Алғашқы 3 кездесудің ережелері

Алғашқы 3 кездесудің ережелері

Ғалымдардың айтуынша, қыздарға шын ғашық болу үшін жігіттерге қарағанда көбірек уақыт қажет. Ал жігіттер бірінші кездесуде ғашық болмаса, кейін де махаббат сезіміне бөленуі екіталай екен. Жалпы, болашақ қарым-қатынастың дамуын алғашқы үш кездесуден-ақ білуге болады екен.

Бірінші кездесу

Алғашқы кездесуде сіз өзіңізді жұмысқа тұрайын деп жатқан адамдай сезінесіз. Қобалжисыз, қате сөз не әрекет жасаудан қорқасыз, жақсы жағынан көрінуге тырысасыз. Және әрине келген жігітті не қызды сынап отырасыз. Бірінші кездесудің басты ережелері: үміттеріңізді аспаннан жерге түсіріңіз, қарапайым болыңыз және... Үйге ертерек қайтыңыз. Бұл алғашқы кездесу, сондықтан ол әлемдегі ең керемет кездесу бола алмайды. Бұл - бейтаныс екі адамның танысу сәті. Бәрі ойдағыдай өтуі мүмкін емес. Күліңіз, әңгімелесіңіз, кездесуде демалып, жаңа адаммен танысып қайтыңыз. "Қайда тұрасыз?", "Жұмысыңыз қандай?" деген сұрақтардың орнына "Кішкентай кезде кім болуды армандадыңыз?" "Демалыстарыңызды қалай өткізесіз?" сынды сұрақтар қойыңыз. 

Екінші кездесу

Екінші кездесудің екі басты ережесі бар: қарапайым болыңыз және бұл жолы кездесуден ерте кетпеңіз. Кездесуде көңілді, ашық болыңыз. Екінші кездесуді белсенділікпен өткізген дұрыс. Мысалы коньки, велосипед, картинг тебіңіз. Осылайша бір-біріңізге үйреніп, жақсырақ түсінетін боласыз.

Үшінші кездесу

Үшінші кездесу - өте маңызды сәт. Бұл кездесуді дәстүрлі романтикалық қылып өткізу керек. Мейрамханаға кешкі асқа барыңыз, жайлы жерде отырып, әдемі әуен тыңдаңыздар. Артынан бақшада жаяу қыдырып, араларыңыздағы бастапқы ыңғайсыз көңіл-күйдің жойылуына ықпал етіңіз. Осы кештің соңында әлдебір жылы сезімге бөленсеңіз, оған деген сезім туындады деп біліңіз. 

Сәттілік тілейміз!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А