Чат-таныстықтың 12 қателігі

Чат-таныстықтың 12 қателігі

Осы уақытта әлеуметтік желілер арқылы танысу, тіпті үйлену қалыпты жағдайға айналып барады. Кім біледі, дұрыс та шығар. Ендеше мұнда да сөйлесу этикеттері бар. Оны әртүрлі жағдаяттар арқылы сипаттап, ақ-қарасын танып көрейік.

1. Суретке түсу (Аватар). Әлеуметтік желіде танысқан соң кездесу әрекеті өз жалғасын таппақ. Әсіресе дене сымбаты мен бойының қандай болуы бірінші орында. Кейінгісі суретің, әдемі мейрамханада немесе әлдебір танымайтын адамның «Bugatti» көлігінің алдында түскен суретің алдамшы. Жеке фотоңды әсірелеп боямауың керек. (Қазірде суретінің контрастын көбейтіп, барынша әдемілеп тастайтын адамдар бар). Сурет барынша қарапайым әрі сапалы болуы тиіс.

2. Ар-ұят шекарасынан шығып кеткен суреттің болмауы да пайда әкелмек. Тіпті дос қызбен бірігіп түскен суреттің өзі мәселені күрделендіріп жібереді. Әлеуметтік желіде өзің туралы мәлімет 80 пайыздан аспауы керек екен. Өзіңнің жақсы қырыңнан көрінетіндей фото қойғаның абзал.

3. Артық-ауыс комменттердің өшірілгені дұрыс. Суретіңе жазылған «Жаным, кеше бәрі де күшті болды» немесе «Осы кезді сағындым» деген секілді жазылған пікірлерді дереу өшіру керек. Бірақ барлық комментерді өшірмеуің де керек. Күмән тууы мүмкін.

4. Өз аватарыңда «шетелдік жұлдыз» тұр ма? Дереу ауыстыр! Бұл өзіңнің әлсіздігің мен сенімсіз адам екеніңді көрсетеді. Мұндай қателікті оқушы жастағылар көп жасайды. Тұрақтанбаған, нақты өмірлік көзқарасы әлсіздеу адам ғана өз аватарында сымбатты жігітті немесе көрікті қызды қояды.

5. Тағы бір қателік былай: «Сәлем» - «Сәлем», «Қалайсың?» - «Жақсы», «Қайдан боласың?» - «пффффф...». Барлығы анкетада тұр емес пе? Осымен бұл мәселе түсінікті-ау...

6. Достарының алдында абай бол! Бір-бірін танитын адамдардың фотоларын ешқашан да «ұнатып», пікір жазба. Тек жекеде сөйлесу керек...

7. Егер қыздың суретінде қасында жігіт болса, байланысудың тіпті реті де жоқ. Адам бейнесі жоқ қолданушылардан аулақ болған жөн сияқты. Оның өз суретін жарияламауының себептері күрделі болуы мүмкін...

8. «Сіз бен біз десіп жүрейік». Танымайтын адамымен танысу алдында әркім де «сіз»-ден бастауы керек. Уақыт өте келе «Сен»-ге көшу де өз қызықтарынсыз болмайды.

9. «Сәлем, қалайсың, не жаңалық?». Бауырым-ау, енді ғана танысып жатқан адамыңның саған айтатындай не жаңалығы бар болсын?! «Қалайсыңың» не? «Сәлем, сұлу қыз!» деген дәстүрлі әңгімеден бастау 80 пайызға жауап алумен шешіледі.

10. «Слм, калисың?». Қатесіз жазу керек. Қатесіз жазу керек. Қатесіз жазу керек. Түсіндің.

11. Бірінші таныстықтан соң офлайнға көш. Есіңде болсын, әлеуметтік желідегі таныстық ұзаққа созылмауы тиіс.

12. Кездесуге шақырған соң қулық керек. Көп адам интернетте басқаша сөйлеп, өмірде басқаша мінез көрсетеді. Сондықтан, кездесуге шақырғанда ой-қиялыңды іске қос. Мейрамханаға шақыру, саябақта қыдыру деген секілді дәстүрлі түрлерді қолданудан аулақ болу керек.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fashiony.ru

А. Құлтай