Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ұйықтау әдісі және адам психологиясы

Ұйықтау әдісі және адам психологиясы

Ұйықтау әдісі және адам психологиясы

Адамның ұйқы кезіндегі жатысына қарап та оның өмірдегі ұстанымы, адамдармен қарым-қатынасы, мінезі туралы білуге болады екен.

  1. Ана құрсағындағы туылмаған сәби сияқты жататындар – айналасында өзіне қорған болатын жандардың көп жүргенін қалайтын адамдар. Басқалармен араласуы ақырындау, адамның жақсы-жаман мінезін бірден ажырата қоймайды. Өте сезімтал, жараланғыш, мейірімді болғанымен, сырт көзге бұл қасиеттерін көрсете бермейтін жандар. Өзіне таныс емес ортада тым қарапайым және ұялшақ.
  2. Қырымен қимылсыз жататын жандар – өмірде барлығынан хабардар болуға ұмтылатын адамдар. Салмақты және айналасына пайдасы тиіп жүретін жандар. Өте жақсы дос бола алады, адамдармен тез араласып кетеді және сенгіш.
  3. Қырындап жатып, қолын алға созып ұйықтайтындар – өте сақ адамдар. Ешкімге сене бермейді, көп нәрсеге күдікпен қарайтын адамдар. Мінездері де тік және эмоцияға аса беріле қоймайды.
  4. Тіп-тік, қатып ұйықтайтындар – өте тұйық және сабырлы жандар. Өз алдына мақсат қоя білетін, сол мақсатқа табандап тұрып жететін қасиет бар. Сыртқы көркіне көп назар аударатын оларға көпшіліктің алды болып жүрген ұнайды.
  5. Қолдарын жайып, шалқасынан ұйықтайтындар – жақсы дос, мұқият тыңдаушы. Олар көпшіліктің көзіне түсуді, ықыласына бөленуді жақсы көрмейді. Өздеріне өте сенімді, оптимист жандар. Істерді алдын ала жоспарлағанды жақсы көрмейді.
  6. Етпетінен жатып ұйықтайтындар – мінезі темірдей мықты әрі қатты адамдар. Өздерінің айтқанындай болғанын қалап, соны орындайды. Кейде тік мінезденіп, қатал болады. Өз ісін сүйіспеншілікпен, ұқыпты атқарады. Адамдармен тез тіл табысқыш. Кейде тым өзімшіл. Сынды ауыр қабылдайды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: lshdwsw.com 

20276 13
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 12 ақпан 2013, 11:41
Пікірлер
+0
12 ақпан 2013, 12:07

Етпетінен жатып ұйықтайтындар қатарынанмын. :)

+0
12 ақпан 2013, 12:48

өзімнің қайсысына жататынымды білмей қалдым ғой

+0
12 ақпан 2013, 13:37

3тегидей кырындап жатамын,бiрак онда корсетiлгендей сакпын дей алмаймын,эмоцияга берiлгiшпiн..бiреуге дауыс котерiп сойлей алмаймы,бiреуге ренжiсем,не ренжiтiп алганда коз жасым дайын! 1шiнiн мiнездемесi келедi.

+0
12 ақпан 2013, 14:16

6-шы кейіпте жатамын)

+0
12 ақпан 2013, 17:06

:o :shock: тан каларлык))))дал айтылган))

+0
12 ақпан 2013, 18:26

бір қапталға кисайып жатам сосын екі жаққа аунай берем :mrgreen:

+0
12 ақпан 2013, 19:22

2ші маған дал келеді

+0
12 ақпан 2013, 20:30

6 шысы мен ғой

+0
12 ақпан 2013, 22:38

барлық позада ұйқтай берем :mrgreen:

+0
12 ақпан 2013, 22:58

мен де....

+0
13 ақпан 2013, 11:04

men 2-ge zhatam.durys aitylgan )))

+0
24 наурыз 2013, 23:54

6 маган дал келеди екен :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...