Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жек көру деген не?

Жек көру деген не?

Жек көру деген не?

Жақсы көрген адам жек көре де алады. Біз әйтеуір біреуді іштей жаратпай, жақтырмай жүреміз. Оның арты жек көруге ұласып та жатады. 

Жақсы көрген адамыңды бір мезетте жек көруің мүмкін, және керісінше. Жек көрген адамды бір күні өліп-өшіп жақсы көріп кетсеңіз, бұл таңғаларлық жайт емес. Жек көру кейде махаббатты да жеңіп кететін күшті сезім. Он сегіз мың ғалам жек көру мен ашуға толы, өйткені, өмір - күрес...

Біз сүйе тұрып, жек көреміз. Жек көру бізге өмірмен күресу үшін үлкен энергия береді. Жек көру сенің мақсатқа жетуің үшін қызмет ететін ұлы сезім...Жек көру арқылы мақсатқа жетіп, жек көру арқылы қиындықты жеңе аласың. 

Жек көру - ыза, кек. Сүйікті адамыңды біреу тартып алып кетті. Жек көресің. Адам жек көре білу керек. Махаббат қашан да таза, пәк әрі ғажап сезім, ал жек көру сенің күшің. 


Жек көруге лайық адамды жек көріп, жақсы адамды сүюге энергия аласыз. Бәрін бірдей сүю мүмкін емес. Сондықтан, шын мәнінде өміріңе зиян келтірген адамды жек көре алу керек. 

Тарихта өз махаббаты басына бұйырмаған жандардың сүйікті адамын өз қолымен өлтірген жағдайлары көптеп кездеседі. Махаббат жек көрудің алдында әлсіз. 

Ешкімді жек көрмеуге тырысатын адамдар өзін-өзі жек көре бастайды. Мысалы, университетке түсуіңізге кедергі жасаған адам алдыңызға келіп, кешірім сұрады. Болар іс болды, аяушылық сезімі пайда болып, кешіре салдыңыз. Бірақ, жек көру бәрібір ішіңізде қалып қойды. Жек көретін адамыңызды кешіріп қойғаннан кейін, жек көру айналып өзіңізге келеді. Сөйтіп, өз-өзіңізді жек көресіз...

Ақылмен сүю деген бар, сол сияқты ақылмен жек көруге болады. Ақылмен жек көру өміріңізді құртатын әрекеттерге баруыңызға жол бермейді. 

Жек көруге лайық адамды ақылмен жек көре білейік...

Форумда талқылайық

Сурет: blogs.privet.ru

17104 22
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 ақпан 2012, 18:00
Пікірлер
+0
23 ақпан 2012, 19:41

жек көрген жаман ғой ) бірақ жек көрмесең тағы болмайды, жалпы өмір қарама-қайшылыққа толы...

+0
24 ақпан 2012, 10:18

Қазіргі жастар үлкенді сыйламайды! Үлкендерді жек көреді! Соған қынжыламын!

+0
24 ақпан 2012, 10:40

үлкендер өздерін сыйлата алмайды, мысалы сіздің мәнсіз, мағынасыз пікірлеріңізден кейін сізді қалай сыйлаймын???

+0
24 ақпан 2012, 10:50

Бізден бұдан басқа қандай пікір күтесіз? Мені жастармен салыстырмасаңызшы! Қазіргі жастар бізге қарағанда білімді го!

+0
29 ақпан 2012, 16:47

Амантай кажы мен сизди оте жек коремин, Сиз сондай жек кориништи адамсыз

+0
01 наурыз 2012, 09:58

33 жастағы апалар неге мені жек көресіздер? оданда маған тоқал болыңдарсаңшы

+0
23 ақпан 2012, 20:40

Рас-ау, Мені біреу қааатты жек көреді, ол бұрынғы жігітім

+0
24 ақпан 2012, 10:17

Шамасы оны себепсіз тастап кеткен шығарсыз???

+0
23 ақпан 2012, 21:07

Zhek koru degen kush dep oilamaimyn!keide bul kasiet keshirilmes kadamdarga aparuy mumkim!!!

+0
23 ақпан 2012, 21:08

Ешкімді жек көрме, оларға түк те болмайды....тек өзің қиналасың....менің қағидам!

+0
24 ақпан 2012, 10:05

"Өмір заңы екен ғой, кездесу мен қоштасу" дегендей, жек көру мен ұнату, сүйіспеншілік білдіру мен теріс айналу өмірдің заңы.

+0
24 ақпан 2012, 10:21

Кейбір жастар бір-бірлерін жек көріп кейін махаббат, отбасын құрып жатады го!

+0
14 наурыз 2012, 18:12

Бир адамды жек корсен, кейин сол адаммен жакын дос болып кетеди екенсин. (Бул бастан откен окига).

+0
24 ақпан 2012, 10:33

мен осы сайттағы біреуді жек көремін, ой екеу екен ғо қазір олар ))))))))

+0
24 ақпан 2012, 10:52

ой сіз кімді меңзеп отырсыз? Ашып ашып айтсаңызшы!!! Жасырмай, ұялмай???

+0
24 ақпан 2012, 10:41

Мақала жақсы жазылған. Әсіресе түйіні әдемі. Рас, кейде өміріңе зиян келтірген бір адамды жек көріп, кейін ол адам саған қайтадан көңіл терезесін ашқанда өзіңді жек көресің. Кейін оны жек көрмесеңде өмірде алдыңнан кездеспегеніңді қалайсың. Мой мирде тұрады. Ешқандай құттықтау хат жібермейсің. Жасыл жанып тұрады. Әлеміне де бас сұғып кіре алмайсың. Тіпті өшіріп те тастай алмайсың. Тек өзіңе ғана жының келеді. Бірақ, ол адамнан көп нәрсе үйренуге болады... Негізі жақсы адам. Осы мақаланы жазған адамға да рақмет!

+0
24 ақпан 2012, 13:32

Осы басыңыздан өткен адамыңызды мақала түрінде шығарсаңыз қайтеді?

+0
24 ақпан 2012, 15:11

Мен жек кормеімін,жек корудін орнына кек сактап каламын.Жек кору мен Кек алу бір ма?

+0
24 ақпан 2012, 16:26

Менің ойымша, өте орынсыз мақала. Мысалы мына сөз:

"Ешкімді жек көрмеуге тырысатын адамдар өзін-өзі жек көре бастайды.": Өте орынсыз сөз. Мен білсем, орыс сайтынан көшіріп алған болуларың керек. Менің ойымща, шындығында келгенде, адамның ішкі халі өте күрделі нәрсе. Жек көрмеуге тырысып жүрген адам өзін жек көріп кетер болса - ол өзінің ішкі психологиялық проблемасы.

Көңілді бұндай пиғылдардан сақтағандықтың физикалық та, рухани да пайдасын аталарымыз да, қазіргі ғылым да талай қақсап айтып жүр.

+0
29 ақпан 2012, 16:33

мен ешкимди жек коргим келмейди, бирак жек корип кете берем))

+0
02 наурыз 2012, 19:48

болады, кейбір адамдарға ішің жылымайды. Жек көру сол шығар,иә?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...