Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Әке көңілі

Әке көңілі

Осынша ғұмырында мені бағып-қағып қиындыққа төзген, ештеңеден қаймықпайтындай, тағдырдың қанша дауылы соқса да, қайыспайтын кәрі емендей боп көрінетін әке жүрегі сонша нәзік болады екен-ау!

Мен оның көңілін абайсыз ренжітіп алдым.

Аз уақыттан бері әкем үйіме келуді қаламайтын болып алды. Бұдан бұрын ол кісі үнемі үйге келіп тұратын. Әр жолы маған ұсақ-түйек тағамдардан тыс, қызыма да ойыншықтар ала келетін. Ал ол кісіге біздің үйден тамақ іше кетуді айтсам, қуанышты түрде келісе кететін. Алайда жуықтан бері келуі азайғанымен, тамақтану кезінде келе қалса «Үйде шешең ас әзірлеп қойды. Ішпей-ақ қояйын» дейтінді тапты.

Әкеме не болғанының байыбына бара алмадым. Көңілін неден ренжітті екем. Бұл жағдай бірнеше айға жалғасты. Бірде әкемді сағынып, телефон шалып төркінімнің маңындағы асхананың тамағын сағынғанымды айттым. Әкем табанда әкеліп беруге қосыла кетті.

Бір сағаттан соң әкем келді де, дереу кетуге ыңғайланды. Мен қалып тамақтануын өтінгенімде «Шешең ас дайындап қойыпты. Мен жүрейін» деді де, шығып кетті. Көңілім құлазып, тамаққа тәбетім тартпады. Ол кісі кеткен соң, шешеме қоңырау шалдым. Телефонда қысқа ғана «Әкеңе ештеңе болған жоқ. Тек үйге келіп тамақ ішкісі келеді. Оның үстіне мен дайындаған ас-тағамға үйреніп қалған. Артық ештеңе ойламай-ақ қой» деді. Телефон тұтқасын қойғаныммен, әлде бірдеңе болғандай көңілім алаңдай бастады. Мен шынында да әкемді ренжітіп алған сияқтымын. Дереу киініп, төркініме жол тарттым.

Әкем менің келгенімді көрген соң ыңғайсызданып қалды. «Сен шешеңмен әңгімелесе бер» деді де, шығып кетті. Әңгімелесу барысында бір-ақ түсіндім. Сөйтсем әкем үйге келгенде, мен ол кісіге үнемі бір рет қана істетілетін қасық, шынымен (одноразовая посуда) шай беріппін. Басқа күндері ол кісі қолданған ыдыс-аяқтарды әлде неше қайталап жуыппын. Кім ойлаған бұл қылығымның нәзік әке жүрегін ауыртып аларын.

Расында да ол кісі тұмауратып жүрген күндері қызыма жұқтырып алмайын деп қайта-қайта тазалап жуғаным бар еді. Ол кісі маған қаншама рет көңіл бөліп, көмектесіп, ас-тамағымды дер кезінде жеткізіп беріп тұрды. Шынында да әркім өз баласының қамын ғана ойлайды екен-ау.

Әкемнен кешірім сұрауға батылым бармай тұрғаны...

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: gandex.ru

2719 7
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 10:31
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 09:55

Шынында да әркім өз баласының қамын ғана ойлайды екен-ау...

+0
20 ақпан 2013, 10:19

Жазда төркінде құймақ пісіріп жатып әкеме: "мынаны Шынарға беріңізші" деп құймақ беріп ем "сен неге маған өзіңіз жеңіз демейсің бірінші" деп ренжіп қалды.

+0
20 ақпан 2013, 10:39

Әттең әкем есіме түсіп кетті...әкемнің ғұмыры ұзақ болғанда ғой....өмірге не шара....Әке-асқар тау демекші әкелерімізді құрметтейік...

+0
20 ақпан 2013, 11:39

Қалған көңіл-шыққан жанмен бірдей дейді,бұл жалғанда көңіл қымбат,әсіресе,әке мен шешенің...

+0
20 ақпан 2013, 13:29

әкенің жақындығы жездедей деп жатады ғой

+0
20 ақпан 2013, 13:55

жезденің жақысы әкедей де, Шатақ бала

+0
24 ақпан 2013, 18:18

Әке жүрегі қашанда баласы үшін елжіреп турады. Мен әкемді жақсы көремін, ешкашан ренжітпеймін деп ойдаймын!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...