Сәттілікке апарар 6 қадам

Сәттілікке апарар 6 қадам

Сәттіліктің басты кілті ерінбей еңбек ету екені белгілі. Алайда кейбір айлаларды біліп, сәттілікке бір қадам жақынырақ бола аласыз.

  1. Мақсаттарыңыздың тізімін құрыңыз. Қысқа мерзімді шаруаларды да, ұзақ мерзімді үлкен мақсаттарыңызды да алдын ала жоспарлап, тізімін құрыңыз. Тізімді күнде қайта оқып, түзетулер еңгізіп тұрыңыз. Мақсаттарды тіпті суреттермен безендірсеңіз де болады, осылайша оларға тезірек жетуге өзіңізді итермелейсіз.
  2. Амал жасаңыз. Әрине жай ғана тізім жазып, оны қайта қайта оқи бергеннен еш пайда болмайды. Сіздің болашағыңыз сіздің қолыңызда. Амал жасаңыз. Жұмыста жаңа жоба ұсыныңыз, жұмысты жемісті ету жолдарын іздеңіз.
  3. Істеріңіңізді жарты жолда тастамаңыз. Шаруаларыңызды барынша аяқтауға тырысыңыз. Жолда пайда болған қиындықтардан қорқып, мақсаттарыңызға жете алмай қалмаңыз.
  4. Әрқашанда адал болыңыз. Жасап жүрген жұмысыңызда, басшылық, әріптестердің алдында адал болуға тырысыңыз. Бұл басқалардың сенімінен шығудың бірден бір амалы.
  5. Адамдармен тіл табыса біліңіз. Жалпы көңілді, ақылды, оқыған адам екеніңізді көрсетіп, болашақта пайдалы болуы мүмкін қатынастарды үзбеңіз. 
  6. Сәтсіздіктерден қорықпаңыз. Жолыңызда сәтсіздіктер кездесуі әбден орынды, бастысы олар өзіңізге деген сенімділігіңізді төмендетпеуі керек.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: wallblog.co.uk

С. А