Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Көзден кетсе де, көңілден кетпесін!

Көзден кетсе де, көңілден кетпесін!

Көзден кетсе де, көңілден кетпесін!

Қиналғанда жаныңыздан табылып сүйеніш болып жүрген жартыңыз сізден біраз уақытқа алыстап кеткенде қалай болар екен? Әрине, сүйгеніңіз жаныңызда болмаса, оңай емес. Әйткенмен, әскерге жігітін шығарып салып, сағыныштан сарғайған қаншама арудың барын да ұмытпайық. Уәдесін беріп, жолын тосатын жандардың дені шыдамды емес. Жігіт әскерге аттанарда қызы шығарып салып, келерде оны жалғыздық күтіп алса - тағы бір махаббаттың сәтсіз аяқталғаны. Мұндай жағдай аз да емес. Ара-қашықтық арасын үзбейтін жұптар да баршылық.  

Ал қалай көзден кеткен адамды көңілден кетірмеуге болады? (Тек жігітін әскерге шығарып салған қыздарға ғана емес)

Тек сол ғана!

Егер оған шын беріліп, өміріңізді сол жанмен байлағыңыз келсе, басқаға мойын бұрмауға міндеттісіз. "Қызға кім сөз айтпайды?" деп аяқ басып жаныңызға келген бөріктіге мүмкіндік беріп қоймаңыз. Арманыңыздың алыста екендігін, уәдеңіздің берік екендігін айтып, жүрегіңізге жаңадан келген жолаушыға "хош" дегеніңіз жөн.

Естелік алып қалыңыз

Сүйгеніңіз жиі пайдаланатын, өзі жақсы көретін дүниесін өзіңізге естелік етіп алып қалыңыз. Екеуіңіз бірге түскен, бақытты күндерден белгі болып қалған суреттің де сағынғанда пайдасы жоқ емес.

 

Онымен жиі хабарласып тұрыңыз

Сүйгеніңізбен күн сайын телефон арқылы байланысқа шығып тұрыңыз. Жақын адамның даусын естіп, жылы сөзін тыңдаудың өзі сағынышыңызды аз да болса басады. Әлеуметтік желілерде "достасып", скайппен бейне-байланысқа шығыңыз. Алыстағы махаббатыңыздың жүзін көріп, даусын ести алмайтын болсаңыз - жиырма бірінші ғасырдың қараң қалғаны. 

Жаныңыз қалайтын іспен шұғылданыңыз

Сағынышқа тек мықтылар ғана төзеді. Сіз де мықты екендігіңізді дәледеңіз, ендеше. Мұңға толы әндерден қашыңыз. Құрбыларыңызбен дүкен аралап, жаңа кітап не киім-кешек сатып алыңыз. Туыстарыңызға қонақ болып, жақындарыңыздың қуаныштарына ортақтасып, той-томалаққа барып тұрыңыз. 

"Хат жазып тұр..."

Ішіңіздегіні айтуға телефон мен интернетті қолайсыз көрсеңіз, бір жапырақ қағаз алып, сүйіктіңізге хат жазыңыз. Ағыл-тегіл ақтарылыңыз. Хат барса, күлер деп қысылмаңыз. Сол хатқа "сағынышыңызды сыйғызып", сезіміңізді самал етіп ұшырыңыз. Техникаға телмірген мына заманда теңіңнен хат алу да бір ғанибет қой.

Күнделік жазыңыз

Иә, күнделік! Хатқа сыйдырмаған түгілі, ішіңізге сыймаған дүниеңізді шығарыңыз. Сырласыңыз! Махаббатыңызға айтқыңыз келетін, бірақ айтуға болмайтын дүниелерді күнделік бетіне түсіріңіз. Сүйіктіңіздің суретіне бір қарап алыңыз да, оны қаншалықты сағынғаныңызды және өзіңізге оңай соғып жүрмегендігін жазып, жеңілдеп қалыңыз. Өзіне оны айта алмауыңыз мүмкін. "Сағынсам, қалай шыдаймын" деп жіпсіз байланып жүрген сүйіктіңізді де түсініңіз. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru

12507 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 12 ақпан 2013, 11:40
Пікірлер
+0
12 ақпан 2013, 12:53

күнделік жазсын күткен қыз

+0
12 ақпан 2013, 13:03

Askerge ketken talai jandardyn kyzdary kute almaidy au shamasy!Kute almaidy.birak kina kai jaktan ekenin bilmeimin!!!! ;)

+0
12 ақпан 2013, 13:45

Кутетiндер бар. Менiн бiр курбым кутiп жур. Кейбiр жiгiттердiн сезiмдерi армияга кеткен сон ошiпте калады екен. Кызы саргайып кутiп журедi,ал ол келедiда баскамен кол устасып кетедi. Не себеп?

+0
12 ақпан 2013, 18:29

тағы бір проблема шықты. баріне дайын болу керек өмірдің жағымды да жағымсыз да тосын сыйлары көп

+0
12 ақпан 2013, 21:11

мен онымеен сөйлеспесем маған қиын.

+0
18 ақпан 2013, 20:07

мен жігітімді армияға жібергім келмейд :cry:

+0
18 ақпан 2013, 21:51

Мен жигитим армияга кетсе кутер ем! Себеби мен куте алам! Мен шын суген жаныммен айырылыскалы 1,5 жыл болды содан бери бир жанды да унатып, бир жанмен кездескенде емеспин мен тек оны гана ойлаймын! :(

+0
19 ақпан 2013, 09:31

"сізді күтер бір бақыт"

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...