Қара көзділер сенімді болып көрінеді

Қара көзділер сенімді болып көрінеді

Ғалымдардың кезекті зерттеулер қорытындысы бойынша қара, қоңыр көзді адамдар басқаларға қарағанда сенімдірек көрінеді екен.

Зерттеу барысында көз түсі түрлі болғандарға түрлі тәжірибелер жүргізілді. Нәтижесінде сенімді болып көрінгендердің 60%-ы қара және қоңыр көзділер болып шықты. 

Мамандардың айтуынша, мәселе көздің түсінде емес, осы көз түсіне тән бет пішінінде екен. Қосымша зерттеулер бұл феномен тек көз түстеріне ғана емес, сондай-ақ қоңыр және қара көзділердің көзтартарлық, көзге түсерлік бет бейнесіне байланысты екенін дәлелдеді.

Сонымен қатар, зерттеу барысында ең сенімді бет иелері дөңгелек бетті жігіттер екені анықталды. Айта кетсек, әйелдер ерлерге қарағанда кемірек сенім тудырады екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: liveinternet.ru

С. А