Ресми кездесу әдебі

Ресми кездесу әдебі

Қызмет бабымен ресми кездесуге не жұмысқа тұру жайлы әңгімелесуге бара жатырсыз делік. Әрине қорқыныш сезімі өзіңізді қадағалауға кедергі бола алады. Нәтижесінде артық қимылдар жасап, ерінді тістеп, жөтеліп, мансабымызды уайымның құрбаны қыламыз. Ресми кездесу әдебімен танысып, осындай оқиғаларда қандай әрекет жасауға болмайтынын біле жүріңіз.

  1. Орындықта шалқайып отыру. Немесе керісінше бүкірейіп, қолды айқастырып та отырмаңыз.
  2. Аяқты аяққа лақтырып отыру. Бұндай отырыс ыңғайлы болғанмен, сырт көзге сізді жабық, тұйық адам етіп көрсетеді.
  3. Иек не жақты алақанға тіреп отыру. Бір жағынан сіз шаршап, еш қызықпай отырғаныңызды көрсетсеңіз, екінші жақтан бетіңізді әжімдеп отырасыз.
  4. Бірінші сыныпқа келген оқушы сияқты қолды тізеге қойып отырмаңыз.
  5. Мұрынды қасу. Мұрныңыз шынымен қышып тұрса да, саусақпен мұрынды тартып қалудан аулақ болыңыз.
  6. Ерінді тістеу, ерінді жалау да сол сияқты.
  7. Шашты жөндеу, қолмен тарау, сипау. Бұл сіздің уайымдап отырғаныңыздың бірден бір белгісі.
  8. Кірген бөлменің интерьерін мұқият қарап, зерттеу де әдепсіз. Бір затқа көңіл аударып, оны шұқылап, ашып отырмаңыз.
  9. Белсенді ымдау. Еріксіз ымдау сырт көзге дөрекі көрінеді. Өзіңізді қолда ұстай алмасаңыз, алдын ала үйде жаттыққан жөн.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: huffingtonpost.ca

С. А