Сіздің мініңіз

Сіздің мініңіз

Алдымен өзіңізді қадірлей біліңіз

Құныңызды басқалар сипаттай алмайды. Сіз өз құным бар деп қарағандықтан, құндысыз. Егер құныңызды басқаларға сипаттатсаңыз, онда ол басқаның құны болады. Демек, бақытқа барар жолда өзіңізді қадірлеп, құрметтей біліңіз.

Басқалардың мақтауының қажеті жоқ

Мақтансүйгіштің «Сіздің мен жөніндегі көзқарасыңыз, өз көзқарасымнан маңызды» дегенмен тең. Мақтау алғысы келген адамның көңілі өзгенің құптауынан басқаға шаппайды, бірақ, мақтау сүйсеңіз, телегіңіз тілеуіңіздей болмайтын болса, салыңыз суға кетеді. Сәтсіздікке жолдас фактор осы. Басқаның көтере мақтауы сізді билейтін кемелді көшке айналады. Құныңыз түгелдей басқаның көзқарасынан ғана байқалады. Мақтаусыз қалғанда құралақан қалғандай, іске алғысыз, жарамсыз болғандай сезінесіз.

«Мен анадай едім, мен мынадай едім...»

Бұның келу қайнары екі түрлі болады. Бірі, басқалар кішкене кезіңізден бастап сызып берген шеңберден әлі шыға алмағаныңыз. Бірі, тауқыметті өзгерістен тіксініп, өзіңізге шеңбер сызып алғансыз да, содан шыға алмай жүрсіз.

Уайым мен өкініш сізге тұсау

Өкінгенде немесе уайымдағанда өткенді, болашақты өзгертуге болады деп қарасаңыз, онда үлкен қателік жасағаныңыз. Өткен іске өкіну, сондай-ақ, мүмкін болмайтын іске уайымдау өмірдегі ең пайдасыз сезімдер. Бұлай емес деп кім айта алады? Уайым мен өкініш – зейін-зердені селге кетіреді. Бірдің екіге бөлінуі бойынша қарасақ, өкініш – күнделікті өмірде өткен қимылдан туған бойкүйездік. Ал, уайым – болашақтағы белгілі істерден қазірден қаймыға бастау. Адамның еңсесін бүгінгі шындық емес, кешегі өкініш пен ертеңгі уайым басып, түсіріп жібереді.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan