Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жалқаулықтан шыққан өнертабыстар

Жалқаулықтан шыққан өнертабыстар

Жалқаулықтан шыққан өнертабыстар

Табиғатымыздан жалқау екенімізді мойындайық. Еріншектік туралы мойындаған мақаламыз да шыққан еді. Жалпы жалқаулықтың қозғаушы күш екені рас. Қандай да бір өнертабыс адамның өмір сүруін жеңілдетеді десек, онда жалқаулықтың тіпті де жаман қасиет емес екенін сеземіз.

Сонымен, еріншектіктің арқасында пайда болған өнертабыстарды айтайық:

1902 жылы күйеуі мен әйелі автокөлікпен ұзақ жол жүреді екен. Жаңбырлы әрі тұманды даладан жолдың көрінбеуіне байланысты әйелі терезеден басын қылтитып алып (ол кезде көлік жәй жүреді емес пе) айтып отыратын көрінеді. Бірақ пысық әйел мәселенің шешімін таба білді. Мэри Андерсен есімді әйел бұл кезде терезе сүрткіш (дворник) жасап, кейіннен патенттеп алды.

Procter & Gamble компаниясының жетекші химик-маман Виктор Миллз немерелі болады. Екі бірдей сәбидің іш киімін жуу ісі оған тапсырылған кезде оның қуанышы су сепкендей басылады. Бірақ көп өтпей-ақ ол қазіргі барлық ата-аналар пайдаланып, ықыласпен рахмет айтатын өнертабыс ойлап тапты. Ол – памперс.

Бетти Несмит қарапайым редакцияның қарапайым корректоры (қате түзеуші) болып жұмыс атқаратын. Күндердің күнінде ол қателері айдақ-сайдақ етіліп түзелген мақалалардан шаршаған кезде ойға батады. Бұл ой оған тез кеуіп қалатын, аппақ сұйықтан жасалған – «корректорды» ойлап табуға көмектеседі.

Рэй Томлинсонға бәріміз де қарыздармыз. Ол кеңседегі барлық жұмысшыларға хат тасумен айналысушы еді. Әбден титықтаған ол электронды хат ойлап табады. Бірінші кезекте электронды хат тек бір ғимараттың ішіндегі компьютерлерге тарала алатын болса, кейінде біздің күнделікті қолданып электронды жүрген хатымызға айналды.

Автомат-караокені Жапонияның бір барында жұмыс жасайтын Иноуэ Дайсукэ ойлап тапқан. Ол көптеген әндердің мәтінін жаттай бергісі келмегендіктен караокені ойлап тауып, кейіннен патенттеп алды. Өнертапқыш мұны тек ерінгендіктен ғана жасағанын мойындаған екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: blogocar.net

807 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 30 қаңтар 2013, 10:43
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2013, 09:58

:lol: шынымен еріншектіктен ойлап табылған пайдалы нәрселер екен

+0
30 қаңтар 2013, 11:13

өмірді оңай қылу мақсатында жасамаған дүниеміз жоқ шығар

+0
30 қаңтар 2013, 15:15

Рэй Томлинсонға рахмет айтайық :geek:

+0
30 қаңтар 2013, 20:49

Рэй Томлинсон рахмет! қалғандарың пайдаланбаймын!

+0
01 ақпан 2013, 11:46

Ерінгендері дұрыс болыпты, соның арқасында талай нәрсе шығыпты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...