Қызды көйлегіне қарап таны

Қызды көйлегіне қарап таны

Жігіттің жан-дүниесін ұғынудың түрлі жолдарын ұсынған едік. Енді қыздардың да сырларын ашуға мүмкіндік берейік.

Қыздың мінезін, көңілін түсінудің жақсы жолы - оның не кигеніне назар аудару. Киімнің пішіні мен түрі, ал ең бастысы түсі маңызды.

Қызыл - махаббат түсі. Қызыл киген ару тартымды, ерекше көрінгісі келеді. Қызыл көйлек таңдаған ару әлбетте романтикалық көңіл-күйде болады.

Сары киген қыз жұмсақ, нәзік болады. Бұндай қыз сіздің айтқаныңызға көніп, тіліңізді алады. 

Алқызыл түсті киімді таңдайтын қыздар нәзік, арманшыл болып көріне ме? Оған қоса, олар жігіттердің назарында болғанды ұнатады.

Күлгін түсті киінген қыздар ақылды, білімқұмар болады. Өзімен тілдесуден шаршамайды, өз жан-дүниесін ұғынуға тырысады.

Қара - бұл дәстүрлі түс қызыл сияқты өте тартымды көрінеді. Ылғи қара түсін киетін қыздар бір жағынан оның әмбебаптығын, екінші жағынан оның өте тартымды көрінетінін қолданады. Бұндай қыздар бір уақытта әсем де ақылды.

Жасыл киген ару тазалық, жоғары рухани ұстанымдардың нышаны. Жасыл ұнататын жігіттер де дәл осындай қызды іздейді.

Қызғылт сары түс қыздың қиялының байлығы туралы айта алады. Ол - тосын сырларға толы, батыл, көңілді ару.

Қоңыр түсті екі қыздың бірі таңдай бермейді. Ерекше, көпшіліктен бөлінетін қыздар ғана қоңыр киім киеді. Бұндай қызбен эмоционалды жақындасу өте қиын, алайда бұл қолыңыздан келсе, оны басқа, жаңа қырынан ашасыз.

Сұр ұнататын қыздар ұялшақ, батылсыз келеді. Сырт көзге көңілді қыздың өзі сұр кисе, оның ешкімге айтпайтын сырлары бар екен дей беріңіз.

Көк түс - мінсіз қызды сипаттайды. Ол қиялдай алады, сіздің көңіліңізді қалдырмайды, сұрағаныңызды орындап, тіліңізді алады. Ол қарым-қатынастағы гармонияның сақталуына барын салады.

Ақ түс сөзсіз пәктік, тазалық белгісі. Ақ киген ару өзін күтетін, ұқыпты қыз. Сізбен кездесуге қызыңыз ылғи ақ көйлек кисе, оның сізге деген сезімдері шынайы.

Ал сіздің қызыңыз қандай түс таңдайды?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: jillrosenwald.blogspot.com

С. А