Ғалымдар: "Қызғаншақтық рахат сыйлайды"

Ғалымдар: "Қызғаншақтық рахат сыйлайды"

Қызғаншақтық, кекшілдік - жаман қасиеттер қатарынан. Олардың адамға әсері де теріс деп саналады. Алайда ғалымдар кезекті жаңалық ашып, қызғаншақтық рахатқа бөлейді деген тұжырымға келді. 

Италиядағы Пиза университетінің ғалымдары қызғаншақтық баулаған адам өшін алғанда оның ағзасында дофамин атты гормон мол бөлінетінін аңғарған. Ал бұл гормон адамның рахат сезінуіне әсер етеді екен. 

Сондай-ақ, ғалымдар тым қызғаншақ адамдарды осы қасиеттен емдесе болады деп айтады. Ол кез келген ауру сияқты дерт, және де оны дәрілер көмегімен жаздырса болады деп санайды.

Ал сіз қызғаншақсыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: pp-gold.blogspot.com

С. А