжем сізге сәлемдеме беріп жіберді» деп мол азық-түлік түсіріп жатып: «Мына заттарды алып жүруге сізге көлік керек қой» деп астындағы атын да мінгізіп жіберген екен.

Тағдыр деген алып бәйтерек сияқты. Ал өмір оның саясында ұшып-қонып жүрген құс тәріздес. Күндердің күнінде өмір сапарыңызда нөсерлі дауылға жолығып, оған төзу мүмкіндігі болмаған сәттерде, сізге тек жарқын күнді күту бақыты ғана бұйырады. Сіз сол кезде бәйтеректің өзіңіз тұрған жағына да күн түсетінін, оның ық жағы мен желді, ызғарлы жағының болатынын білуге тиіссіз.

Иә, солай. Тек сабырмен күте тұрсаңыз, өмір сізге ойламаған жерден сый жасауы мүмкін.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: blogspot.com 

2953 12
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 15 ақпан 2013, 14:09
Пікірлер
+0
15 ақпан 2013, 14:14

Өмірдің шындығын күту арқылы түсінесіз.

+0
15 ақпан 2013, 14:28

өмір несібесі көрсете жатар. Адам баласы күттіріп қойғанды жақсы көреді :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
15 ақпан 2013, 14:42

оданша күткізбеуді үйрету керек, меніңше :cry:

+0
15 ақпан 2013, 15:22

Күтейік ендеше.. :P

+0
15 ақпан 2013, 16:43

Барлық нәрсеге тек күту, төзім арқылы жетуге болатынына көзім күннен-күнге жетіп келеді. Өмірлік тәжірибем )))))))

+0
15 ақпан 2013, 18:24

өз басым күту мәселесіне келгенде төзімділік танытамын деп айта аламын. ал біреуді күттіріп қойғанда ыңғайсыздыққа тап боламын..

+0
15 ақпан 2013, 18:28

сол ғой ең жаманы-күту, күту, тағы да күту

+0
15 ақпан 2013, 19:49

Жақсы мысал

+0
15 ақпан 2013, 20:38

көп күткенді сұқаным сүймейді. бәрі де өз уақытымен болса құп болар еді :evil:

+0
15 ақпан 2013, 23:07

күтпеген де амал бар ма басқа?

+0
15 ақпан 2013, 23:31

күтуден де шаршайсың кейде, қанша мықты болсаңда)

+0
18 ақпан 2013, 21:25

Куткенине карай бари ойлаганындай болса типти керемет!Ал олай болмай шыкса кыйынын кыйыны сол болмак!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...