Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыздар, өлшеммен бояныңыздаршы!

Қыздар, өлшеммен бояныңыздаршы!

Қыздар, өлшеммен бояныңыздаршы!

Жалпы қыздар қауымы атақты журналдардан көрген суреттерге есі кетіп жатады. Редакция арулары да осы топтың құрамында. Негізі ода тұрған ештеңе жоқ. Бірақ бір күні қолымызға түскен журналды көріп, ойымыз мүлдем өзгеріп кетті. "Не сұмдық?", - деп өз көзімізге өзіміз сенбей тұрып қалдық. 

Иә, көріп тұрғандарыңыздай, қыздардың өтірігі ғой, адам сенгіз... Бұл суретті voxpopuli.kz сайтынан көргенімізде таң қалдық, бір жағынан қыздардың өтірігіне іштей күйіндік те. Оқып отырған мақаланы жазу да осыдан басталды. Жігіттердің басын қосып, бас сала ғаламтор беттерін ақтардық. Ана сайтты, мына сайтты әйтеуір көзге түскен барлық нәрсені ақтарып, шарладық. Әрине, "іздеген - табар" дейді ғой, таптық. Не таптыңдар дейсіздер ғой? Қазір бәрін түсіндірем...

Беттіріне тонна-тонна бояу жаққан атақты Голливуд жұлдыздарын таптық. Оның ішінде сұлулығына бүкіл әлем "сынып" жүрген Джулия Робертс, Рианна, Камерон Диаз т.б. жүр. "Өздерінше болып жүргендері не теңі, түрлеріне қарап алмай ма?.. Сұлулық символдары дегеніміз осылар ма?" - деп іштей түңілдік. Қыздарды қойшы, жігіттерге осы қыздар ұнаушы еді.

Қызығына кірген біздер, одан әрі ғаламтор беттерін тіміскілей бастадық. Біздің әртістер де осындай ма екен? деген секілді ойымызға көптеген сұрақтар келді. 

Ұлы сөздің ұяттығы жоқ әрине дегенмен неге қазақ қыздары шаш бояғанға шебер, әсіресе сары түске?

Жарайды, құдайдың берген шаш түсі ұнамайды екен, бірақ неге сары түске? Басқа түс табылмай қалды ма? Мұны айтып отырған себебіміз, қайда қарасаң да сары түс. Әлде жүйкеңіз шыдамай шашыңыз ағарудан бұрын күйіп кетті ме? Қанша ойлансақ та әйтеуір бір шешімге келе алмаған біз (жігіттер) мүмкін 2030 модасы шығар деп қойдық.

Екінші, жұлдыздардың боянудан бұрын және боянудан кейінгі кейіптерін көргеннен соң макияж бен шаштаразшылардың ісі - ұлы іс екенін түсіндік. Шынымен де макияжсыз не болмаса сәнді шашсыз қыздарды танымай қалуға болады. Осы жерде қыздарға айтарымыз, егер де дұрыс бояна алмасаңыз онда мүлдем боянудың қажеті жоқ. Тегі қырсығып жатсаңыз бояныңыз, бірақ өтініш олай тек хэллоуин күні жасаңызшы. 

Үшінші, қыздар құдай үшін қызыл түсті далап қолданбаңыздаршы. Дөрекі айтқанымызға кешірім сұраймыз, бірақ қызыл түсті далап қолданбастан бұрын, ең алдымен күніне 2 рет тіс тазалап үйреніңіздерші. Естеріңізде болсын, қызыл түс қолдану (мейлі көйлек болсын, мейлі далап болсын) үлкен қауіп-қатер, бір жағынан үлкен батырлық. Батыр боламын деп мазақ болып қалмасаңыздар болғаны.

Төртінші, қыздардың "крем-пудра" деген косметикалары да бар екенін білдік. Қыздардың түсіндіруі бойынша бұл косметика бет кемшіліктерін түзеп, жібектей қылады екен. Шынын айтқанда, аталған косметиканың жақсы пайдаларын түсініп қалдық, бірақ соны дұрыс қолдана алмайтындарға не деуге болады? Немесе қолымызға сулы шүберек алып, үндеместен бес тонна крем жағылған бетін үйкелеп тұрып сүрту керек пе?

