Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Шабыт шақыру жолдары...

Шабыт шақыру жолдары...

Шабыт шақыру жолдары...

Америкалық дизайнер, музыкант және танымал блоггер Алекс Корнелл (Alex Cornell) шығармашылық дағдарысқа ұшыраған. Ол бұдан кейін ойлау үрдісі өзгеше, жаңашыл адамдарды іздеуге кіріседі. Тауып-таппағаны бар, әйтеуір солардың мықты деген кеңестерін тыңдапты. Оларға қойылған сұрақ мынадай болған: «Күнделікті тіршілікті ұмытып, шығармашылықта қандай жолдармен шабыттанасыз?»

Николас Фельтон – графикалық дизайнер

- Мен жаңашылдықтан айнып кетпеуім үшін бірнеше амалдарды қолданамын. Мен өмірімдегі жұп жылдарда (2006, 2008, 2010 ж.) тынбай еңбектенемін де, ал тақ жылдарда (2007, 2009, 2011 ж.) бар уақытымдысаяхаттауға жұмсап, түрлі қызықты жобаларға қатысамын. Мұндайдан кейін басыңда неше түрлі қиял-ойлар жүреді. Шабытым осыдан пайда болады...

Том Мюллер – графикалық дизайнер


- Әбден жауыр болып кеткен «Қарапайым заттардан-ақ шабыттана аламын» демейін. Бірақ расында да, әрбір қарапайым заттан, құбылыстан, іс-әрекеттен жаңа ой туады. Десек те, мен шығармашылық дағдарысқа көп түсе бермеймін. Басымда 2-3 жылға дейін таусылмайтын жаңа әрі креативті ой-идеялар өмір сүреді. Дағдарыс негізінен өз ісіңнен жиренуден пайда болады. Бастысы жалқауланбау керек.

Эндрю Кавасаки – эротикалық көркемсуретші


- Шығармашылық түгесілу өз ісіңнен басқа дүниеге бас қатырудан басталады. Зеректік пен зейін қоя алмаушылықтан. Шашыраңқы бір ойлардан құтылу үшін жұмыс барасында мен ән тыңдайтынмын. Бұдан кейін тіпті жаңалықтар тыңдайтын болдым. Бұл іс миымның екі бөлігіне де тынбай жұмыс жасатып, өзге бір ойлармен әуре болмауыма септігін тигізеді.

Кхой Вин – NYTimes.com дизайнерлер тобының басшысы

Көп оқу мен көп сурет салу. Кітап оқу – ой-қиялдар мен идеяларыңды толықтыру деген сөз. Сурет салу – миыңдағы сол білімдердің оянуы мен қызмет жасауы. Тіпті болмаса, ұялы телефоныңыздың қоңырауын басқа әнге ауыстыру керек. Ал бұл көмектеспесе жұмысыңды жылдам жасаған дұрыс. Әйтпесе дым да шықпайды.

Келли Густавсон – фотограф


Егер мен шабыттың жоқтығын білсем, бәрін де «лақтырамын». Өз-өзіме тайм-аут алуым керек. Мен көбіне еңбек демалысын аламын да адамдарды бақылап, әндерді тыңдаймын. Шабыттануым үшін мен жұмыстан босауым керек.

Эрик Спикерман – Германияның аты аңызға айналған типографы


6 жолы бар...

     1. Қаш. Өзге бір іспен шұғылдан. Күнделікті, дәстүрлі жұмысыңнан қаш.

     2.  Ойлан. Өзіңді еркін ұста да ойға беріл.

   3. Зертте. Материал ізде. Өзіңнің бұрынғы жұмыстарыңды бір қарап шық. Google көп уақытты алатынын ұмытпа.

     4. Жина. Қоқыстың ішінен керекті зат та табылуы мүмкін.

     5. Сыз. Әрнәрсенің келбетін, көлемін сызып көр. Қарапайым заттардың өзі жаңашыл ой тудыруы мүмкін.

     6. Бұрынғы жұмысыңды қайта бір жазып шық. Ерінбе.

Джи Ли – Google Creative Labs компаниясының директоры


Шығармашылық тоқырау болса, мына істермен айналысамын:

- Көп уақыт суға шомыламын.

- Тазалықпен айналысамын.

- Бұл да көмектеспесе, мотоциклмен жол жүремін.

- Жұмысым туралы тіпті де ойламаймын.

Адам болған соң тұрақты түрде жетістікке жете беру мүмкін емес. Шығармашылық дем мен шабытыңыз таусылған сәтте сіз қандай амал-тәсілді қолданасыз?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

3622 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 16 қаңтар 2013, 13:00
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2013, 13:34

қызық екен... өз басым шабытқа сенбеймін.

+0
16 қаңтар 2013, 13:35

Музыка тындаймын

+0
16 қаңтар 2013, 13:40

Джи Лидың кеңестері қатты ұнады. Мен солай еткім келіп кетеді кейде. Бірақ мүмкіндік жоқ қой...

+0
16 қаңтар 2013, 14:22

Кітап оқу керек-ау... Ойдан ой туады сосын.

+0
16 қаңтар 2013, 14:29

Бастысы жалқауланбау керек

+0
16 қаңтар 2013, 18:23

МЕн озим музыкантпын!Ар адамның озинин аркасы бар десем болад.Енди шыгып кележаткан композитормын.менин ойыма ән келед,бірақ әннін әдемілігі қандай ол оз козиммен корген жерге байланысты шыгад...

+0
16 қаңтар 2013, 23:46

:geek: :geek: :geek:

+0
17 қаңтар 2013, 09:44

киноға барып шабыттанам көбіне

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...