Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өміріңіз өкінішсіз өтіп жатыр ма?

Өміріңіз өкінішсіз өтіп жатыр ма?

Өміріңіз өкінішсіз өтіп жатыр ма?

Соңғы уақытта түсінгенім, біз тіршілік көшімен бірге ілесеміз деп, кейін өкінетін жағдайларға мән бермей өтеміз. Тапырақтай жөнеліп, әйтеуір бір ел-жұрттан қалмас әрекетке барамыз. Алдағы арман-мақсаттарымыз жайында қалған. Есіңізге түсіріңізші, жұмыстан қашан уақытында қайттыңыз, қай демалыс уақытында шын мәнінде демала алдыңыз? Ойлануға тұрарлықтай дүние ме?

Бұл жазба өмірден кетуіне бір-ақ қадам қалған жандардың өкінішінен құралған. Сіз білмеуіңіз мүмкін, бірақ дәрігерлер өлімге жазған науқастар мен қарттардың жағдайын жақсарту ісімен, көңіл-күйін көтерумен айналысатын арнайы маман бар. Өлім құшқан, құшатын жандармен бірге өткізген әрбір сәттердің қаріп боп қауым көзіне қасіретті елестететін ұлы өкініштер мыналар екен...   

1. Өзімнің емес, өзгенің менен күткен өмір салтымен өмір сүргеніме өкінемін...

Бұл өкініш қартайып, қайтыс болар алдында айтылатын ең көп сөздің бірі. Өмірді өткерген адам өткеніне қарап, қандай арман-мақсаттары орындалмай қалып кеткенін оңай-ақ көре алады. Ең бірінші уайым – денсаулық. Адам денсаулықтан айрылған соң ғана оның қадірін білмек...

2. Мен көп уақытымды жұмыс жасауға арнағаным үшін өкінемін...

Бұл өкініш ер науқастардың негізгі сөзі болған. Күн көру үшін, тамақ табу үшін сергелдең болған күндері үшін өкінетінін ерлер қауымы айтса, әйел адамдар өзінің әрбір майдалығы үшін қиғылық салғанына өкінеді екен.

3. Өзімнің сезімімді жеткізуге батылдығымның болмағанына өкінемін...

Көп адам қарым-қатынасты дұрыс құрмағанына, ойын ашық жеткізе алмағаны үшін өкінеді. Өмірін қысқартқан дерттің көбі ашу, ыза, кек секілді жаман ойлардан болғанын түсінгендер де аз емес. Адам жаманнан жиреніп, жақсы оймен өмір сүру керек.

4. Кіммен араласып, кіммен араласпау керектігін білмегенім үшін өкінемін.

Адам өзінің шын мәніндегі айнымас досын іздемегеніне өкінген. Егер белгілі бір досын соңғы рет көріп тұрғанын білсе, әрбір пенде оның барлық жақсылығын біліп, қимастық сезімде болар еді. Өлер алдында адам достарын сағынғанын айтып, оларды көргісі келген. Адам ақшаға да, әлеуметтік статусқа да ұмтылады. Бұл мүдденің қасында дос, туысқан, бауыр секілді ұғым мәнін жоғалтуы мүмкін. Бірақ ақтық сапарда ақша мен байлық құр күйбеңнің әуресі екені белгілі болады.

5. Өзімнің бақытты болуыма қадам жасамағаныма өкінемін...

Барлық адам дәл осы өкінішті айтып шыққан. Олар ғұмырында бақытқа жету үшін кішкене ғана тер төксе жетуге болатынын түсінбеген. Сол бір аз ғана сынақты өте алмағандықтан, өмірінің ең басты өкінішіне балау ең көп таралған уайым болып шықты.  

Оқыдыңыз ба, ойланып көріңіз: маңызды бір жағдайды өткізіп алған жоқсыз ба?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

3563 24
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 16 қаңтар 2013, 18:49
Тегтер: өкініш, өлім, өмір,
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2013, 17:13

Өкінішсіз адам болмас. Әр нәрсе өз жөнімен секілді. Көп уақытымды текке өткізіп алғаныма ішім ашиды

+0
16 қаңтар 2013, 17:21

Өмірде "әттеген-ай" деген сәттер аз болса екен

+0
16 қаңтар 2013, 17:25

Ештеңеге өкінбеймін.

+0
16 қаңтар 2013, 21:46

осылай жазғаныңызға өкініп қалмаңыз :|

+0
16 қаңтар 2013, 21:49

Өкінбеймін, өкінбеймін және тағы да өкінбеймін. Алдымен менің жасыма жетіп алыңыз, сосын барып маған ақыл үйретіңіз!

+0
16 қаңтар 2013, 23:31

кешіріңіз мен сізге ақыл айттым деп ойламаппын кешіріңіз :(

+0
16 қаңтар 2013, 17:28

Ардақ, өкінбеймін. Шын айтам. ;)

+0
16 қаңтар 2013, 17:28

Кітап оқымаған әр күніме өкінемін. Жалпы жақын-жолдастарыма құрмет көрсете алмағанымның өзі таудай өкініш...

+0
16 қаңтар 2013, 18:00

сәтімен өкінем, өмірбақилыққа создырып өкінбеймін...

+0
16 қаңтар 2013, 18:53

Уақыттың менің қолымда емес екендігіне өкінем. Әттең...

+0
16 қаңтар 2013, 21:24

. Өзімнің бақытты болуыма қадам жасамағаныма өкінемін... деп мен окініш білдірмейтін шығармын деп сенемін сол шешімді тандасам да

+0
16 қаңтар 2013, 21:27

Салем :)

+0
16 қаңтар 2013, 22:22

Өмір болған соң, өкініш те болады ғой!!!....

+0
16 қаңтар 2013, 22:24

Әлі жаспын ғой...адал дос табармын мүмкін болса, өкінетінім бағыма қонған басқыт құсын ұшырып алсам қайтем.!(( Ол менің бар өмірімді мәнді ететін үмітке жетелейтін құс емес пе!Бұл бір күрсініп осы шығар мүмкін....деп жауап бере салатын сұрақ емес қой.Не болсада, барлығыңыөға айтарым кез келген мүмкіндікті құр босқа жібермеңіздер,

+0
17 қаңтар 2013, 09:44

Өкінбейтіндей өмір сүруге тырысып жүрмін

+0
17 қаңтар 2013, 10:02

Кіммен араласып, кіммен араласпау керектігін білмегенім үшін өкінемін

+0
17 қаңтар 2013, 14:29

ештеңеге өкінбеуге тырысамын. бірақ, уақытты тиімді пайдаланбағаныма өкініп жүрмін

+0
17 қаңтар 2013, 14:44

ештеңеге өкінбеуге тырысамын. бірақ соңғы кезде жұмыстағы Мөлдірге қомақты қарыз бергеніме өкінемін :o :x

+0
17 қаңтар 2013, 17:04

Ал мен анам жанымда жүрген бақытты күндерім қайта келмейтініне қатты өкінемін, ата-анамыз бен бауырларымызды бағалайық!

+0
19 қаңтар 2013, 00:30

Мен ана суреттегі қыз сияқты қызды құшақтап отырсам, ә? :)

+0
19 қаңтар 2013, 01:14

Өкіну қатеңді мойындау

+0
19 қаңтар 2013, 21:28

өкінбейтін өмір өткіздім деудің өзі қателік,онда сен данышпан болганын гой :)

+0
19 қаңтар 2013, 21:43

Айтады ғой "Өмірде өкінбеу керек" деп...сондықтан өкінбеу керек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...