Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сәби махаббаты

Сәби махаббаты

Сәби махаббаты

Бала күнімнен бейнекамера аппаратына қатты қызықтым. Университет бітірген соң жұмыс таба алмадым да, бір шағын дүкенді жалдап, бейне түсіру орталығын құрдым. Ондағы ойым аз да болса ақша табу еді.

Бір қызығы алғашқы жұмыс күнінде күтпеген оқиғаға тап болдым. 7-8 жасар ұл бала дүкеніме келді. Жұпыны киген киімінен-ақ кедей отбасынан шыққаны байқалады. Ол бірден:

- Ағай, сіз теледидарға түсіресіз бе? – деді бәсең үнмен. Бейнекамераны айтып тұрған болу керек.

- Иә!

- Ақшасы қанша болады? – сәбидің екі бетінде қан ойнап тұр.

- Сағаты 200 доллар.

Ол сүйкімді саусақтарын санап тұрды да: «Маған 50 доллардың көрінісін түсіріп бере аласыз ба?» деді міз бақпастан.

- Болмайды. Болмайды! Мұндай қысқа уақытқа түсіре алмаймын! – дедім күйіп кетіп.

- Мен одан да қысқасын көргенмін, - деп қасарысты. Қаным басыма бір-ақ шықты.

- Кет ары! Өз жайыңа ойна! Менің мазамды алма! – деуім мұң екен, бала жасқанып аз тұрды да, еңіреп қоя берді. Қапелімде қайтерімді білмей сасып қалдым.

- Әкем өлетін болды, - деп тіпті жылай бастады. Қабырғам қайысып кетті.

- Сен әкеңді түсіресің бе? – дедім жұбата жүріп.

- Жалынайын, 50 долларға 15-ақ минутқа түсіріп беріңізші. Оның сырқаты салмақты, – деді жеңімен жасын сүртіп...

Алақаныммен оның айғыз-айғыз жас жуған бетін сүртіп жатып, кеңсірігім удай ашып кетті. Бала күнімде-ақ әкемнен айрылдым. Қазір түр-тұлғасын елестете алмаймын. Сол күндерде бейнекамера қолыма түссе ғой!..

Камераны көтеріп, әлгі баланың соңынан ердім. Қала шетіндегі құлап қалуға таяу тұрған ескі үйге келдік. Төрт қабырғасынан өзге ештеңесі жоқ үйде ақшаға жарайтыны бір ескі теледидар ғана. Төсекте жастыққа сүйеніп отырған баланың әкесі тізген сүйектей боп, қуарып кеткен. Кірпігі әзер қимылдайды. Сонда да баласының мәз-мейрам бейнесіне қарап, көңілі толып отырғаны байқалады. Марқұм боп кеткен әкемді көргендей үнсіз қарап тұра беріппін. «Бастасақ бола ма?» деген баланың сөзі селт еткізді. Ол бір тегене су әкеліп, қолында орамалы бар мені күтіп тұр екен. Дереу жұмысыма кірісіп, камераның көзін әкелі-балалы екеуіне туралай бердім...

- Әкем сөйлей алмайды, – деді бала әкесінің денесін, бет-жүзін сүртіп отырып, – Оның сырқаты тым салмақты... Ақша жоқ болғандықтан, емдете алмадық, – деді жыламсырап. Мен де көз жасыма ерік бердім. Көзім боталап, қолым дірілдей жүріп, осы бір жан тебірентерлік сәтті түсіріп жатырмын. Оймақтай аузымен әкесінің бетінен еміреніп сүйіп қояды. «Шешем тағы да ақша сұрап кетті. Мен бізге көмектесетін адам табылатынына сенем. Әкем жақсы адам» деді маған бұрылып...

Бар күшімен әкесін сүйеп отырғызды да: «Ағай, рақмет. 15 минут болды» деді алдыма келіп аса қуанышты бейнемен. Мен үздіксіз түсіре бердім. Бұл бейбақ сәби мен секілді емес, қанша уақыт өтсе де, әкесінің бейнесін армансыз көре алатын болсын деп ойладым. Сәби жүгіріп шығып, қайта қасыма келді де, кішкене қораптағы темір теңгелерді маған ұсына берді. «Мұның бәрі 50 долларға толады, өзім жинадым» деді қуанып.

- Сен менің дүкенімдегі ең алғашқы қонақсың. Сенен ақша алмаймын , – дедім оның басынан сипап. Қуаныштан көзі жайнап сала берді. «Ендеше бұл ақшаға әкеме дәрі аламын» деді мәз болып.

Әкелі-балалы екеуімен қоштасып, дүкенге қайтып келе жатырмын. Сол бір қайғылы көрініс камерада емес, менің жүрегімде сақталып қалғандай.

Ертесі таңертең жұмысқа келсем, әлгі бүлдіршін дүкен алдында отыр екен. Мені көре сала, орнынан атып тұрды.

- Ағай, реттеп болдыңыз ба?

Оны дүкенге бастап кірдім.

- Бәрін реттеп қойдым. Бәрі де сен үшін. Түнімен жасап шықтым, - дедім өз-өзіме риза болып.

- Мұны теледидардан көруге бола ма ? – деп сұрады күмілжіп.

- Әрине болады.

- Маған көмектесіп теледидарға шығарып беріңізші. Әкеме көрсетейін, – деді.

Олардың үйінде ескі теледидардан өзге ештеңе жоқ екені есіме түсті де. DVD құрылғысын көтіріп, оның үйіне беттедік.

Теледидардан әкесі мен өзін көрген баланың қуанышы қойнына сыймай жүр. Оның шарқ ұрып мәз болған бейнесін көріп, тебіреніп кеттім.

- Әке, көрдіңіз бе, теледидарға шықтыңыз.

Әкесі зорға езу тартты. Төсектен секіріп түсіп, қасыма келіп бетімнен сүйді.

- Рақмет, ағай, әкем теледидарға шықты. Теледидарға шыққан адамдарға көмек ақша береді. Әкем сауығып кететін болды!..

Мына сөзді естігенімде, төбе құйқам шымырлап кетті. Көзімнен бір тамшы жастың қалай ыршып кеткенін сезбей де қалыппын. Баланың бар ойын енді ғана түсіндім.

Мен пластинканы шығарып алып, кетуге асықтым. Жан-дәрмен жүгіріп келем. Бар ойым пластинканы телеарнаның журналистеріне табыстау...

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет:dec.fdc.com.cn

3454 12
Рейтинг: +13

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 30 қаңтар 2013, 11:01
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2013, 11:56

:cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry:

+0
30 қаңтар 2013, 12:30

:( :( :(

+0
30 қаңтар 2013, 14:21

әсерлі...

+0
30 қаңтар 2013, 14:32

:cry:

+0
30 қаңтар 2013, 15:32

:( :( :( :( :( :(

+0
30 қаңтар 2013, 18:20

Айтар жоқ, әсерлі шығарма екен. өзіңдікі ме?

+0
30 қаңтар 2013, 19:42

Алғашқы сөздерін оқығаннан-ақ Алшын Матай жазған! дедім. Маған әсер етпей қоймады. Көкірегімде бір өксік тұрып қалды. Ата-анамыз аман болсыншы! :cry:

+0
30 қаңтар 2013, 20:12

Осындай мақалаларды оқып жыладым демей-ақ қояйын. жүрегім тазарып, пендешіліктен алыстай бастаймын. рахмет.

+0
30 қаңтар 2013, 22:30

:( :(

+0
31 қаңтар 2013, 11:44

өте әсерлі

+0
31 қаңтар 2013, 12:49

өтте әсерли адамнын жанын ауыртатын оқиға :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...