Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өз сүйгеніңнің гүлі бол...

Өз сүйгеніңнің гүлі бол...

Өз сүйгеніңнің гүлі бол...

АҚШ психологтары зерттеуіне қатысқан қыз-жігіттердің көзқарасы негізінде мынадай нәтижеге ие болған. Қыз бен жігіт махаббатасқанда бір-бірінен мынадай бес түрлі күйді талап етеді екен.

  1. Сенім. Қыздар жағы жігіттерге қарағанда сезімтал. Кішкентай дүниені оп-оңай ұлғайтып, ушықтырып жібереді. Бұл, әрине, қарсы жағына деген сенімсіздіктен келіп шыққан. Сенімсіздік күйі жігіт тарапына үлкен ауырлық түсіреді. Сондықтан, ару қыздарымыз пейілін кеңге салуы, жігітіне сеніммен қарауы және өзінің баурау қуатына да сеніммен қарауы керек деген пікір айтады мамандар. Айта кетер тағы бір жайт, сізге тиеселі дүние түптің түбінде сізге оралады, ал сізге бұйырмаған өмір сізден алшақтай бермек. Егер "жігітім сөзсіз қателеседі, менікі дұрыс" деген пікірде табанды тұрсаңыз, ең жақсысы бұл көзқарасыңызды жігітіңізге таңбаңыз, өйткені, махаббат мәңгілік. Ал, сіздің мәңгілік махаббатқа дейінгі сенімді қайта қолға келтіруіңіз екіталай.
  2. Барға қанағат. Кейде қыздар қауымы айналасындағы жағдайлар немесе нашар көңіл-күйі жайлы жігітіне мұңын төгіп, қайғысын айтады. Бұл жағдайда қыздардың ең жақын адамы ретінде өз жігітін жақын тартып бұл дүниелерді айтып жатқанын азаматтарымыз түсінбей қалуып, өзіне ауыр салмақ түскендей сезінуі мүмкін екен. Ендеше, өміріңіз және жігітіңіз сыйлаған барлық қуаныштар мен бақытқа қанағат етіңіз. Осы арқылы жігіттер өзінің сіздің өміріңізде қаншалықты маңызды орында тұрғанын біледі де тіптен талпынатын болады.
  3. Мақтау. Кей жігіттер кішкентай бала немесе сәби сияқты. Мақтансүйгіш болады. Оларды аздап, ретін тауып мақтап тұрудың да зияны жоқ. Себебі, олар сіздің осы мақтауыңыз бен жігерлендіруіңіздің арқасында өзіне тың күш алып, сіз үшін, екеулеріңізге ортақ өмір үшін күресетін болады.
  4. Мойындау. Жігіттер қауымы достары, туысқандары, тіпті бірге жұмыс істейтіндерден гөрі өз сүйген адамының өзін мойындауына үлкен назар аударады. Оның бойындағы талантты, білімді, күш пен қуатты мойындаңыз. Егер жігітіңіздің өзіне деген сенімі мықты болмаса, ол бір күні сізді де тастап кетуі мүмкін.
  5. Жақын үнсіздік. Үнсіздік ең жақсы әңгіме. Екеуара келіспеушіліктер туылып, ренжіскен кездеріңізде оның кеудесіне басыңызды қойып, үнсіз жүрек соғуын тыңдаңыз, құшағыңызға қатты қысыңыз. Аздап көз жасыңызға ерік берсеңіз де болады. Бұл сіздердің тілмен айтып жеткізе алмайтын махаббаттарыңызды әйгілейтін жақсы құрал болмақ.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: voxpopuli.kz

3406 8
Рейтинг: +8

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 21 қаңтар 2013, 15:10
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2013, 15:39

"Үнсіздік ең жақсы әңгіме" ырас!

+0
21 қаңтар 2013, 15:47

Мақтау жетіспейді расында. Мойындау да ерлік!

+0
21 қаңтар 2013, 15:54

Алдымен дарыныңды мойындап, артынан мақтап мақтап жіберсе далиып жатып қалатын шығармыз ә. Қыздарға осы қулықты бекер үйреттіңдер-ау деймін. Мақтап мақтап шуба алғызып алады ғой енді. :)))))

+0
22 қаңтар 2013, 01:59

бәрі де мүмкін!!!)))))))))))))))))

+0
21 қаңтар 2013, 16:55

жакын унсiздiк-жакындата туседi. Мактап турганда маркайтады. Сенiм-сезiмдi ныгайта туседi. Мойындау-ерлiк, арi сенiмге серiк.

+0
21 қаңтар 2013, 17:44

еххх....

+0
21 қаңтар 2013, 18:04

1,2,3,4 ті қатты қолдаймын!!!

+0
25 қаңтар 2013, 00:56

Соңғысы тіптен керемет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...