Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жұмысқа қабылдау кезіндегі сұрақтар

Жұмысқа қабылдау кезіндегі сұрақтар

Жұмысқа қабылдау кезіндегі сұрақтар

Бүгінде бәрінің арманы ірі компания қызметкері болу. Алайда, ірі компанияларға жұмысқа қабылданудың қаншалықты қиын екендігін кейде естен шығарып жатамыз. Жеке меншік компанияларға жұмысқа орналасу үшін ең бастысы - сұхбаттан өту.  

Ірі компаниялардың жұмысқа қабылдау кезінде қоятын ерекше сұрақтарын ұсынамыз: 

Егер сізді қарындаштың көлеміне дейін кішірейтіп, қорамсапқа салып қойса, сіз одан қалай шығар едіңіз? - Goldman Sachs.

АҚШ елінде соңғы 10 жылда не болғанын маған айтып берсеңіз - Boston Consulting.

Ондық шкала бойынша өзіңіздің адекватты еместігіңізді көрсетіңізші - Capital One.

Компьютерді қолданусыз пілдің салмағын қалай бағалайсыз? – IBM.

Осы бөлмеге сіз қанша баскетболшыны сыйдыра аласыз? - Google.

Төбелес өнерінің философиясы деген не? - Aflac.

Егер әр болжамға «төмен» не болмаса «жоғары» деген жеңілдік алар болсаңыз, бірден мыңға дейінгі аралықта жасырылған санды табуға қажетті минималды мүмкіндік санын айтыңыз  - Facebook.

Егер сізде қалаған супербатырыңыздың кейпіне ену мүмкіндігі болғанда, ол кім болар еді? - AT & T.

Жарыстың 5623 қатысушысы бар. Жеңімпазды анықтау үшін қатысушылар қанша ойын ойнау қажет? - Amazon.

Сіздің туған күнге арналған тортыңыз бар және оны бірдей 8 бөлікке бөлу қажет. Бірақ, сіз тортты тек 3-ақ рет кесе аласыз. Тортты қалай 8 бөлікке бөлесіз? - Blackrock.

Сіздің қолыңызда 8 мәнет бар. Жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуінің салмағы басқаларына қарағанда жеңілдеу. Үш мүмкіндікте жеңілдеу мәнетті табыңыз - Intel.

Неге халықтың кішкене пайызының ғана жылдық табысы 150 мың доллардан жоғары? Қалай ойлайсыз? - New York Life.

Алма 20 цент, апельсин 40 цент, грейпфрут 60 цент тұрады. Сонда алмұрттың бағасы қанша? - Epic Systems.

M & M’s қалай жасалды? - US Bank.

Көкеңіздің пиццериясын мұра ретінде алсаңыз, не істер едіңіз? - Volkswagen.

Ал сен осы сұрақтарға жауап бере аласың ба?

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: romantic-advice.ru

2515 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 16 қаңтар 2013, 18:06
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2013, 18:10

Google-дің қойған сұрағы қызықтырды :roll:

+0
16 қаңтар 2013, 18:39

Неге оқыдым???? Кейінің жауабын білгім кеп кетті ал...

+0
16 қаңтар 2013, 18:48

Алма 20 цент, апельсин 40 цент, грейпфрут 60 цент тұрады. Сонда алмұрттың бағасы қанша? - Epic Systems. ЖЫНДЫ СҰРАҚ :lol: :lol:

+0
16 қаңтар 2013, 21:25

10 цент алмұрт

+0
19 қаңтар 2013, 21:15

менің ойымша, алмұрт бағасы 40 цент

+0
16 қаңтар 2013, 21:10

Сіздің туған күнге арналған тортыңыз бар және оны бірдей 8 бөлікке бөлу қажет. Бірақ, сіз тортты тек 3-ақ рет кесе аласыз. Тортты қалай 8 бөлікке бөлесіз? - Blackrock. қалайша бөлуге болады?! :)

+0
16 қаңтар 2013, 21:46

оп оңай ғой тортты ортаға қоямыз торт 4бұрышты ненмесе дөңгелек болсын делік. дөңгелек тортты қарастырайық: ортаға қоямыз әуелі тортты кез келген жерінен теңге бөлеміз сосын соган қара ма қарсы тагы бөлеміз 2 рет тілдім сосын тортты қапталынан немесе жанынын екіге бөлесін тусінбегендерді мына жерде күтем don.florentino.peres@mail.ru

+0
16 қаңтар 2013, 22:50

6-ақ бөлік болады қалай кессеңде

+0
16 қаңтар 2013, 22:58

мына жерге сурет коя алам ба корсетейн калай екейн суретти калай коятыны айтып жибериндер биреуин

+0
16 қаңтар 2013, 23:02

пікір жазатын жеррге сурет қоя сал

+0
16 қаңтар 2013, 23:23

қойылмайды ғой

+0
19 қаңтар 2013, 21:02

Мүмкін жауабы осы болар: тортты 8 бөлікке бөлу. шартын оқысақ тек қана 8 бөлік делінген ең бірінші тортты қырынан (қарағанда төртбұрыш) ортасынан кесеміз. Сонда үстіңгі және астыңғы бөлік шығады. оны тенестіріп қоямызда үстінен 2 рет кесу арқылы 4ке бөлеміз. Тортымыз үстіңгі 4 бөлікке астыңғы 4 бөлікке бөлінген. міне осылай жауабы. ал бұл торт емес десеңіз шартында айтылмаған 8 бөлік торт деп, тек қана 8 ге бөлінсін делінген.

+0
16 қаңтар 2013, 21:42

Қиын әрі қызықты сұрақтар екен.

+0
16 қаңтар 2013, 22:25

Еріккен сұрақтар ғой мынау

+0
17 қаңтар 2013, 01:24

жақсы мақала екен.

+0
17 қаңтар 2013, 09:55

шынымен осындай сұрақтар қойыла ма?!

+0
17 қаңтар 2013, 10:59

тортты бөлікке бөлуді қалай да табам :x

+0
19 қаңтар 2013, 21:09

интелге жауап 8 мәнет Жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуінің салмағы басқаларына қарағанда жеңілдеу. әрине 7еуінікі қарағанда біреуінікі жеңіл себебі оң қолыңа 1 мәнет ұстап тұрсаң қалғанын сол қолыңа жетеуін ұстасаң оң қолыңдағы мәнет жеңіл ғой? барлық мәнеттің салмағы бірдей))) мен осылайша жауап берер едім!!! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...