Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жұмысқа тұрудағы негізгі қателіктер

Жұмысқа тұрудағы негізгі қателіктер

Жұмысқа тұрудағы негізгі қателіктер

Әрқайсымыз да жұмыс іздеп жүрген дос-жарандарымызға пайдалы кеңес бергіміз келеді. Ақыл-кеңестің жаманы жоқ, рас. Ал кейбір кеңестеріміз өзектілігінен айырылып, «ескіріп» қалатынын да ескерейік.

Массагет порталы сіздерді мына жерде жұмысқа тұру һәм іздеу мәселесімен таныстырған еді. Ендігіде жұмысқа тұрушылардың арасында кездесетін ең өрескел қателіктерді ұсынамыз.

Түйіндеме (резюме) бір беттен аспауы керек деген ой. Бұл – қате. Жұмысқа тұрушылардың көбі жұмыс беруші егер түйіндемесінде әріп көп болатын болса, оқымай қояды деп сенеді. Ал негізінде жұмыс беруші жұмысқа қабылдайын деп отырған адамы туралы бәрін де білгісі келеді, тіпті жеке өмірін де. Мұнда түйіндеме әрі қатесіз, әрі оқылымды болуы керек.

Компанияда бос орын жоқ! Адамдар көп жағдайда бұл сөзді дос-жолдастарынан ести салып, райынан қайтады. Бұл дегеніңіз өрескел қателік. Біріншіден, атүсті айта салынған ақпарат өтірік болуы ғажап емес. Екіншіден, әр компания тұрақты түрде жұмыс жасамайды. Бүгін жұмысшы керек болмаса, ертең жағдай өзгеруі мүмкін. Жұмыс орнында адам толық болса да өзіңнің жұмысқа қабілетті екеніңді, мүмкіндігің бар екенін көрсете алуың тиіс. Ол болмаған жағдайда басшылық дәл осындай басқа компанияға баруға сілтеме беруі мүмкін.

Жұмысқа тұру алдындағы әңгімелесуден кейін сізге телефон шалмаса, басқа біреу ол орынды алып қойды. Бұл да адасушылық. Қайта-қайта телефон соғып әңгіменің нәтижесін біліп тұру маңызды. Жұмысқа қабылдамаған адам сіздің ат-тоныңызды алып қалмайды. Жұмысқа қабылдаудың ең көп таралған әдісі де осы төзімділікті талап ететін әдіс емес пе? Көп уақыт жұмыс нәтижесін айтпай отырған соң жұмыс іздеушілердің өзі-ақ азайып, сиреп, жоқ болуға айналады. Ал шын мәнінде жұмыс іздеп, жауапкершілікті сезінетін адам ешқашан да салғырттық танытпайды.

Ең мықтылары ғана жұмысты ала алады деген ой. Бұл да, сөзсіз, қателік. Жұмыс орны тек мықтыларға беріледі деген сөзден кейін-ақ потенциалды жұмыс іздеушінің жартысына жуығы жоқ болады. Бастысы қорықпау керек. Статистикаға сенсек, жұмыс берушілердің жартысына жуығы тек өзінің жеке интуициясына қарап, шешім шығарады.

Жұмыс жоқ болса, қандай жұмыс қолға тисе де еңбектене беру деген ой. Бұл да қате. Ақшаның құлы болу арқылы сіз өз мамандығыңызды, тіпті өзіңіздің армандаған ісіңізді жүзеге асыра алмай қаласыз. Ойыңыздағы жұмысқа орналаса алмасаңыз, өз құныңызды жоғалтпаңыз. Тек мамандығыңыз бойынша карьера жасаңыз. Әйтпесе сізден сәтті адам шығуы екіталай...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: voxpopuli.kz

3802 5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 29 қаңтар 2013, 14:47
Пікірлер
+0
29 қаңтар 2013, 13:19

Сәттілік керек. Бір ғана сәттілік! Кеңестер орынды...

+0
29 қаңтар 2013, 13:53

Дұрыс кеңестер екен

+0
29 қаңтар 2013, 14:25

Іске сәт!

+0
29 қаңтар 2013, 16:19

Ең мықтылары ғана жұмысты ала алады деген ой. Мұның дұрыс болғанын қалар едім

+0
05 ақпан 2013, 02:19

ммммм.........

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол
ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...