Өтірікші екеніңізді мойындаңыз...

Өтірікші екеніңізді мойындаңыз...

Шыншыл болу – өзіңнің өтірікші екеніңді мойындау. Өзіңді өмірде дамытуға ерінетініңді білу және еріншектігіңе қарсы шықпау. Өтіріктің негізгі себебі – жалқаулық.

Азаппен өлтірілген уақыт өтірік өмір болып саналсын да, өмір сүрудің ең жақсы бағыты – өтірікті өлтіру болсын. Миыңызға салмақ түсті ме? Ендеше өтіріксіз өмір сүрудің жақсылы-жаман сипаттарын айтып өтейік.

Ең бірінші қадам – өтіріктің барлығын да мойындау. Өзіңді ақтамау. Ар сотының алдындағы жауабың болсын. Ұялма, жер бетінде өзге біреу сенің ойыңды оқып отырған жоқ.

Екінші қадам – өтірік өміріңнен демалу. Өмірдің арнасын өзгерту үлкен мәселе. Сондықтан да, бірден радикалды шешім қабылдау ауырға соғады, келесіде жоспар орындалмайды.

Үшінші қадам – әр істі бастаған кезде дұрыс жасауға ұмтылу. Бұл сананың ішіндегі адалдық пен еріншектіктің айқасы десек те болар. Мәселені жеке тұрмыстық жағдайдан бастап, өзге адамдармен байланысуға дейін өрбиді. Ар – адамның іс пен шындықты қатар қоя білуі.

Мұнда «ақиқат» бізге деген түсініксіздеу, нәтижесі ұлан-асыр пәлсапаға әкеліп тірелетін дүние бар. Шыншыл болып өмір сүру әділетсіздікке ұрындыруы да ықтимал.   

Мәселен, көшедегі саудагер өтірік айтпаса күн көре алмайды. Саудагердің өзі де мұны өтірік айттым демейді. Сатып алушы да сапасыз тауарды өзін-өзі алдап, сатып алуы мүмкін. Теледидар, жол, сауда – жүйесі өтіріктен құрылған факторлар.

Жан мен ар тазалығының сақталуы адамзаттың жарқын өмір сүруіне сеп болса, ізгілікке бағытталған күнделік жазбамызды осымен тәмамдайық.

Ал сіз өтірікші екеніңізді қашан мойындайсыз?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: nsuxo-uspex.ru

А. Құлтай