Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ата-аналарға айтуға болмайтын сөздер

Ата-аналарға айтуға болмайтын сөздер

Ата-аналарға айтуға болмайтын сөздер

Кеше ата-аналардың балаларға айтуға болмайтын сөзі жайлы жазылған екен. Бүгін балалардың ата-анасына деген көзқарасы жайлы тоқталып көрелік. Ата-анаға айтуға болмайтын миллионнан астам сөз бар шығар. Көңіл шарайнасына сызат түсіріп алу бір-ақ сәт. Ал оны жуып-шаюға бір ғұмырың жетпей қалады кейде...

Жұмыс бар ма? Болмаса телефонды қойдым...

(Бауыр еті баласын сағынып, дауысыңды естіп қуанып отырған ата-анаға бұл сөз қаншама ауыр тиетінін білесің бе?! Оның телефон тұтқасын қойғаннан кейінгі көңілі жасыған халін сен ешқашан ойлап жете алмайсың ғой)

***

Болды, болды. Ұқтым, неге айта бересіз...

(Саған алаңдайды, жаман болсын демейді ғой ешқашан)

***

Айтқаныммен бәрібір түсінбейсіз. Сұрамай-ақ қойыңызшы!

(Білгісі келген, жаңа заман ауқымын түсінбеген ата-анаңа сабырлықпен түсіндірсең нең кетер еді?!)

***

Бұлай істемеңіз деп қанша рет айттым. Бәрібір қатырмайсыз. 

(Шамасы жетпеген, қолынан келмеген істерді істеуге талпынғанда оларды аялаймын деп бұлай айту - жарамсызсың, қолыңнан түк келмейді дейтіндей әсер беретінін ұмытпаған жөн)

***

Ой, бұл ескілік қой. Қазір қай заман.

(Жаңа заманның ұрпағысың. Олардың ақылы қажетіңе жарамаған күнде де бұлай тойтарыс беру ата-анаңа обал жасағандық емес пе?!)

***

Бөлмемді жинастырмай-ақ қойыңыз. Міне, іздеген нәрсемді таба алмай дал болып отырмын!

(Бірде анама осылай айтып ем, үнсіз ғана шығып кеткен бейшара анамның көз жасын сығымдап бара жатқанын байқап қалдым... )

***

"Мынаны же, ананы же" деудің не керегі бар. Неге тәбетім тартады өзім білем ғой.

(Дәл осы сөздің өз балаң өмірге келіп, ержете бастағанда ас мезгілінде күн сайын айтатын боласың. Өмір алма-кезек, бауырым!)

***

Өз талғамым бар, зарлай бермеңізші!

(Осыншама ауыр сөзден кейінгі анаңның үнсіз қалғанын, оқыс орнай қалған тыныштықты елестетіп көрші. Сол бір сәт өзіңді ғұмыр бойы мазалайтын болады әлі)

***

Қажетсіз нәрселерді қоқсытып, жинай беріп не қыласыз! Қоқысқа тастай салыңызшы!

(Ата-анаңның естелік үшін саған қатысты нәрселерді жинап қойғаны кінә емес қой. Олар өмірден өткен соң өзің айтқан “Қажетсіз нәрселер” көз алдыңда тұрса, дәл осы сөзің есіңе оралатын болады)

Ата-ана жаныңда жүрген бақытың, жүрегіңдегі ең таза, мөлдір асылың. Кірлетіп алудан абай болғайсың!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: tooopen.com

3910 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 18 қаңтар 2013, 18:26
Пікірлер
+0
18 қаңтар 2013, 18:55

Жо-жоқ, бұлай демеймін! Анам жәудіреп махаббатқа толы көзімен қарап тұрғанда қалайша қатты сөйлей аламын?!

+0
18 қаңтар 2013, 19:05

Сонда мынадай сөздерді ата-анасына айтатын адамдардың болғаны ма?! :shock:

+0
18 қаңтар 2013, 22:25

бар болғаннан кейін да....... өз көзіммен көргендер де бар

+0
18 қаңтар 2013, 21:41

Екіншіні :oops: айтам

+0
18 қаңтар 2013, 22:27

жазба үлкен әсер қалды. Рахмет, Қайсар аға)

+0
18 қаңтар 2013, 23:06

2 мен 3ті айтқаным бар, енді айтпайм

+0
18 қаңтар 2013, 23:34

Жоғарыда айтылған сөздердің бірін де шешеме я әкеме айтып көрмеппін

+0
19 қаңтар 2013, 03:10

байқалмай айтылып қалатын сөздер ғой. озіміз де байқамай қаламыз кейде. енді айтпаспын.

+0
21 қаңтар 2013, 09:32

Atana istegen,aldyna keledi :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...