Бесінші, қыздардың кірпікке арналған сүрмені қолдануы. Иә, шынымен де әдемі көрінеді бұған дау жоқ. Реніш те шығар, білмеймін, бірақ киноға мелодрама көруге апара алмайсың. Мелодрамадан басқа фильм көрейік десең тағы болмайды. Фильмнен соң түріне қарасаң түрден-түр қалмаған, жылағаннан бетіне күйе жағылғандай шығып келе жатады. Әне, айттым ғой, тағы бізді топас дейсіңдер деп ішіңнен өз-өзіңе тіл қатып келе жатасың. Айтпақшы, қыздардың жалғанбалы кірпік жабыстырып алатындарын айтсайшы, өздерінше ботакөз болмақ кейіптері ғой. Осы жерде жігіттерге кеңес: сондай сәтте күйіп-жансаңдар да үндемеңдер, дымдарың іштеріңде болсын.

Осы пункттерді қорытындылай келе, әлі түсінбегеніміз, соншама қаржы мен уақыт жаратудың не керегі бар? Алдағы уақытта таңдағаныңыз бәрібір сіздің табиғи келбетіңізді көреді емес пе? Сонда сіз де, ол да өкініп қалудан қорықпайсыз ба? Француздар айтқандай "ең әдемі макияж - көрінбейтін макияж", сондықтан бетті шаршатып, тонналап бояу жағудың мүлдем қажеті жоқ.

P.S. Егер де сіздің жеке стилистіңіз болмаса, Голливуд әртістеріне ұқсап бағудың керегі шамалы. 

Форумда талқылау

Суреттер voxpopuli.kz, open.za, blogspot.com сайттарынан алынған

3301 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 28 ақпан 2012, 13:31
Пікірлер
+0
28 ақпан 2012, 18:19

Құрсын, бояусыз қалай жаман түрлері.

+0
28 ақпан 2012, 18:50

Айтпа

+0
28 ақпан 2012, 18:53

тонна тонна макияжды неменеге жағады екен жараспаса??))

+0
28 ақпан 2012, 18:58

Бұның бәрі сіздер үшін ғой.

+0
29 ақпан 2012, 10:08

өз орнымен болса қарсылығым жоқ

+0
28 ақпан 2012, 19:02

Мәәәә, шыныменде осындай ма жұлдыздар

+0
28 ақпан 2012, 21:45

Түрлері осындай, ал одан әрі боянуды тоқтатпаса бұдан да жаман болады, яғни бояу бет терісін жеп қояды

+0
28 ақпан 2012, 23:26

өзіңіз бояу қолданасыз ба?

+0
29 ақпан 2012, 22:16

түссіз далап қана

+0
29 ақпан 2012, 22:17

)))

+0
29 ақпан 2012, 10:12

екінші суреттегі жұлдызды танымай отқаным...

+0
29 ақпан 2012, 11:43

Өз табиғи сұлулығын бағаламауы деп білемін. Ертең үйленгенде қайтер екен??? Жігітке боянбаған қездегі түрі ұнамай қалса ше???

+0
29 ақпан 2012, 13:39

Әріптерді оқуға өзімнің уақытымды аядым. Фотоларды көріп, айтылмақ ойды түсіндім :)

+0
29 ақпан 2012, 14:30

сенің фотодан ләззәт ала білетін өнеріңді жақында байқап жатырмын :)

+0
29 ақпан 2012, 14:32

ләззат алу қабілетім туралы ашық әңгімеге көшей-ақ қойсам ба деймін :) уақақа

+0
29 ақпан 2012, 16:40

тонналап емес жай гана боянуга боладыгой

+0
13 наурыз 2012, 22:50

Кыз бала озин кутинип журу керек,мен озим тонна краска жагып алатын кыздарымызбен келиспеймин,арине боянгасын грамотно бояну керек,тональный крем жагып казир адеми болып жургендеринизбен,ертенги куни ертен картайып кетесиздер,сондыктан жигитке унаймын деп тонна краска жагып журген болсаныздар,наконец-то ол ойдан арылыныздар

+0
11 қыркүйек 2013, 00:19

тух, жигиттер кауымы булшык ет жинап сымбатты болып журиндер десе барлыгынын колынан келмейди гой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...