Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Әзіліңіз өтпей қала берсе...

Әзіліңіз өтпей қала берсе...

Әзіліңіз өтпей қала берсе...

Достарыңыздың арасында отырғанда әзіліңіз "өтпей" қала бере ме? Серіктестеріңіздің қалжыңдарын түсінбей қалатын кездеріңіз жиі болып тұра ма? Бұны тоқтатудың кезі келді! Әдемі әзілдей біліңіз.

Өмірдің теріс сәттерінен сабақ алып, жағымды жақтарын байқап үйреніңіз. Әзілқой адамдар көбіне оптимист болып келеді. Жұмыстан қуылдыңыз ба, қайғыға салынудың қажеті жоқ, "Одан жақсысын табамын" немесе "Демалатын болдым" деп қуануыңызға болады. 

Өз-өзіңізге күле біліңіз. Бұл - ең дұрыс әдіс. Өзіңізге күле білсеңіз, айналаңыздағылар да сізді тез қабылдайды. Әрі өзіңізге деген ішкі сенімділік пайда болып, сізді тәкаппар тұлға деп  ұнатпайтындар да азаяды.

Өмірге сәбидің көзімен қараңыз. Балалардың кез келген нәрсеге көзқарасы жеңіл болып келеді. Үнемі жақсы жақты көруге тырысыңыз.

Әдеттегіден жиірек күліңіз. Кейде бәрі де сіз ойлағандай болмауы мүмкін, сонда да саспаңыз! Тек алға қадам басуды біліңіз! 

Күлімсіреп, жымиып жүруді әдетке айналдырыңыз. Миыңыз сіздің жақсы көңіл-күйіңізге икемделіп, кез келген жағдайдың жақсы жағын іздеп үйренеді. 


Күлкілі жағдайда ақылсыз болып көрініп қаламын деп қорықпаңыз. Кейде әзілдеріңіз орынсыз әрі онша күлкілі болмаса да, айта беріңіз. Осылайша жаттығатын боласыз. 


Қалжың әңгімелерді оқып, есіңізге сақтап жүріңіз. Достарыңыздың арасында отырғанда қысылмай орынды жерде әзілдеріңізді айтып жіберіңіз. 

Жақсы деген комедияларды көбірек көріңіз. Ең жақсысы -  классикалық комедиялар: "Менің атым Қожа", "Девушка-джигит". Олар тек көңілді көтеріп қана қоймай, қалжыңбас болуыңызға септігін тигізеді. 

Сондай-ақ, күлкілі әдеби шығармаларды оқуды әдетке айналдырыңыз!

Бастысы - өзіңізге сенімді болсаңыз, көп ұзамай әзілқой атануыңыз ғажап емес. 

Суреттер: rzhunimogu.do.am, 1001vopros.com, my.volya-naroda.ru 

4627 17
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 01 наурыз 2012, 17:00
Пікірлер
+0
01 наурыз 2012, 18:00

))) Әзіл айта білу де үлкен өнер, аха? ) Менің бір группаласым бар, оның әзілдері онша емес болса да, соған қарасақ болды, күлеміз ) Әсіресе, отырыстарда. Соның әрбір сөзіне шиқылықтап отырамыз да қоямыз ))) Ал өзіме келсек, көп әзіл айта алмайды екем )

+0
01 наурыз 2012, 18:03

әзіл айту өнер! келісем! Кейде өтпейтін жағдайлар болады. Өз жеке басымнан ондайлар талай болды. Бірақ, қашан да әзіл айтудан жалыққан емеспін. Айта бер, айта бер, сонда әзіл айту өнерің бір жақсы деңгейге өседі

+0
01 наурыз 2012, 18:38

кейде шаршап отырғанда өтпейтін топас анекдоттың өзі өтіп кетіп, ішегің түйілгенше күлесің ғо...)) сондай күлкі ұнайды.)

+0
01 наурыз 2012, 19:18

спорт залда жылан қиналыватыр дейд....не болд десе, шпагатқа отыра алмай жатырмын деп айтад дид....ыықыққықы....қуыватырм )

+0
01 наурыз 2012, 18:47

үндемей отырып отырып, орайлы сәтте тарс етіп айту керек әзілді сосын бәрі жатып қалады күлкіден )).)

+0
01 наурыз 2012, 18:53

Мен шын айтсам, қалжың әңгімелерді, анекдоттарды есімде қалмайды, сондықтан көп әзілдей алмаймын. Бірақ досым, інім қылжақбастар. Неше түрлі әзілдер айтып, ішім түйілгенше күлемін. )) Сол үшін оларды қатты жақсы көрем!

+0
01 наурыз 2012, 23:12

менин группамдагы жигиттердин бари азилкой, асиресе шымкенттик жигит)))

+0
01 наурыз 2012, 23:30

Мен әзілқоймын, ата-анам,бауырларым,достарым әбден үйреніп кеткен, неге екенін білмеймін дұрыстап сөйлейінші десем де бір нәрсе сұраса қалжыңға айналдырып кете берем, айналамдағыларды пародияға салам да жүрем, мұндайдан қалай арылуға болар екен, а, достар???

+0
01 наурыз 2012, 23:41

мағам бере сал!

+0
13 наурыз 2012, 22:57

арылып кайтесин? маган конилди унеми кулимсиреп жузинен жылу тогилип журетин кыздар унайды)) деп айтып калсан я

+0
01 наурыз 2012, 23:52

Жинап, дайындап қоям алып кетіңіз )))

+0
01 наурыз 2012, 23:55

Ой әзіл деген мен үшін ееең оңай нәрсе, серьёзная боп отырам десем де 45 минутқа шыдай алмаймын. Қасымда отыратын парталасым, жан жағымдағы отырғандар болмайтын нәрседен күлкі жасап отырады, ең болмай бара жатқанда бір біріне ужасный түр жасап күледі.)))))))

+0
02 наурыз 2012, 00:27

"""""""""""Жұмыстан қуылдыңыз ба, қайғыға салынудың қажеті жоқ, "Одан жақсысын табамын" немесе "Демалатын болдым" деп қуануыңызға болады. """""""
Бұттан кеттім :)))))))))))

+0
02 наурыз 2012, 11:04

Мейіржан, мына жерді сасыттың ғой)))

+0
02 наурыз 2012, 11:17

бізде бір жігіттің әзілі үнемі өтпейді Алла, қолдай гөр өзің

+0
02 наурыз 2012, 13:52

қай жігіттің әзілдері??

+0
18 наурыз 2012, 17:52

мен әзілдеп аламында,артынан әзіл екенін айтуды умытып кетемин содан коп адамдарды ренжитип аламын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...