Балаша ойлау

Балаша ойлау

Бала болған керемет. Ал жылдар өткен сайын өзіңінің ішкі балалығыңды сақтап қалу - одан да керемет. Уақыт өте әрқайсымыз отбасы құрып, бала тәрбиелейтін боламыз. Ал олар өсіп, өздерінің жеке де үлкен өмірлеріне алғашқы қадамдарын жасай бастайды. Егер олардың өсіп-жетілгеніне зейін салып қарайтын болсаңыздар, олардың бойынан тұлға не болмаса кәсіпкер болып қалыптасуына септігін тигізетін көптеген пайдалы нәрселерді байқауға болады. Балалардың өмірге деген бірегей көзқарасына, олардың жаңашыл идеяларына және де кез келген ұсақ нәрселерге шын көңілмен қуанатынына таң қаласың. Бір жағынан қызғанышпен қарайсың...

Бала логикасы

Балалар әрқашан білімқұмар. Олар көзге түскен нәрсенің бәрін бірінші рет көріп тұрғандай қарап, оны зерттеуге шебер. Әрбір адам баласы да өз ісіне дәл осылай қарауы керек. Ғажайып жасау үшін әдеттегі логика заңдарына бағынбайтындай ойлана білу қажет.

Бала қызыққұмарлығы

Балалар әрқашан әлем, айналадағы заттар, олардың қалай жұмыс істейтіні жайлы, сонымен қатар, айналадағы адамдар жайлы толық білгілері келеді. Олар өсіп, дамығанымен, көптеген ақпаратты есте ұстап, оларды бойына сіңіру секілді туа біткен қабілеттерін сақтап қалады. Сондықтан ересек адамдар кішкентай балалар сияқты ізденісте жүрулері керек. 

Ұлы өнертапқыштар

Балалар – өнертапқыш жандар. Олар әрдайым жаңа нәрсе ойлап табумен әлек. Кез келген затты тауып алып, оған жаңа функция ойлап шығаратыны бар. Туындаған проблемаларды да шешудің оңай жолын таба салады. Сондай-ақ, бала ешқашан қателесуден қорықпайды және де барлық нәрсеге өзінің жеке пікірі бар.

Тіл тапқыштық

Бала жазғы лагерьге кеткенде, ол бірінші кезекте өзіне дос табуға тырысады. Ал өскен айын адам бірте-бірте көппен араласу қабілетін жоғалта бастайды.

Кішкентайлар уақытты қалай қызық өткізу керек екенін де біледі

Балалық шақта төбеге шығып, одан велосипедпен түскен кездер есіңізде ме? Ең қызықты сәттер еді ғой? Адам өмірінде де сезімдер дәл осындай болғаны дұрыс. Қажет кезде тәуекелге бара білу керек. Өмірде де төбеден түскен секілді жоғары жылдамдықпен алға зымырап келе жатқаныңызды ұғынған дұрыс. Бірақ, екі қолыңызды рөлде ұстап, алдағы «кочкаларды» байқауды ешқашан ұмытпаңыз.

Балаға ақшадан тәтті артық

Балалар ақшаға қарағанда тәттіні артық көреді. Бұрын солай болатын. Бірақ, бұл жалақыны «сникерспен» төлеу керек деген ой емес. Өмірде табыс соңынан ергеннен гөрі, күлкілі де қызықты нәрселерді өз деңгейінде бағалай білу маңыздырақ.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: azattyq.org, news.headline.kz, kz.all.biz, voxpopuli.kz, mail.ru

Ж. FM