Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Махаббат жайлы...

Махаббат жайлы...

Махаббат жайлы...

Махаббат әрқашан тек ғашық болғандардың арасында ғана емес, жалпы әлемдегі барлық адамға, оның ішінде байлар мен кедейлерге де, базарда тұрған саудагерлерге де, ғылым қуған ғалымдарға да, ойшылдар мен ақын, жазушыларға да ең қызықты тақырыптардың бірі болып келді. Және солай қала беретіні сөзсіз. Сондықтан бұл жолы да махаббат тақырыбын қозғауды жөн көріп отырмыз. Ендеше кеттік!

19 ғасырда Мери есімді француз химигі адам қанында темірдің барын анықтайды. Дәл сол сәтте сүйіктісіне сезімін білдіре алмай жүрген Мери ғашығына қан құрамындағы темірден сақина сыйлауды шешеді. Алайда, оның бұл әрекеті қайғылы жағдаймен аяқталады.

Мексика елінің ежелгі билеушісі, атақты Монтесума сүйіспеншіліктің ең әсерлісі –  шоколад деп сенген. Сондықтан болар, алты жүз әйелімен кездеспес бұрын, ол алдымен 50 шыны сұйық шоколад ішіп алады екен.

Ғалымдардың пайымдауынша, жігіттер үйленуге дейін шамамен 7 рет ғашық болып үлгереді екен.

Өмірде ешқашан ғашық болып көрмегенін айтып бағатын адамдар жеткілікті. Ал мұндай күйді ғылым тілімен айтқанда гипопитуитаризм дейді. Ал қазақтың қарапайым сөзімен айтқанда, бұл сүйіспеншілік сезімін сездірте алмайтын айтарлықтай сирек кездесетін ауру түрі. Қысқасы «тормоздар».

Сүйікті адамы қабыл алмағандықтан көңіл-күйі жоқ студенттердің психикасын зерттеу кезінде физикалық ауруды анықтайтын ми бөлігінің шамадан тыс белсенділігі байқалған.

Қысқа мерзімді қарым-қатынас мәселесіне келгенде жігіттер қыздарға қарағанда анағұрлым сабырлы болатыны байқалған. Алайда, өмірлік жар іздеуге келгенде жігіттен асқан кірпияз адам табылмайды екен.

Махаббат, жігіт пен қыз арасындағы қарым-қатынас саласындағы басты психолог деп бүгінгінің қыздарын айтуға болады. Себебі, бүгінгінің қыздары күні-түні жатпай-тұрмай махаббат жайлы роман, хикаяларды, газет-журналдардағы сүйіспеншілік сезім жайлы жазылған мақалаларды, жалпы махаббатқа қатысты кез келген нәрсені күніне беттеп емес, томдап оқитын болды. Бос уақытының бәрін құрбыларымен тағы да махаббат жайлы әңгімелесумен өткізеді.

Қорыта айтқанда, кітаптан оқитын ұлы махаббат бүгінде үлкен тапшылыққа айналып отыр. Сол себепті, құрметті қазақ жігіттері мен нәзік жанды қыздары, бір-біріңізге қыстың суық күндеріндей мінез танытпай, жаздың жайма-шуақ күніндей күлкі сыйлаңыз. Неге десеңіз, әлемді құтқаратын тек махаббат емес пе?!

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vk.com

16268 11
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 15 қаңтар 2013, 21:08
Пікірлер
+0
15 қаңтар 2013, 18:02

Қысқасы «тормоздар» :)

+0
15 қаңтар 2013, 18:24

«тормоздар» :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
15 қаңтар 2013, 18:25

жігіттер үйленуге дейін шамамен 7 рет ғашық болып үлгереді екен. дегені рас екен :lol: :lol: :lol:

+0
15 қаңтар 2013, 19:15

жақсы дүние жазылыпты. Расында да, әлемді құтқаратын махаббат, сүйіспеншілік, өнер!

+0
16 қаңтар 2013, 04:30

әлемді құтқаратын сұлулық емес па еді ????

+0
15 қаңтар 2013, 19:35

адамды құтқаратыны сөзсіз махаббат пен адалдық!!!

+0
15 қаңтар 2013, 23:34

Хе хе тормоз емес екем

+0
16 қаңтар 2013, 10:32

кеше театрға бардым, "Мөлдір махаббат" қойылымын тамашалау үшін, махаббаттың жоқ екенін тағы да бір рет көрсете білді :(

+0
16 қаңтар 2013, 10:37

театрда казир койымлымдар болып жатыр ма?Ауезовте?Интернетте койылымдар тизими жанартылмаган,тусиниксиз,болып жатыр ма жок па :(

+0
16 қаңтар 2013, 12:10

иә, сайттағы репертуар әлі жаңартылмаған, бірақ, телефонға хабарласып білсеңіз( 378 54 00,) немесе тетар сыртына ілінетін афишаларға қарап білуге болады. Әуезовта қойылымдар тоқтаған жоқ ;)

+0
16 қаңтар 2013, 12:33

base,demek men baska nomirge zvondagam,teatrdan alys turam,jol-jonekei kore salaiyn desem afishany,rahmet ulken :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...