Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өз-өзіңді еркелетудің 5 жолы

Өз-өзіңді еркелетудің 5 жолы

Өз-өзіңді еркелетудің 5 жолы

Бүгін біз өзімізді өзіміз еркелетудің жолдарын қарастырамыз. Өзімізге де көңіл бөлетін кез жетті. Ауыр жұмыс күні сізді шаршатса, мына кеңестерді пайдаланыңыз.

Көпіршіктелген ыстық ванна қабылдап тұрыңыз

Күрделі жұмыс күні шаршатса, көпіршіктелген ыстық ванна сіздің көңіліңізден шығуы мүмкін. Бәрін ұмытыңыз! Сізде ертең маңызды кездесу болса да, бүгін бір жанды қатты ренжітіп алсаңыз да, бастығыңыздан ұрыс естісеңіз де... Ой сізді шаршатқан болар. Одан да сүйікті иісіңізбен балауыз шамын жағып қойып ванна қабылдаңыз. Қала шуы мен машиналар дауысы естілмес үшін сүйікті музыкаңызды қосып қойыңыз. Тек әуен жай болғаны дұрыс. 

Сәнді жаңа киім сатып алыңыз

Жұмысыңыз өсіп, қосымша сыйақы алдыңыз ба? Ал үстіңізде - 2012 жылдан қалған "ескі" киім! Әріптестеріңіз сіз кеңсеге кіріп келгеннен қандай киімде келетініңізді елестетіп отыратын болар. Адамның көркі болған шүберегіңізді жаңартыңыз. Тек бес күн ғана қызығын көріп, кейін бір жерінен кемшілігі пайда болатын арзан бағадағы киімдерге жоламауға тырысыңыз. Одан да қымбаттау киім іліп алыңыз. Әрине, қалтаңыз көтерсе... Дүйсенбіден жұмаға дейін үй бетін көрмей еңбектенесіз! Еңбегіңіз жанып, жақсы жалақы да алып отырсыз. Неге киіміңізді жаңартып, өзіңізді өзіңіз еркелетпеске?

Сұлулық салонына барып тұрыңыз

"Соңғы рет мұнда қашан бас сұғып едім?" деп ойланып отырсыз ба? Тойға баратын кезде ме? Ал тойға бармағаныңызға қанша болды? Көп! Демек сіз бұл орынға анда-санда бас сұғасыз. Тек бет тазалатып қана қоймай, тырнақтарыңызға, шашыңызға да көңіл бөліңіз. 

Дәмді тағам әзірлеңіз

Ас мәзіріңізде бұрын болмаған тағамды дайындаңыз. Күнделікті астан ығырыңыз шықса, жаңа бір дүниені ойлап табыңыз. Ол үшін интернет пен кітапқа үңілудің қажеті жоқ. Шамаңыздың келгенінше өзіңіз жаңа тағам жасап шығарыңыз.

Сүйіктіңізбен кездесіңіз

Күрделі күннің ауыртпалығын басудың бірден-бір жолы - сүйікті жанмен кездесу. Оған күніңіздің қалай өткендігін айтыңыз. Өзінен де сұраңыз. Болмаса болашақ жайлы сыр шертіп қиялдау арқылы тынығыңыз. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: vk.com, supercook.ru

3409 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 15:08
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 16:12

Сұлулық салонына кеттім

+0
18 қаңтар 2013, 02:10

керемет кенестер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...