Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ерлер мен әйелдер психологиясы

Ерлер мен әйелдер психологиясы

Ерлер мен әйелдер психологиясы

Әйелдер мен ерлердің психологиялық жақтағы айырмашылығы өте көп. Тұрмыс, күйбең тірлік, қайғы мен қасірет, қуаныш пен шаттық олардың психологиясына әртүрлі әсер етеді. Ендеше, психологтардың зерттеулерінен үзінділер жазып көрелік. 

  • Ғашық болу: 50% ерлер тұңғыш кездесуде-ақ қарсы жағын ұнатып қалады, ал 25% әйелдер тек 4 кездескеннен кейін ғана қарсы жағын ұнатады.
  • Достық барыс-келіс: Ерлер балалық шағынан бастап достасады. Әйелдер орта жастан асқаннан кейін ғана дос ұстайды.
  • Некеден кейінгі тұрмыс: Некелі ерлердің тұрмыс-тіршілігін бақытты сезінуі бойдақ жігіттерге қарағанда екі есе жоғары болады. Ал әйелдер көбіне қыз күнінде өзін бақытты сезінеді.
  • Билік жағында: Оқушы кезінде ұл балалар қыз балаға қарағанда билеп-төстеуге әуес келеді. Жас ұлғайған сайын бұл кері шегінеді де. Үйленген соң әйелдер табиғи билеушіге айналады.
  • Қылмысты бөгеу: Ұры-қарыға немесе басқалай зияндауға тап болғанда, әсіресе бала-шағасына қауіп төнгенде қарсылық көрсететін әйелдер ерлерден 25%-ға көп болады.
  • Кесім жасау мен төзімділік: Әйелдердің кесім жасауы мен бір шешімге келуі ерлерге қарағанда қашанда тез болады. Әйелдер аштыққа, шөлге сондай-ақ рухани жақтағы қысымға төзімді келеді.
  • Қайғы: Ерлер қайғырғанда көз жасы жанарында лықсып тұрады. Ал әйелдер жылау мен өксуден тамағы бітіп қалады.
  • Науқасқа шалдығу: Ұзақ жыл созылмалы көмескі науқасы бар ерлер әйелдерге қарағанда көп болады. Ұйқы қашу науқасына душар болатын еркектердің саны әйелдерден екі есе жоғары. Әйелдер бұл жағында да төзімді келеді.
  • Қартаю: Ерлердің биологиялық сағатының жүруі әйелдерден ұзақ. Қабақ, бет сүйектері әйелдерге қарағанда шығыңқы, терілері қалың, әжім сызықтары аз болғандықтан, жас көрінеді. Ал әйелдердің күйбеңі, отбасына, күйеуіне деген уайымы көп болғандықтан, олардың биологиялық сағатының жүруі тез әрі қысқа болады. Әйелдердің ерте қартаятыны сондықтан.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: mail.ru

3993 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 16:57
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 16:23

О, жоқ, қартайғым келмейді )

+0
14 ақпан 2013, 16:31

Қызық )

+0
14 ақпан 2013, 16:37

айел адамнын 40жаны баргой,сондыктан тозiмдi.

+0
14 ақпан 2013, 17:00

әйел деген Африкадада әйел ғой. Әй, еркектер жасасын!

+0
14 ақпан 2013, 18:15

Иа әйелдер ерте қартаяды көп уайымнан

+0
14 ақпан 2013, 18:36

Әйелдерді төзімді, шыдамды деп көп мақтайды, ерлер де осал емес еді ғой

+0
14 ақпан 2013, 18:50

негізінде әйедер ұзақ жасайды екен ерлерге қарағанда. себебі әйелдердің әйелі жоқ екен.

+0
14 ақпан 2013, 18:59

тууу, мынауың енді керемет шындық. :D

+0
14 ақпан 2013, 18:55

:lol: :lol: :lol: :lol: себебі әйелдердің әйелі жоқ екен. :lol: :lol: :lol:

+0
14 ақпан 2013, 22:38

не деген төзімді халық едік?! :)

+0
15 ақпан 2013, 01:31

ақиқатты далелдеуді тоқтату керек әйтпесе жалғыз көздіріміз "еркектер әйелдерден бір таман жоғары тұрады" дегеннен де айырылып қалуымыз мүмкін :mrgreen:

+0
15 ақпан 2013, 10:07

ызықты мәліметтер екен. Өткен-кеткенге және алдағы аға буынға қарағанда ғашық болу мен билік жағындағы рас сөз. :)

+0
18 ақпан 2013, 10:46

Әйелдердің әйелдері жоқ дегенге қосарым бар. БӘРІҢІЗГЕ СҰРАҚ: Не үшін ер адамдар әйелдерге қарағанда ұзақ жасамайды?

+0
18 ақпан 2013, 20:10

Қайырлы кеш! расыменде, әйелдер ерлерден төзімдірек болып келеді. Жалпы ерлер санының аздығы олардың иммунитетінің төмендігінде. Әйелдерде ай сайын қан тұрақталып отырады. Ерлерде бұл процесс жүрмегендіктен, олардың кейбір осалдылықтары байқалып жататыны шындық!

+0
18 ақпан 2013, 20:13

Әйелдердің әйелдері жоқ)))))Әйелдер дегенде міндетті түрде қоршаған ортадағы бейтаныс аруларды елестетудің қажеті шамалы. Әйелдер: аналар, жеңгелер, қарындастар деп те ойлау қажет қой)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...