Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / «Жауыңды жеңгің келсе, құшағыңа ал»

«Жауыңды жеңгің келсе, құшағыңа ал»

«Жауыңды жеңгің келсе, құшағыңа ал»

Достық пен жауластық - өлмейтін тақырып. Әркім де әр жерде, әр уақытта бұл мәселемен бас ауыртқаны шындық. Қастықты қазақ халқы өз мақал-мәтелдерімен талай айқындап, сипаттамасын да берген. Ал әлемде жаулық, өшпенділік, қастық туралы қандай ой айтылады екен?

  • Ұрысқа ниет болса, себеп табыла кетеді. Илья Шевелев
  • Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар. Жан-Жак Руссо
  • Өзіне дос іздемейтін адам өзіне өзі дұшпан. Шота Руставели
  • Жексұрын жыланнан да жаман. Жылан бір рет қана шағып алуы мүмкін. Ал жексұрын қайта-қайта шағады. Чанакья Пандит
  • Мен өз жауларымды дос етіп алу арқылы жеңіп кетемін. Авраам Линкольн
  • Өз жауын аямаған адам, досын да аямайды. Авессалом Подводный
  • Өз-өзіңмен үйлесімді өмір сүрмесең – нағыз жаугершілік осы. Белгісіз автор
  • Достарыңмен жауласу дұшпаныңмен соғысудан да қиын. Демокрит
  • «Өле қал!» деп айтылған жаудың сөзі маған «Аман бол!» дегенімен бірдей-ақ. А.Гафуров
  • Жаудың мықты болғаны жақсы, тек ызалы болмаса болыпты. Авессалом Подводный
  • Дұшпанына рақымшылықпен қарайтын адам өз өмірін бағаламайды. Константин Щемелинин
  • Биіктегіңіз келсе – дұшпан іздеп табыңыз. Шарль Морис Талейран
  • Ойлы жауға қарағанда, ойсыз жау қауіптірек. Константин Кушнер
  • Жауың көп болса, қорқыныш емес, ал досың жоқ болса, міне, осы ең ауыры. Веселин Георгиев
  • Соғысты ушықтыруға қарағанда соғысты болдырмай тастау – ерлік. Мэри Андерсон
  • Жауыңмен достасу – соғысудан шаршағаның мен жеңілістен қорқатыныңды білдіреді. Франсуа де Ларошфуко
  • О, құдай, мені достарымнан құтқаршы, ал жауларымды өзіме қалдыр! Александр Македонский
  • Жауыңды шын жеңгің келсе, құшағыңа ал... Белгісіз автор

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: smlazarevi.ru

2486 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 ақпан 2013, 19:21
Пікірлер
+0
04 ақпан 2013, 19:09

Қастық қылған сайын шыныға түсесің... :roll:

+0
04 ақпан 2013, 19:16

Өз жауын аямаған адам, досын да аямайды. депті Авессалом Подводный.

Жауын аяған жаралы деуші еді ҚАЗАҚ. :?:

+0
04 ақпан 2013, 19:41

керемет екен. ойланып қарасаң әр дана сөздерде қарама-қайшылық бар. :idea:

+0
04 ақпан 2013, 20:00

Жауыңды шын жеңгің келсе, құшағыңа ал...
Мен өз жауларымды дос етіп алу арқылы жеңіп кетемін. Авраам Линкольн
МАҒАН ОСЫЛАР ҰНАДЫ...

+0
04 ақпан 2013, 20:12

Ал маған "(Соғысты ушықтыруға қарағанда соғысты болдырмай тастау – ерлік. Мэри Андерсон" ұнады

+0
04 ақпан 2013, 22:01

Ұрсысу береке беомейді

+0
04 ақпан 2013, 22:51

Дұшпанына рақымшылықпен қарайтын адам өз өмірін бағаламайды. Константин Щемелинин
Сонда дұшпанға қатал болу керек пе??? :roll:

+0
04 ақпан 2013, 22:59

Ал қазақтың қандай тұлғасы дұшпан туралы бір қанатты сөзі бар ма? Таппай жүрмін.

+0
04 ақпан 2013, 23:22

Жалпы дұшпан деген кімдер? Қандай қасиетімен ол саған дұшпан болады? Мысалы, біреумен ұрсып қалсаң, ол сенің дұшпаның бола ма?

+0
04 ақпан 2013, 23:32

Жауыңмен достасу – соғысудан шаршағаның мен жеңілістен қорқатыныңды білдіреді. Франсуа де Ларошфуко :roll:

+0
05 ақпан 2013, 01:47

А, Ғафуров - қалжыңға жақын адам болғанау

+0
09 ақпан 2013, 12:14

Бұлар қаншама ғұлама болса да, тек олардың, өздерінің ғана ойы ғой..)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...