Сәтсіздік - ең тамаша сыйлық

Сәтсіздік - ең тамаша сыйлық

Ол әскерден шегінгенде орта мектеп бітірген. Ешбір университет аяқтамағандықтан, амалсыз бір баспа зауытының зат тасушысы болып жұмысқа кірді. Бір күні ол көлік толы кітапты бір университеттің 7-қабатындағы кеңсеге жеткізіп бермекші болады. Ол алдымен екі-үш топтама кітапты көтеріп, лифт алдында кезек күтіп тұр еді, елу жастар шамасындағы күзетші келіп: «Бұл лифт мұғалімдер үшін істетіледі. Басқалардың шығуына болмайды. Сен тек баспалдақпен ғана шығуың керек» дейді. «Мен студент емеспін, көлік толы кітап. Олардың бәрін қалай тасып үлгеремін?» дегеніне қарамастан күзетші бұл өз шаруасы екенін айтып, қасарысты. Олар лифт алдындар біраз керісті. Ал күзетші оған мұнда мұғалім емес екенін айтып әбден шамына тиді. Бір көлік кітапты 7-қабатқа тасып шығару үшін кемінде жиырма рет түсіп-шығуға тура келеді. Осыны ойлағанда, мына бір әділетсіздікке төзе алмады. Ақыры ыза мен ашу қыспағында бар кітапты бұрышқа тастап кете барды. Ол осыдан кейін жұмысынан да қуылды.

Әлгі күзетшінің қорлығына төзбеген жас жігіт дереу кітапханаға барып, орта мектеп оқулықтарын сатып алды да, күн сайын үйренумен айналысты. Ондағы мақсаты бар қажыр-қайратын жұмсап, құлшына үйреніп, қалай да университетке түсу еді. Сонда ғана басқалардың мұндай кемсіту мен қорлауына жол бермеуге болады. Ол намыстан төгілген көз жасын сүрте отырып, өзіне осылай серт берді. Өзге шегінерге жол жоқ. Үйренуден шаршаған сәттерінде күзетшінің қорлауын естісе болды, жігері тасқындап сала беретін.

Ол ақыры емтиханнан өтіп, белгілі медициналық университетке қабылданды. Қазір ол күндердің өткеніне 20 жылдан асыпты. Орта жасты алқымдаған мықты дәрігер, маман атағы да бар. Жүріп өткен жолына көз салғанда, нұрлы болашағының бастамасы – сол күзетшінің өткен қорлығы екен. Ол оны кемсітпегенде, мұнша табысқа жетер ме еді?! Шыны керек, өлердей өшіккен күзетші шал оның шапағатшысы секілді.

Адам тек сәтсіздікке жолыққан сәтте ғана басыңа тиген шоқпар есіңді жидырады. Дәл сондай сәттерде намыстанбаған адамның мына дүниеде тәні тірі болғанымен, рухы өліп бітпей ме?! Егер қазіргі сәтсіздік болашағыңа бақыт сыйлайтын болса, оған төзу керек. Ал қазіргі шаттық болашағыңа бақытсыздық әкелер болса, мұндай шаттықтан безіну керек. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: nationbiz.com

Қ. Қауымбек